Білім беру саласы:
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың төрт - түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, төрт - түлік дәріптеген өлең жырлары арқылы халық ауыз әдебиетімен таныстыру.
2. Дамытушылығы: өнер - салтымызды балалардың бойына сіңірумен қатар олардың сөздік қорын дамыту, интонациялық мәнерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелілігі: Үй жануарларын қамқорлауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер мен құралдар: үй жануарларының суреттері, сүт өнімдері, көрме құралдары, жүннен тоқылған киімдер.
Бізге көп қонақтар келіп отыр, алдымен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
Сабақтың барысы:
Тақтаға жайлаудың суретін ілу. Балалар бұл не? Бұл - жайлау. Жайлау өсімдік, шөп өсетін жазық дала. Жайлауға малды көктемде шығарады, күзге дейін үй жануарлары осы жайлауда жайылады, шөп жейді, қоректенеді, су ішеді.
Бұл сиыр. Сиыр - өте пайдалы. Сиыр бізге ет, сүт, құрт, ірімшік, май береді. Сүттен май, қаймақ, құрт, ірімшік жасаймыз.
Жылқы - жеті қазынаның бірі. Жылқы - мінсе көлік. Сүтінің емдік қасиеті бар. Жылқы еті де пайдалы, одан қазы - қарта жасайды.
Түйе - төрт – түлік малдың бірі. Түйе ірі жануар. Ол бізге шұбат береді. Шұбаттың емдік қасиеті бар. Түйе жүнінен әр түрлі көрпе жасалып, киімдер тоқылады.
Қой - үй жануары. Қой ұсақ жануар. Қой сүті қорғасын. Қой жүнінен киіз көрпе жасайды, жылы киімдер тоқылады. Қой етін, сүтін пайдаланамыз. Осы кезде залға Шопан ата кіреді, қолында қоржыны бар.
Саламатсыңдар ма балаларым?!
Қараңдаршы балалар бізге қонаққа Шопан ата келді.
Саламатсыз ба? Шопан ата! Осы төрт - түлік малды бағатын қой, ешкіні бағатын түлік иесі Шопан ата. Шопан ата сіз қайдан келесіз? Мен осы сыныпқа көптеген қонақтар келе жатқанын, жаңа балалардың үй жануарлары туралы айтып жатқанын естідім.
Бәрекелді Шопан ата жақсы келдіңіз! Жаңа келе жатып балаларға сиқырлы қоржынымды ала келдім. Бұл осы үй жануарларынан алынған жүннен жасалатын заттар және сүт өнімдері.
Шопан ата сізге көп рахмет, біздің балаларымызға арнап көрме жасап жатырсыз. Бізде балаларға төрт - түліктің пайдасын үйретеміз.
Дұрыс айтасыздар адамдар да оларға көп қамқорлық көрсетеді. Бағады, жем, шөп, су береді. Сауады, күтім жасайды. Қазақ халқы төрт - түлікті өте жақсы көрген, күтіп баққан. Сондай - ақ үй жануарларының төлдері болады. Осы төрт - түлікке байланысты «Қай жануардың төлі?»ойынын ойнаймыз, сізде тамашалаңыз. Ал қане кім айтады?
Сиырдың төлі не?
Жылқының төлі не?
Түйенің төлі не?
Қойдың төлі не?
Ешкінің төлі не?
Балалар, бәріміз бірге осы төлдерге арнап, «Төлдер» әнін орындап берейік. Балалар сабағымызды қорытындылай отырып, біздер үй жануарларының пайдасы одан алынатын өнімдер туралы әңгімеледік. Бірақ оның пайдасын көру үшін, көп еңбек ету керек. Оларды күтіп баптауымыз керек.
Мадақтау: Бүгінгі сабаққа барлықтарыңызда жақсы қатыстыңыздар.
Үй жануарлары
- Marjan
- 7 қаңтар 2014
- 33449
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үй жануарлары, тіл дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
«Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білім беруді жалғастыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына деген...Үй жануарлары
«Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен...Не қалай дыбыстайды?
Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Не қалай дыбыстайды?» (үй жануарлары)...Әжеме қонаққа барғанда
Алматы қаласы, №118 "Әсел" балабақшасы тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...Төрт – түлігім ырысым
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Жулдуз Саиновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.