Атырау қаласы, Томарлы селосы, "Шағала" балабақшасы
Куанышева Гүлмира Хисметоллақызы
Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі
Ы. Алтынсарин
Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады.
Мектепке дейінгі математиканың негізі бастауыш мектептің математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгеруді, «математикалық сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды. Осыдан қарапайым математиканы оқытудың мынандай мақсаттарға жетуді көздейтіндігі туындайды:
Бағдарлама талаптарына сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру;
- баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
- меңгерген қарапайым математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын.
Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Математика сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды шешуге ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің мазмұнымен балалардың логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді.
Мектепке дейінгі балаларды оқытуда балаларың ақыл-ой белсенділігін жан-жақты етіп көрсететін, шығармашылық қабілеттерін дамытып отыруда оларды қызықтыратындай тапсырмалардың алатын орны ерекше.
Қызықты тапсырмаларды орындауда мектепке дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру қазіргі кезде еліміздегі оқыту әдістерінің ең бір өзекті проблемасына айналды.
Математика сабағында ертегілерді пайдаланып, балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін, ақыл-ой, логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың маңызы зор. Бұл проблемалардың аспектілері қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің жұмыстары қатарында және мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістемесі жұмыстарында зерттеліп жүр. Мектепке дейінгі балаларға өз бетінше қызықты тапсырмаларды орындау үшін жасалған жұмыстардың ғылыми маңыздылығы жоғары болса да, зерттелетін проблеманың бірқатар аспектілерінің әлі де болса әрі қарай зерттеуді қажет ететіндігі көрінеді. Осыған байланысты біз зерттеу тақырыбымызда аталған мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Зерттеу мақсаты:
Мектепке дейінгі балалардың математика сабағында ертегілер арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыруды теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. «Қызығушылық», «Танымдық қызығушылық» ұғымдарының қарапайым математикалық ұғымдармен өзара байланысын зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру.
2. Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының мазмұны мен өзіндік ерекшелігін анықтау.
3. Математика сабағында ертегілер арқылы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу
Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік, мазмұнды эмоциялық көзқарас - ертегімен әуестену, тұрақты танымдық қызығушылық - ертегіге деген қызығушылық.
Математика сабағында ертегілер элементтерін пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады.
Балалардың математика сабағында танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін:
1) Математика сабағында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыра отырып, ертегілер мазмұнын балалармен бірге талдау;
2) Сюжеттік - рөлдік, дидактикалық ойындар ұйымдастыру;
3) Тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау;
4) Ертегілерді балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып талдау қажет, сонымен қатар ертегілерді математика сабағымен байланыстыра отырып өткізу керек.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының өзіндік ерекшелігіне психологиялық - педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады:
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген )
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды.
3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиеші ертегі мазмұнын қай сабақпен байланыстырмасын оны саналы оймен түсіне білуге баулау қажет. Балада саналы ой түсінігі болу үшін оның белгілі бір деңгейде ертегілердің кейбір түрлерін білуі тиіс. Ертегіні саналы түсіну үшін:
- Математика сабағында ертегілердің балалардың жас шамасына сай түсіндірілуі керек;
- Математика сабағында ертегілерді қолдану барысында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу керек;
Қызығушылық - танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Балалардың танымдық қызығушылықтың көмегімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады,, өз күшіне, мүмкіндігіне сенім артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Математика сабағындағы балалардың бойына қалыптастырудағы танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқыту – ең көкейкесті проблемаларды , танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу үрдісін белсенді түрде өткізу жолдары балалардың математика сабағына деген қызығушылығын , сол арқылы танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болмасын қызығушылық пен уәждемелерге, яғни (МОТИВАЦИЯ) бағытталады. Танымдық қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен ағартушы педагогтардың да назарынан тыс қалмаған. Әл-Фараби: «Баланың рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқып-үйрену нәтижесі шәкірттің ниетіне әсер етеді, көңіл қалауы болмақ» - деген екен.
Шығармашылық жұмысымды былай тұжырымдаймын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен. Осы шығармашылық жұмысымның нәтижесі, қорытындысы ретінде мынандай сабақ түрлерін ұсынамын:
Ертегілер әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, пішінін тікелей бақылата отырып меңгерту
2. Дамытушылық: өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігінен талдау жасауға үйрету.
3. Тәрбиелілік: Ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «Саяхат»
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ертегі кейіпкерлерін жандандыру, түсіндіру.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Армысыз, мейірімді - Аспан Ата!
Армысыз, қайырымды - Жер Ана!
Армысыз, шұғылалы - Нұрлы Күн!
Армысыңдар достар
Армысыздар апайлар!
Тәрбиеші: Балалар бізде бүгін математика сабағы. Өткен жолы геометриялық пішіндермен таныстық. Бүгін қайталау сабағы. Біз бүгін саяхатқа шығамыз. Бізге қонаққа бауырсақ келіпті. (бауырсақ келеді әуен ойналады)
Бауырсақтың сөзі:
Менің атым - бауырсақ
Мені пышақпен қырып алды
Қанатпен сыпырып алды
Қаймаққа иледі, майға пісірді
Мен атадан кеттім
Мен әжеден кеттім
Тыңдамадым атамды
Тыңдамадым әжемді
Үйімді мен сағындым
Көмектесші балақай
Тәрбиеші:
- Балалар бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?
Балалар:
- Бауырсақ ертегісінің кейіпкері
Тәрбиеші:
- Бауырсақтың түсі қандай?
Балалар:
- Сары
Тәрбиеші:
- Бауырсақтың пішіні қандай?
Балалар:
- дөңгелек
Тәрбиеші: Балалар біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік. Оған баратын жолды көрсетейік. Олай болса, орманға серуенге аттанайық. (әуен ойналады)
Балалар бір шыршаның түбінде жылап тұрған қоянды көреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе қоян. Сен неге жылап тұрсың?
Қоян: Менің тұратын үйім жоқ. Соны маған табуға көмектесіңдерші
Тәрбиеші: Біз саған көмектесейік. Ендеше балалар геометриялық пішіндерден қоянға үй құрастырып берейік.
Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.
Қоян: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Менің енді баспанам болатын, болды. Рахмет мен енді өз жөніммен кетейін.
Орманда келе жатқанда оларға қасқыр кездеседі.
Қасқыр: Балалар менің қарным ашып тұр. Мен бауырсақты жеймін.
Балалар: Жоқ, сен бауырсақты жемеші, біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік деп келе жатырмыз.
Қасқыр: Онда сендер мені сиқырлы көпірден өткізуге көмектесіңдер. Жұмбақ есепті шеш.
1. Ағаштағы төрт алмұрт
Піскен екен тимей құрт
Самат алып екеуін
Қалдырған екен нешеуін?
2. Ойнап жүрген аулада
Қанат, Самат, Бақытты
Қара төбет қорқытты
Жан-жаққа қашты бәрі де
Табылмай қалды бірі де.
3. Орындықты төңкердік
Оны енді не дедік?
Балалар тапсырманы орындайды. Қасқыр: балаларға рахметін айтады.
Одан соң балалар аюға кезігеді. Аю көңілсіз отырады. Тәрбиеші: Ай Аюбай сен неге көңілсіз отырсың?
Аю: Мен өз апанымды таба алмай отырмын, анамнан рұқсатсыз шығып кетіп
едім, енді міне адасып қалдым.
Тәрбиеші: балалар аюдың істеген қылығы дұрыс па? (жоқ). Аюбай анаңның рұқсатынсыз ешқайдада кетпе орманның ішінде адасып кетесің, ал біз саған апаныңа жетуге көмектесеміз.
Тапсырма: «Лабиринт» Аюдың өз апанына жетуіне көмектес
Балалар тапсырманы орындайды. Жолда келе жатып алдарынан қу түлкі кездеседі.
Түлкі:Ооо, қайда жол тартып барасыңдар?
Балалар: біз бауырсақты атай мен әжейге алып барамыз. Мен сендерге тапсырма берем егер соны орындасаңдар ғана босатам, ал орындамасаңдар мына бауырсақты маған бересіңдер. Балалар келіседі.
«Өсу ретіне қарай орналастыр»
Ормандағы ағашты өсу ретіне қарай орналастырыңдар. Балалар ол тапсырманы да орындап, әрі қарай жол жүріп бауырсақты атай мен әжейге тапсырады. Әжей оларға ризалығын білдіріп, жолда кездескен қиындықтарды рет-ретімен сұрайды,
Соңынан тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, аяқтайды.
Шығармашылық жұмыс
- Бауыр
- 23 қыркүйек 2012
- 98770
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шығармашылық жұмыс, балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балаларға қарапайым математикалық түс ...
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, № 14 «Қарлығаш» б/б тәрбиешісі Умирзахова Айхан Култаевна...Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...
Балалардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы, белсенді қарым - қатынас жүргізу....Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын ...
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату....Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен...Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...
Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбиенің егіз, бірін - бірі толықтырыла жүргізілуі - жеке тұлға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.