Сайтқа кіру Тіркелу

Ойын арқылы құқықты үйренеміз

Тақырыбы: «Ойын арқылы құқықты үйренейік»
Мақсаты: Балаларға олардың құқықтары туралы түсінік беру. Құқықтық дүниетанымдары мен адамгершіліктерін дамыту. Өз пікірлерін білдіруге, тұжырым жасауға үйрету. Өзін және басқа адамдарды сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер:
«Адам құқықтарының жалпы декларациясы», «Бала құқықтары туралы Конвенция», еңбек туралы мақал-мәтелдер слайды, құқықтар жазылған хаттар, суреттер.
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар!Көңіл күйіңіз жақсы ма? Мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын.

Анель: «Бұлақ» бала бақшамызға
Қош келдіңіз ағайын
Бар ағайын жиналып,
Мәз бол бізге қараңыз

Ақниет: Біздің топта ұл-қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Қонақтарға баршаңызға
Тек мейірім сыйлаймыз
(Ұшырады) музыка

Медет: Қайырлы таң апайлар бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Қайырлы күн достарым, қайырымды жүрекпен
Мейірімді тілекпен бөлісейік бақытпен
Баршаға амандық сәлем!
Жер планетасында адамдар мың жыл бұрын пайда болғанын білесіңдер. Сол кезде-ақ көп сұрақтар да туындады.
- Адамдар қолынан не келеді және не келмейді?Не үшін құқықтары бар және жоқ?Адамдар бұл сұрақтар жауаптарын іздеуге бел буды. Келісімді және бейбітшілік өмір сүру үшін «Адам құқықтарының жалпы Декларациясы» атты кітабы пайда болды. Бұл кітапты үлкендер өздеріне арнап жазған. Ал балаларға қамқорлық жасай отырып, бақытты өмір сүру үшін керемет кітапты «Бала құқықтары туралы Конвенцияны» жазып шығарды. Сонымен бүгін осы кітаптағы құқықтарымыз жайында сөз қозғаймыз.
Нұр: Жай ғана бұл кітап емес,
Не керек, не керек емес
Ашқанда ғана көрерсің
Мазмұнын сонда білерсің

Балалар бүгін тобымызда «Заң консультациясы» жұмыс атқарады. Бізге кейбір адамдардан хаттар келіп отыр. Сол хаттарға жауап қайтарамыз. Біздер өте маңызды тақырыпты талқылаймыз:
«Бала құқықтары». Ал енді бастайық. Бірінші консультант

1. Рахымжан: (конверт алады)
Тәрбиеші: бірінші конвертте қандай сұрақ бар екен? (Бала конверттен гүлдің күлтесін алып шығады)
Тәрбиеші: Сенің ойыңша бұл қандай сұрақ?
Рахымжан: Есім алу құқығы
Тәрбиеші: Бұл құқықты қай кезде алады?Дұрыс дүниеге келгенде.
- Қандай құжат бұл құқықты растайды. (Туу туралы куәлік)
Ата-аналар сіздер дүниеге келгенде есім қояды,
Ал балалар сіздер есімдеріңіздің қандай мағына беретінін білесіздерме?
(Балалар жауаптары – Елдана, Елсултан, Рахымжан)
- Ал енді қонақтармен бірге «Жаңғырық» ойынын ойнайық – Нұрбек, Рахат, Нұр.
Жарайсыңдар балалар. Сендер бір біріңнің аттарыңды сыпайы және жылы атадыңдар . Әрине адамды дөрекі сөзбен атау, адамға жалған ат қою. Бұл сіздің есім алу құқықтың бұзылуы. Ата-аналарыңыздан туу туралы куәліктеріңізді сұраңыздар.
- Ал енді кім екінші консультант болғысы келмек;
2. Сақыпжамал: (Конвертті алып суретте бейнеленген құқық туралы айта бастайды)Бұл баланың ата-анасымен бірге өмір сүру құқығы.
Өмір сүру үшін не қажет?
Өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді. От өмірдің мәнін береді. Тұз астың дәмін келтіреді. Қыз көңілдің сәнін келтіреді. Ақыл өмірдің мәнін береді.
Отбасы деген не?Балалардың жауаптары

Аружан: Шаңырағым шырағым
Топырағым тұмарым
Ғаламда жоқ сыңарын
Ғажайыбым жұмағым
Сендер кімдердің арқасында дүниеге келдіңдер? (Балалардың жауаптары)

Абылай: Тыңда дүние, тыңда ұл, қыз
Тыңдаңыздар барлық әлем мұнда
Өмірге осы біз жауаптымыз
Ата-ананың алдында
- Отбасында ең жақының кім?
(Балалардың жауаптары)

Аслан: Тату болса - ағайын жақын
Бауырмал болса –інің жақын
Инабатты болса –келінің жақын
Қимас жақын –қарындасын
- Балалар сәби үлкен адамдардың сүйіспеншілігі мен күтімінсіз өмір сүре алады ма? Неге? Ата-аналар сендерге өз сүйіспеншіліктерін күтімін қалай білдіреді? «Отбасы болмаса бақытта жоқ» деген мақал да бар. Сондықтан «Бала құқықтарының Декларациясында»жазылған: «Әр бала отбасында өмір сүруге, ата-ананың сүйіспеншілігі мен күтіміне құқылы»

Карина: Сенде бар жанұя
Менде де бар жанұя
Үлкенде де, кіші де
Жанұя бар кісіде
Әр баланың құқығы бар
Жанұямен тұруға
Сонымен біздің заң консультациямыз әлі де өз жалғасын табуда.
Енді үшінші конвертте қандай сұрақ жатқанын көрейік. (Елдана шығады)
- Бұл сурет саған қандай құқық жайында айтып тұр. Дұрыс білім алу құқығы.

3. Елдана: Адамға ақыл білім беретін кім? ата-ана, ұстаз, досы. Ата-ана ақылын кімге айтады? баласы мен қызына айтады, ұстаз ақылын шәкіртіне айтады. Ақыл адамды тез есейтеді.
- Қалай ойлайсыңдар әр баланың білім алу құқығы бар ма?
Біздер балабақшада не істейміз балалар?

Сергіту сәті:
Келесі 4 конвертте қандай сұрақ жасырылған екен кәне табайық, консультант Ұлан.

4. Ұлан: «Бала құқығы туралы конвенцияда» жазылған әр бала еңбегіне лайықты ақылы құқығы бар. Жер бетінде қаншама мамандық бар олар бір-біріне байланысты. Біздердің де еркін еңбек таңдау құқығымыз бар ма?
Балабақшада сіздерді кім оқытады? Ал мектепте кім білім береді? Ал көрейік балабақшада нені үйрендіңдер.
«Мамандықтың бәрі жақсы»
Суретте қандай мамандық иелерін көріп тұрсыңдар? мынау кім?

1. Нұр: Үлгілерге қараймын, үй іргесін қалаймын
Өрнектерді оямын, терезесін қоямын
2. Анель: Оқу білім ордасы, ұстаз оның арнасы,
Ұстаздық деген ұлы іс адамдықтың айнасы
3. Рахат: Еңбегіне мақтанам бағбан ағам жақсы адам
Бағбаншы болам мен ұқсап өсем нақ соған
4. Абылай: Біздің «Бұлақ» бақшада бар әсем асхана, бар онда аспазшы
Тәп тәтті тағамы, аспазшы ас маманы мамандықтың жоқ жаманы
5. Данат: Орны бөлек елдегі шофердің көп еңбегі, әрбір сапар жолында, кабина оның өз үйі
6. Сақыпжамал: Ақ желенді киемін, аппақ болып жүремін
Дәрігермін мен деймін, кәрі әжемді емдеймін

Міне балалар осындай мамандыққа жету үшін алдымен білім алып үйрену керек. Осы мамандықтың жұмысын үлкен кісілер атқарып жатыр, ал сіздер кішкентайсыздар сіздер тек ойын арқылы көрсетесіздер.

Ойын «Пантомима»
Әртүрлі мамандық қимылын көрсетеді, қонақтар қандай мамандық иесі екенін тауып береді.
акробат, суретші, өрт сөндіруші, ғарышкер, сарбаз, тігінші.
Сараптайық білімді, ой жүгіртіп ойнайық:
Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».
1. Еңбек ерлікке жеткізеді... ерлік елдікке жеткізеді.
2. Гүл өсірсең терлеп .... мұның аты еңбек.
3. Еңбегін қатты болса . ...тапқанын тәтті болады.
4. Еңбек етсең емерсің ...ерінбесең жеңерсің.
5. Еңбегі аздың ...өнбегі аз.
6. Емнің алды ...еңбек.
7. Жақсы жұмыс ...жанға тыныс.
(келесі консультант Дастан)
Қандай сұрақ? Дұрыс, емделу құқығы.

5. Дастан: Денсаулықтың жалғыз досы – табиғаттың өз заңы.
Табиғаттың емшілерін атай қойшы?
Күн сәулесі, таза ауа, таза су, табиғи тағам, демалыс, бойды тік
ұстау, ақыл ой. Күннен күш аламыз жылынып, күн ана шуағы
сырқатты қуады.
- Әр адамның ауруханада емделуге құқығы бар ма?
- Денсаулығы сау болу үшін не жасау қажет?
- Балалар айтыңдаршы өмірде ең бағалы нәрсе не?
( балалар жауабы): әуелгі байлық - денсаулық.
Денсаулық өмірдегі ең басты бағалы нәрселердің бірі.
- Тек дәрігер ғана сендердің денсаулықтарыңды қарау керек пе?
Әр бала қуатты болуды, денсаулық дағдыларын, ойнауды қалайды. Өз денсаулығын ойлап өз организміне зиян келтірмеу керек. Спортта ем болар, жаттықсаң ем қонар. Денсаулықты сақтап және нығайтуға құқықтарымыз бар екенін білдік.

Нұрбек: Алға өркендеп
Өсе бер балапан
Денсаулықты күт әрқашан
Денсаулық байлық өмірде
Сен бұны ұмытпа әрқашан

Тәрбиеші: Балалар сендер бүгін керемет еңбектендіңіздер.
Балалар қараңдаршы! Сіз қандай ғажайып, әдемі бақыт гүлін өсірдіңіздер. Әр күлтесінде балалар құқығы жазылған. Бұл құқықтарды ұмытпайық, есімізде сақтайық. Бұдан әрі сабақтарымызда құқықтармен танысу арқылы гүліміздің күлтешесінің саны көбейеді.
Болайықшы осындай әні:

Тәрбиеші: Апарса да тағдыр қайда алып,
Самғасаңдар жер айналып бала құқығы күшіменен
Хормен:
Сұңқар болып өсеміз
Тұлпар болып өсеміз
Балалар қонақтармен қоштасатын сәт те келді, көріскенше күн жарық болсын дендеріңіз сау болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×