Тақырыбы: «Күзгі жапырақ»
Мақсаты:
Білімділік: Түрлі түсті сазермекті түсіне, көлеміне қарай іріктеп алу, пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру іскерліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетімен қоса қол моторикасын, түсті сезіне білуін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа баулу.
Жабдықтар: Түрлі – түсті сазермек, картон.
Тәрбиешінің іс - әрекеттері/
Мотивациялық қозғаушылық:
Күз келді қарашы
Жауын нұрын шашты
Күзге біз айтамыз
Төрлет алтын күз!
Балалар қазір жалдың қай мезгілі?
Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр? Дұрыс, әрине, күн суыды, адамдар жылы киіне бастады, құстар жылы жаққа ұшып кетті, жапырақтар сарғайды.
Тәрбиешімен бірге балалар өз білгендерін ортаға салып бөліседі.
Ұйымдастыру - іздестіру. Организационно - поисковый Күзгі жапырақтар тағы қандай түсті болады?
Біз бүгін күзгі жапырақтың бейнесін сазермектің көмегімен бейнелейміз.
Берілген картон қағазға сазермектен жапырақ бейнесін жасап, стеканың көмегімен сызықтар жүргіземіз!
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үлкен болып өседі.
Балалардың жауабы: Қызыл, сары, жасыл.
Берілген тапсырманы мұқият орындайды.
Рефлексивті түзетушілік. Рефлексивно - корректирующий
Қорытынды: Балалардың жұмыстарын мадақтап, бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Жапырақтар күз мезгілі келгенде, күн суығанда басқа түске боялатынын білді.
Қандай түсініктерді игерді: Сазермекпен стекамен дұрыс жұмыс істеуді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: Берілген тапсырманы ұқыпты, тиянақты орындауға дағдыланды.
Күзгі жапырақ
- Бахыт
- 20 қазан 2013
- 30223
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабақша, күзгі жапырақ
Ұқсас жаңалықтар:
Күз - мереке, күз - береке
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың күз туралы түсініктерін молайту, күздің ерекшеліктерін байқату. Күз келбетін шығармашылық жұмыстар арқылы сипаттауға...Берекелі - алтын күз
Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы "Жауқазын"мектепке дейінгі бөбекжайының тәрбиешісі Сапашева Гулжанат Нұрланқызы...Күз сыйы
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы кеңінен түсіндіру. Күз мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталу. Қимылдық ойын арқылы күзгі орманға саяхат жасау....Арайлы алтын күз
Қызыл, сары, алтын көк Алуан алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жадырап...Күзгі көрініс
Мақсаты: Күзгі орман көріністері туралы түсінік беру, табиғатқа деген қызығушылығын арттыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.