Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Пішіндер әлемі»
Мақсаты: Пішіндер туралы түсінік бере отырып, пішіндерді бір – бірінен ажыратуды үйрету, салыстыру, түстерді құрастыру қабілетін арттыру.
Шаттық шеңбері: «Жылуыма жыл қос»
- Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар? Үшбұрыш, дөңгелек. Бұлар пішіндер.
Ғажайып сәт. Есік қағылып, ішке математика елінің ханшайымы кіреді. Ханшайым: Саламатсыздарма, балалар! Мен пішіндер елінің ханшайымымын. Сендерге қонаққа келдім.
- Мынау дөңгелек – оның бұрыштары болмайды.
- Ал, мынау үшбұрыш. Оның үш бұрышы бар.
- Топтарыңда дөңгелекке ұқсайтын қандай заттар бар?
- Ал үшбұрышқа не ұқсайды?
- Өте жақсы, балалар!
(Балалар, ханшайым сендерге бірнеше тапсырма ала келген екен, қане барлығымыз ханшайымның тапсырмасын орындайық)
І – тапсырма: «Өз ұяшығына орналастыр» Шарты: Түсіне қарай пішіндерді өз ұяшығына орналастыру.
ІІ – тапсырма: «Әуе шарлары» Қызыл, сары, көк түсті.
Алуан шарлар көп түсті. Қане, қайсысына қалайсың? Бірін таңдап алғайсың. Шарты: Таңдап алған шарлардың түсін сұрау.
ІІІ – тапсырма: Д/ойын: «Бейнені құрастыр»
Сергіту сәті: Шеңбер жасап тұрайық. Алақанды ұрайық. Уықтарша иіліп. Киіз үйді құрайық.
Қорытынды бөлім:
1) Біз бүгін немен таныстық?
2) Оларға не жатады?
3) Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
4) Дөңгелекте бұрыш болам?
5) Сендерге сабақ ұнадыма?
Ханшайым: Жарайсыңдар барлығында білімді, ақылды екенсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар балалар!
«Пішіндер әлемі»
- -Ардак
- 17 ақпан 2014
- 21239
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, пішіндер әлемі
Ұқсас жаңалықтар:
Сиқырлы сандық
Балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, пішіндердің түсін түстеп, атауын атап және айырмашылығын ажырата білуге дағдыландыру....Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Мақсаты: 1. Ойын арқылы балалардың қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыру. 2. М. Монтессори әдісі бойынша қол, саусақ моторикасын дамыту....Пішіндер бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Сыйқырлы пішіндер
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін артыру, заттарға қарап геометриялық пішіндерді салыстыру арқылы ажырату. Сабақтың барысы: Балалар бүгін бізге...Геометриялық пішіндер еліне саяхат
Солтүстік Қазақстан обылысы, Есіл ауданы Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің мектеп алды сынып тәрбиешісі Әсімжан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.