Білім беру саласы: « Қатынас», «Таным», «Денсаулық»
Оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қысқы табиғат аясында.
Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету. Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру. Балалардың сөздік қорын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу. Қысқы ойын туралы түсініктерін байыту. Ойын арқылы балаларды сабырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, сондай - ақ өз жолдастарына деген қайырымдылық сезіміне тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:Шуақ шаша, Алтын таңға, Мөлдір таза ауада, Табиғаттың бәрі оянды, Оян сен де бар бала. Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып терезеге қарасақ нені көреміз?
Балалар жауабы:
- Күнді, күннің нұрын көреміз.
- Егер күн шашып тұрса қалай қуанамыз? Олай болса, бүгінгі күнге, табиғатқа жылы лебізімізді білдірейік.
Армысың ардақты Аспан ата!
Армысың мейірімді Жер ана!
Армысың шұғылалы Алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Қыс туралы өлең оқылады.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торалайды,
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Қыста болатын өзгерістер туралы сұрақ қою.
Қыс туралы білетін тақпақтары сұралады.
- Қыста аңдар мен құстар қалай тіршілік етеді?
Қыс мезгілдерінде көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ол кейбір қарға, торғай, бүркіт, сауысұан сияқты құстар қыстап қалады. Кейбір ағаштар мен бұталарда қураған жапырақтар, жемістер сақталып қалады. Қыстап қалған құстар соны азық етеді. Құстарға ұя жасап, нан қиқымын шашып қамқорлық көрсету керек.
Қыста кейбір аңдар аю, кірпі, борсық қысқы ұйқыға кетеді. Ал қоян тоңын өзгертеді.
Ғажайып сәт.
Қонаққа қоян келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар мен орманнан келдім. Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желиді
Аузы жоқ гуілдейді,
Ол не? (боран)
Бәрекелді! Рахмет балалар! Ал енді сендер маған жұмбақ жасырыңдар.
Балалар жұмбақ жасырады.
Сергіту сәті орындалады.
Тәрбиеші:
- Балалар, аяқтарыңның астына қараңдаршы не жатыр?
- Қар қандай?
Қардың түсі ақ, күмістей, мамықтай мақта сияқты ұлпа, сүттей ақ болады.
Қар мен мұздың қандай айырмашылығы бар?
Қар аппақ, жұмсақ, суық. Ал, мұз - қатты, жылтыр, тайғанақ, мөлдір, әйнек сияқты.
Күн жылығанда қар қайтеді?
Қар ериді.
Қолғап киіп қарды ұстап көру, қолға көп ұстап қардың еритінін бақылау.
Қонаққа сайқымазақ келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен.
Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып, жаттығу жасайық.
- Балалар, біз бүгін қысқы ойын түрлерінен екі топ құрып жарысамыз.
Балаларды екі топқа бөледі. Бір топтың басшысы қоян, екінші топтың басшысы сайқымазақ болады.
- Ойынды бастамас бұрын маған сұраққа жауап беріңдер.
- Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Шанамен сырғанап ойнаймыз. Қардан аққала жасаймыз, қар атысу, коньки тебу.
1. «Шанамен жарысу»
2. «Қарлы шеңбер»
3. «Жүгіріп өт, қорықпай алға»
4. «Кім жылдам?»
Балалар көңіл - күйлерін, алған әсерлерін анықтайды.
Қоян мен сайқымазақ рахметін айтып, дендерінің сау болуын тілеп, балаларға витамин беріп, қоян сау бол айтып кетеді. Топқа оралу. Балалар өздеріне ұнаған сәтті әңгімелейді. Не ұнағанын айтады.
Қысқы табиғат аясында
- Раихан
- 23 ақпан 2014
- 20256
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, қысқы табиғат
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшаға арналған сабақ жоспары
Жабайы аңдар және құстар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдарды айыра білуге атай білуге үйрету. Балаларға жануарлар мен құстардың қысқы...Жапалақтап жауған қар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау....Қыс қызығы
Мақсаты: Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту. Бүлдіршіндердің қыс мезгілі, қысқы ойын...Қысқы ойын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиеші: Қарымсақова Рабиға...Қысқы табиғат
Тәрбиеші: Интыбекова Ж. А....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.