Сайтқа кіру Тіркелу

«Теңізге саяхат»

Тақырыбы: «Теңізге саяхат»
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балалардың теңізге шығудағы мақсатты көздету, судың қасиетін, теңіздегі балықтар туралы, теңіз асты заттар, теңіздің адамға тигізер пайдасы туралы, теңізден алынатын байлығымыз жөнінде түсінік беру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелілігі: Мәдениеттіліке, жауапкершілікке, тазалықа баулу.
Білімділігі: Жеке бастың тазалық ережелерін сақтауда судың алатын орны, салауатты өмір салтын дәріптеуде, адам өмірінде судың маңызды роль атқаратынына көз жеткізу.
Көрнекі құралдар: Аквариум, балық суреттері, су асты өсімдіктерінің суреті, глобус, биноколь, лабиринт суреттер, кеме макеті, жұмбақтар. т. б.
Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз.
- Балалар, біз бүгін кемемен саяхатқа шығамыз.
- Кемемен қайда жүруге болады?
- Суда, өзенде, мұқитта, теңізде.
- Дұрыс, балалар.
Бір сәтті мына жер шары яғни глобусқа көз салып көріңдерші.
Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты. Теңіздер мен мұхиттардың бетінен көтерілген бу жауын - шашын болып жерге түседі. Біздің тыныстайтын оттегіміздің бірталай бөлігін бізге солар беріп отырады.
Балық, краб, омар, теңіз ұлуы, теңіз капустасы сияқты дәмді де нәрлі тамақ өнімдері осы теңіз бен мұхиттан алынады. Сондықтан да балықшылар «Көк теңіздің өрісі - балықшының егісі» - деп тегіннен - тегін айтпаған. Теңіздер мен мұхиттардың түбінен мұнай өндіріледі, теңіз суынан ас тұзын аламыз, аз да болса күнделікті дастақанымызда теңіздің бір бөлігі тұр.
- Мына суретте теңізде кездесетін балықтардың бір тобы:
- Камбала, акула, губан, кит, дельфин т. б.
- Ал мынау теңіз астында кездесетін өсімдіктер. Моллюскілер, устрица, янтарь түсті ұлу, калмарлар, меруертті ұлу, сегізаяқ, мидиялар. Міне, осылай аз да болса теңіз туралы мәліметтер алдвқ.
- Енді саяхатқа шығу үшін ең алдымен бізге не керек екенін біліп алайық.
- Таза болу үшін бізгн не қажет?
- Су, сабын, сүлгі, тіс щеткасы мен пастасы.
- Тағам, тамақ, су.
- Балалар, саяхатқа яғни теңізге немен барамыз?
- Кемемен, (макетті қолдан)
Онда кемеден өз орындарыңды алуға болады,
Балалар отырады.
- теңізде келе жатырмыз, айналаның бәрі су, су көп неге тағы су алдық?
- Теңіздің суй тұзды, оны ішуге болмайды.
- Дұрыс, бірақ теңіздің суы тұзды болғанымен денсаулыққа өте пайдалы. Одан дірі жасайды, ал біз тамағымызды ауырмас үшін тұзды сумен шаямыз ғой, слай емес пе?
- Ия.
Сергіту сәті:
Көзімізді жұмамыз
Балық болып жүземіз
Ұстап алып біреуін
Қазанға әкеп саламыз.(қимылмен)
- Ал енді су туралы кімдер тақпақ айтады?
1 - бала. Біз келеміз кемеде
Су бетінде тербеліп
Соқса егер салқын жер
Дем аламыз тыныстап
2 - бала. Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетін маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Теңіз деген шексіз үлкен, онда апталап жүзуге болады. Жағалау көрінбейді, қайда қарасаң да су. Қараңдаршы су бетінде толқындар пайда болды, ол қайдан пайда болды?
- Толқынды жел көтереді.
- Дұрыс айтасыңдар, жел соғып, суды көтереді де, бар күшімен жерге түседі, содан су бетінде толқын пайда болады.
Дүрбімен көк жиекке қарау.
Мына жаққа қараңдар бізге қарай бір балық жүзіп келеді.
- Қандай балық болды екен?
- Дельфин жүзіп келеді.
- Дельфин.
Қош келдіңіздер балалар, менің мекеніме мен сендерді әркез күтіп жүремін. Мені таныдыңдар ма?
- Сіз дельфинсіз.
- Ия, мен дельфин балығымын. Сендерге тапсырма ала келдім.
1. Жұмбақ жасыру.
1) Жылға қуып ағады
Ағып көлге барады.
Ішсең шөлің қонады
Шешуін кім табады Бұлақ
2) Құйрығы жерге тимейді
Жотасы күнге күймейді Балық
3) Күннің көзін жабады
Айдың бетін жабады.
Жаңбыр болып жауады
Шешуін кім табады. Бұлт
2. Екі бала тақтаға шығып, мына сандарды өсу ретімен тез қосқанда, қандай сурет шығатынын көреміз, кім тез аяқтаса жеңіске жетеді.
Шешуі: қайық.
3. Ойын. «Тез дайын бол»
Дельфин: - Балалар, сендермен болған маған сондай ұнады, бірақ менің қайтуым керек, мен сендерге құр алақан келмедім, теңіз балығының майын әкелдім, ол денсаулыққа өте пайдалы. Келесі кездескеше сау болыңдар.
- Балалар, мына суретке зер салып қарайық, кім маған әңгіме құрастырып береді.
- Бала. Теңіз шексіз үлкен. Шағалалар ұшып жүр. Балықшылыр кемеден балықтарды түсіріп жатыр.
Мақал - мәтел. Судың да сұрауы бар.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Сусыз өмір жоқ.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Балалар, бүгінгі саяхатымыз аяқталды. Таза ауамен терең дем алып, бәріміз бірге: Тазалық бер бәріне,
Тазалық бер тәніме
Тазалық бер еліме, Тазалық бер көркейген кең жеріме.
Теңіз патшалығымен таныстық, қандай суды қолдану керек екендігін білдік.
Оқу іс - әрекеті қорытылып, балаларды мадақтау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: бала-бақша, ашық сабақ
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×