Сайтқа кіру Тіркелу

Президент күні

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық
Білім көзі: тіл дамыту, көркем әдебиет, жапсыру
Тақырыбы: Президент күні
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, шығармашылық жұмыста шыдамдылықпен жұмысты аяқтауға дағдыландыру.
Керекті құралдар: Елбасы және рәміздеріміздің суреті, «Ақорда» суреті.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, компьютер арқылы бейнелер көрсету.
Ынталандыру, сезімді ояту. Әнұран
- Балалар, біздің яғни, Қазақстан Республикасының Президенті кім екенін білеміз бе?
- Біз бүгін Елбасымыз және рәміздеріміз жайлы түсінік алатын боламыз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Осы кісінің құрметіне 1 - желтоқсанды – Президент күні деп атапты. Бүгінгі сабағымыз да, Елбасының құрметіне арналмақ. Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келіпті. Бұл кісінің балалық шағы осы жерде өтеді. Қаскелеңдегі 10 - жылдық мектепті оқып бітіреді.
Одан кейінгі жылдары Қарағанды қаласындағы металлургия комбинатында жұмысшы болады. Содан өсіп, жақсы жұмыстарда істеп, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланады.
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғаннан соң оның рәміздері болады. Ол – ту, елтаңба, әнұран. Жаңа өзіміз айтып өткен әнұранның авторларының бірі осы Елбасымыз.
Ақмола қаласын еліміздің орталығы етіп таңдап, ерекше әдемі астаналардың бірі еткен де осы Елбасының ойы. Сондағы сәулеті ерекше ғимараттардың бірі, елбасының жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
- Балалар Елбасы туралы тақпақ білеміз бе?

Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам,
Асқар тауымыз боп аман да есен жүр атам.

Қазақтың бағын өзіңнен артық асырар,
Болған да емес, болмайды ешкім біл, атам.

Нұр атам менің намысын отқа қайраған,
Күндіз де түнде халқының қамын ойлаған.

Алладан тілеп атаң мен анаң жылаған,
Райымбек бабам басына барып сұраған.

Қазақтың атын танытып әлем жұртына,
Байрағын ұлттың басына шыңның байлаған,
Нұр атам менің маңдайдан бағы таймаған.

Ұлы едің ата - ұлтыңның туған бағы үшін,
Болсам да сәби сеземін бәрін қуанам.

Нұрсұлтан атам, қазақтың тұңғыш Елбасын,
Алланың нұры, атаның рухы қолдасын.

Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам,
Қарт Жамбылдайын бір ғасыр өмір сүр, атам.

Нұрсұлтан атам, қазақтың тұңғыш Елбасын,
Астана - жұмақ ұлтымның ұлы ордасын,
Мейірі түсіп аталар рухы қолдасын!
Жақсы балалар, енді сендер елбасымыздың мұражайына барғыларың келеме? Мен сендерді бейне мұражайға апарайын.
Компьютерден немесе интерактивті тақтадан Елбасының балалық шағынан бастап дайындалған слайдпен таныстыру.
Сергіту сәті:
Қане, қане тұрайық,
Дөңгелене тұрайық,
Қазір өзіміз көрген,
«Ақорданы» құрайық
Суреттен көрген Ақорда ғимаратының суретін мақта шиыршықтары арқылы жапсырайық.
Ғимараттың қабырғалары ақ түсті, шатыры көк түсті, алдымыздағы осы екі түсті мақта шиыршықтарын таңдап, қабырғасынан бастап желімнің көмегі арқылы жабыстырайық.
Жапсырудың әдіс - тәсілін көрсетіп өту.
- Елбасымыз кім екен?
- Еліміздің астанасы қай қала?
- Рәміздерге нелер жатады.
Біз Елбасымызды құрметтеп, рәміздерімізді қастерлеп, Отансүйгіш болып өсуіміз керек.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуге.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Тұғыры биік Елбасы"

Мақсаты: Балаларға «
Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...
Менің тұңғыш Президентім
Тәрбие сағаттар жиынтығы

Тәрбие сағаттар жиынтығы

Алматы – менің сүйікті қалам. Ұлы тұлға - Әуезов. Менің құқықтарым. Дені саудың - жаны сау. Бақытым да, байлығым да - денсаулық. Біздің елбасы....
«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...

«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 18 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусупбаева Ризагуль...
1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

Мақсаты: оқушыларға
тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×