Сайтқа кіру Тіркелу

Ойыншықтар бізде қонақта

Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ойыншықтар бізде қонақта»
Мақсаты: Балалардың тілдік қатынас дағдыларын дамыту. Күз мезгілі туралы түсініктерін бекіту. Ойыншықтар туралы түсінік беру. Мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Ойыншық - игрушка. Қонақтар - гости.
Сабақтың барысы: Топтың іші әдемі шарлармен безендірілген. Балалар екі қатар орындық үстінде отыр.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіңдерме балалар! Қане барлығымыз орнымыздан тұрып бізге қонақ болып келіп отырған апайлармен амандасып алайықшы.
Жылулық шеңбері
- Амансың ба алтын күн!
- Амансың ба достарым!
- Амансыз ба апайлар,
Тілейміз сіздерге жарқын күн!
Тәрбиеші: - Рахмет балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
Балалар: - Күз деп жауап береді.
Тәрбиеші: - Күз мезгілінің ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
Балалар: - Күзде күн суыта бастайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар сарғаяды – деп жауап қайтарады.
Тәрбиеші: - Өте жақсы. Балалар бізге Сәуле деген қуыршақ қонаққа келіпті.
Сәуле бізге жалғыз келмепті. Ол өзінің көптеген ойыншық достарын ерте келіпті. Қане мұқият қараңдаршы. Сәуленің ойыншықтары пластмассадан, резинадан, мақтадан, ағаштан жасалған екен.
- Мынау үй жануарлары ит, сиыр, қой. Бұл ойыншықтар резинадан жасалған екен.
- Ал мынау машина. Ол пласмассадан жасалынған екен.
- Ал мынау қонжық. Ол жұмсақ мақтадан жасалыныпты.
Тәрбиеші: Біз бұл ойыншықтардың бәрін қайдан аламыз?
Балалар: Дүкеннен деп жауап береді.
Тәрбиеші: Ал, ойыншықтардың барлығын ойыншық жасайтын фабрикаларда жасайды. Ол жерде үлкен ағалар, апайлар ойыншықпен сендер сияқты кішкентай бүлдіршіндер ойнасын деп жасайды. Сондықтан да сендер ойыншықты ұқыптап, сындырмай ойнауға тиіссіңдер.
Тәрбиеші: интерактивті тақтадан барлық ойыншықтардың суретін біртіндеп көрсетеді.
Сергіту сәті:
Сылдырмақ - сылдырмақ
Тұрады әр кез сылдырлап.
Сылдырмақ - сылдырмақ
Бір сәт тұршы сыбырлап.
Тәрбиеші: - Балалар біздің топқа Күлдірген қонаққа келіпті.
Күлдірген: - Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе?
Тәрбиеші: - Хош келдің Күлдірген бізге Сәуле деген қуыршақ қонаққа өзінің достарымен келіп отыр. Сен де кел қонақ бол!
Күлдірген: - Мен сендерге құр алақан келген жоқпын. Сендерге ойнауға пирамида алып келдім. Сендер маған оны құрастыруға көмектесесіңдер ме? Пирамида туралы түсінік беріп өтеді.
Дидактикалық ойын: «Пирамида жинау»
Күлдәрген: - Ой жарайсыңдар балалар! Мен сендердің ептіліктеріңе риза болдым. Мен де сендерге ойыншығымды сыйға тартып кетемін. Тек сендер маған ойыншықпен ұқыпты ойнауға уәде беріңдер!
Балалар: - Уәде береміз.
Тәрбиеші:- Күлдірген сен кетуге асықпа біздің балаларымыздың өнерін тамашала.
1 - бала: Добым - добым домала,
Балшыққа сен жолама!
Бүлдіресің қолымды
Жек көремін оныңды!
2 - бала: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкене ағаштар
Үп үлкен болып өседі.
Күлдірген: - Жарайсыңдар балалар. Енді мен кетейін. Өздерің сияқты тағы да басқа бүлдіршіндерге баруым керек. Хош сау болыңдар!
Балалар: - Сау болыңыз!
Тәрбиеші: - Балалар біз бүгін оқу іс - әрекетімізде ойыншықтар туралы көптеген мәлімет алдық. Ойыншықтардың бірнеше түрі бар. Олар резинадан, пластмассадан, мақтадан, ағаштан жасалады екен. Біз ойыншықтармен ұқыпты ойнауымыз керек екен.
Енді қонақтарымызбен қоштасып алайық. Содан соң ойыншықтарымызбен ойнаймыз.
Сергіту сәті:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ойыншықтардың аттарын атауды.
Болу керек: көрнекіліктер, буклеттер, ойыншықтар.
Үйрену керек: ойыншықтарды ұқыпты ұстауды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×