Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет.
Білім бөлімі: математика, тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «1 - 10 - ға дейінгі сандарды қайталау»
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайдтар, кеспе сандар, суреттер
Барысы: Балалар бүгін біз «Математика патшалығына саяхат
жасайық. Қане, дайынбыз ба?
1 - кезең. « Санды тап» ойыны
Слайд 1 көрсетіледі.(балалар сандарды атайды.)
Қолдарындағы кеспе сандарды көрсетеді. Балалар осы сандар туралы санамақ білеміз бе? Кім айтады?
1 - дегенім – бесік,
Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 - дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 - дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 - деген - жалау,
Жүректегі алау.
8 - деген - сөзің,
Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
Суретпен жұмыс.(заттардың санын санау )
Ал енді кері санайық. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
2 - кезең. «Кім жылдам?» ойыны Слайд 2 көрсетіледі (балалар артық затты табады.)
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(қарындаш )
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде.
Бірін - бірі көрмейді.
(көз)
3 - кезең. «Ойлан тап.
Слайд 5. ( сандарды қосып, теңдіктің шешуін дәлелдеу.)
4 - кезең. Адасқан сандарды тауып, сұрақтарға жауап беру.
1. Көп саннан азға қарай сана
2. Қайталанған санды тап
3. 7 - ден үлкен санды тап
4. 7 - ден кіші санды ата
5. 3 - тен кіші санды тап.
5 - кезең. Тиісті таңбаны қой, есепті шығар.
Жауабын тексер.
Міне, балалар өз білімімізді тексердік. Жарайсыңдар!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі:
Бекетова Клара Рысалдиевна
1-10-ға дейінгі сандарды қайталау
- КлараБ
- 12 мам 2020
- 70222
- 0
- 100
Ілмек сөздер: сандар, 1 ден 10ға дейін қайталау, бала-бақша
Ұқсас жаңалықтар:
5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаттары: 1. 5 саны, 5 цифрымен таныстыру. Оқушыларды 5 - ке дейінгі санауға, қосуға, азайтуға үйрету....1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды қайталау
Піл мен оның баласы орманды аралап келе жатады. Бір кезде көбелек қуып жүрген пілдің баласы анасынан адасып қалады....Есептеу машығын арттыру
Степногорскі қаласы, №2 Ақсу орта мектебі. Бастауыш сынып оқытушысы: Мырзабекова Ұ. Т....Оң жақта, сол жақта
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебі "Бала би" шағын орталығы....Бала тілі - бал
Білім беру саласы: Таным Оқу іс – әрекетінің түрі: Қарапайым математика. Мақсаты: Балалар 0 - 5 дейінгі сандарды тура, кері санау, жұбын табу, апта...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.