Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғат Ана

Тақырыбы: « Табиғат Ана»
Мақсаты: Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру. Табиғат байлықтарын бағалауға, сақтауға, табиғатты аялай білуге, қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Балалар бүгін біз жыл бойы өткен білімімізді көрсететін кез келді.
Олай болса біз шаттық шеңберін құрайық.
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн
Қайырлы күн,
Біз көңілді баламыз
Біз сүйкімді данамыз.
Балалар енді бір мезет арман мен қиялға ерік берсек. Қазір мен сендерге керемет бір бейне көрсетемін. Барлығымыз экранға назар аударсақ. Балалар біз не туралы көрініс көрдік? Кім қайда барғысы келеді? Балалар жауаптары тыңдалады. Табиғат Ана ертегісін оқып әңгімелеу. Табиғат Ананың ұлдары қандай игілікті істер жасады? Табиғат Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеу керек? Балалар бізді қоршағанның бәрі табиғат. Ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір бұлақтар. Ал балалар неліктен табиғатты ана дейміз?
Табиғат Ана келеді. Слайд көрсетіледі. Тапсырмалары буынға бөлу, математикалық пішіндердің түстерін ажырату және сөйлем құрау. Балалар бізге қонаққа Білгішбек келді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар
Қане маған қараңдар
Достарыңмын Білгішбек
Немен келдім, не айтпақпын, кім шешпек?
Сендерге ненің керегін
Бәрін де айтып беремін.
Ауа керек сендерге күнімен
Өсуге күннің нұрымен,
Күш жинау үшін құрыштай
Қанша су ішкен дұрысты,
Түсіну үшін барлығын
Ізденіп өткін әр күнің.
Балалар бізге ауаның не үшін қажет екенін білесіңдер ме? Олай болса тәжірибе жасап көрейік. Терең дем алып, қолымызбен аузымыз бен мұрнымызды жауып бірнеше уақыт демімізді іште сақтайық. Ауасыз адам өмір сүре алмайды. Қиналғанымыз көрініп тұр. Қане Білгішбек біздің балалармен ойын ойнағың келе ме?
Тренинг ойын «Табиғатпен сырласу». Отырған орындығымыз арқылы табиғатқа саяхат жасаймыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Сулар мөп - мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз.
Ол үшін:
1. Алға иілу
2. Аламыз
3. Ішеміз
4. Рахат - ай.
Алдымыздан алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз.
1. Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі
2. Алу.
3. Қырт етіп тістеу.
4. Тәттісін - ай.
Раушан гүліне кездесеміз.
1. Алға иілу.
2. Аламыз.
3. Иіскейміз
4. Қажет емес ауаны сыртқа шығарамыз.
Балалар бұлақ дегеніміз - денсаулық
Алма - рухани байлық,
Гүл - бақыт құсын сыйлайды.
Білгішбек ой, балалар мен қайтайын. Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер.
Табиғатты аялаңдар! Менің кітап оқитын уақытым таяп қалды. Сау болыңдар.
Артық затты тап. Суретпен жұмыс.
Ғажайып сөздер КҮН, СУ, АУА,- ТАБИҒАТТЫҢ БІЗГЕ БЕРГЕН СЫЙЫ.
Қорытынды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×