Жомарт күз
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі біздің Қарлығаш топтың «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойынша тұрады).
Жүргізуші:
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, Алтын күз!
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі – түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы!
Жүргізуші: Балалар, сендер қандай әдемі жапырақтарды жинап қойдыңдар! Біз олармен би билеп ән салайық.
«Жапырақтармен» ән.
Жүргізуші: Балалар бізге біреу келе жатқан сияқты. Естиікші.
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар,
Сыйлығыма қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Мен сендердің өлеңдеріңді анау орманнан естіп келе жатырмын. Сендерде қандай мейрам болып жатыр?
Балалар: Күз мерекесі.
Жүргізуші: Күз ханшайымы бізде күз мерекесі болып жатыр. Балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтары бар тыңдап көріңіз!
Іңкәр:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық!
Айерке:
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық
Мансұр:
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді..
Алинұр:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Радион:
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Күз ханшайымы: Балалар менің арманым бар. Сендер қалай ойлайсыңдар, мен арманымды айтсам орындайсыңдар ма?
Жүргізуші: Айтыңыз. Балалар тыңдайық. Күздің қандай арманы бар екен?
Күз: Мен көптеген мерекелерде болдым. Өлең, ән, тақпақтар тыңдадым. Ал мен енді ертегі көргім кеп тұрғаны. Маған ертегі көрсетесіздер ме?
Жүргізуші: Балалар біз қандай ертегілерді білеміз, есімізге түсірейікші.
Балалар: «Қызыл телпек»,«Мақта қыз бен мысық»,«Аю мен маша», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ»
Жүргізуші: Балалар, біз күз ханшайымына қандай ертегі қойып берейік?
Балалар: Қызыл телпек ертегісін қойып берейік.
Жүргізуші: Ал, балалар ендеше ертегіні бастайық, күздің арманын орындайық.
Автор: Ертеде кішкентай бір қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туылған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл Телпек»деп атап кетіпті.
Автор: Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:
Мамасы: - Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, қал жағдайын біліп қайтшы.
Қызыл Телпек: - Жарайды, анашым, апарып берейін.
Автор: Бәліш пен май салынған себетті алады. Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл Телпек әжесіне аттанады. Ол өлең айтып, әдемі жапырақтар теріп, асықпай жүрді. Бір кезде алдынан Түлкі шыға келді.
Түлкі: Қызыл телпек сен қайда барасың?
Қызыл телпек: Мен әжеме барамын.
Түлкі: Мен де сенімен бірге барайыншы? Мен саған себетінді ұстауға көмектесемін.
Қызыл телпек: Жарайды. Түлкіжан ойын ойнап барсақ қайтеді?
Түлкі: Ойнайық.
Ойын: «Жемістер»
Автор: Осылайша екеуінің қызықтары бітпей ары қарай жол жүреді. Кенеттен ауа - райы бұзылып, күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды.
Жүргізуші: «Бұлттар» биі
Түлкі: Қызыл телпек жаңбыр жауып кетті, мен үйіме қайта берейін. Әйтпесе анам мені іздеп қалар.
Қызыл телпек: Жарайды. Мен ары қарай кетейін. Сау бол.
( Залға қасқыр кіріп келеді)
Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме! Балалар, қызыл телпекті көрмедіңдер ме? Мен сол қызыл телпекті іздеп жүрмін, ол күз айында әжесіне келетін еді. Айтыңдаршы, балалар, сендер неге жиналып қалғансыңдар?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, қасқыр? Қайда бара жатырсың, бүгін мереке ғой қыдырып жүрген боларсың?
Қасқыр: Е - е - е. Қызыл телпек күз айында әжесіне неге келеді десем, әжесіне күздік жемістерді беру үшін келеді екен ғой. Мен қазір қызыл телпектің әжесін ұстап алайын, - деп әженің үйінің есігін қағады. Ешкім ашпайды. Қасқыр үйіне кіріп алады. (Балалар, сендер үйде қасқыр бар деп айтпаңдар деп әжесінің киімдерін киіп алады.)
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекелерің құтты болсын, мен әжемнің қал жағдайын сұрауға келдім – деп есікті қағады.
Қасқыр: Бұл кім?
Қызыл телпек: Әже, әже мен ғой немереңіз қызыл телпекпін ғой. Сізге бәліштер әкелдім.
Қасқыр: (есікті ашып шығады, қызыл телпекті құшақтайды) Амансың ба?
Әже, әже сіздің қолыңыз неге үлкен?
Сені қатты құшақтау үшін, қызым.
Әже, әже құлағыңыз неге сондай үлкен?
Сені жақсы есту үшін, қызым.
Әже, әже көзіңіз неге үлкен?
Сені алыстан жақсы көру үшін қызым, - деп қасқыр әжесінің киімін шешіп тастайды.
Қызыл телпек: Сен қасқыр екенсің ғой, менің әжем қайда, сен оны жеп қойдың ба?
Қасқыр: Мен сені жеймін.
Қызыл телпек: Мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.
Күз ханшайымы: Қасқыржан бүгін мереке ғой, сен қызыл телпекке тиіспе. Қызыл телпек саған өз құрбыларымен мерекеге арналған өлеңдерін айтып берсін. Ендеше менің үш айларымның өлеңдерін қабыл ал.
Қыркүйек айы:
Мен күздің айымын
Молшылық беремін
Жылы күн райымын.
Күзгі бос баламын
Қыркүйек айымын
Күздің басымын.
Қазан айы:
Мен күздің айымын
Молшылық беремін
Дәмді - тәтті жемістер.
Пайдалы көкөністер
Менің атым қазан
Жомарт болам әрқашан.
Қараша айы:
Мен күздің айымын
Жаңбырлы күн райы
Жылы киім киіңдер.
Сырқаттанып жүрмеңдер
Менің атым қараша
Күз өте тамаша!
Жүргізуші: Көрдіңдер ме, балалар, қасқыр өзінің ойынан бас тартты, Әрдайым осындай кешірімді, мейірімді болайық. Күз ханшайымы, сіз төрге шығып қонақ бол, балалардың енді ары қарай балаларымыздың күзге арналған өлең - шумақтарын қабыл ал.
Алина:
Алақай! Алақай!
Шаттанады балақай!
Күз түсті, дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Алдияр:
Мерейлі күз, мырза күз!
Сыйлығыңа ырзамыз!
Аппақ арай таңында,
Шомыламыз нұрға біз!
Айзере С:
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр, сыбдыр түседі.
Нүриман:
Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
Айзере Т:
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жатырақ.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!
Дос болыңдар балалар
Тату - тәтті жүріңдер.
Күн шуағына жылынып
Ән салыңдар, билеңдер!
Би: «Күн шуағы»
Жүргізуші: Балалар күніміз жарқырап, күн шуағы аспанымыздан төгіле берсін. Күндей қыздарымыздың «Күн шағы» биін қабыл алыңыздар.
Күз ханшайымы: Осы уақыттың ішінде мен біраз пайдалы нәрсе істедім. Ормандардың бәрін алтын түске боядым. Сендерге де жапырақтарды ала келдім. Енді сендермен ойын ойнайын.
Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар, енді ойын ойнайық. Мына жапырақтарды аттап өту арқылы жемістерді жинайық.
Ойын «Кім тез!»
Жүргізуші:
Өнер десе жайнаймыз,
Сандуғаштай сайраймыз.
Алтын күзге арналған
Әнімізді шырқаймыз.
Ән «Алтын күз».
Жүргізуші: Рахмет, балалар.
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз – дей келе күзге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Нұрдана:
Күзім - ау, күзім - ау
Мінезің бұзық - ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.
Ақбар:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Мәрлен:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз - деген.
Рауф:
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Милана:
Жеміс - жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Ерасыл:
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды
Жүргізуші:
Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақырайық ортаға
Әніменен тамсандырған Іңкәрді
Іңкәр: «Кап - кап» ән
Күз ханшайымы: Балалар мен сендердің өнерлеріне тәнті болдым. Мен сендермен уақытымды қызықты өткіздім. Енді менің де сендерге арналған сыйлығым бар.
Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымызда аяқталды. Бірақ Күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.
Берекелі бақ – дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше күз айналып!
Осымен «Қарлығаш» тобының ертеңгілігі аяқталды. Күз баршамызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелсін. Келгендеріңізге көп рахмет. Қош сау болыңыздар!
"Жомарт күз" ертеңгілік
- Айжан Советханқызы
- 4 желтоқсан 2019
- 2377
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Айналайын Анашым
Мақсаты: 8 - наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі,...Күзгі орман ертеңгілі
Мерекеге сай түрлі - түсті жапырақтармен безендірілген зал.(Музыка әуенімен ортаға жүргізуші және балалар шығады). Жүргізуші: Балалар қараңдаршы,...Қызыл телпектің саяхаты
Өткізген: Қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы...Жаңа үлгідегі: Қызыл телпек ертегісі
ШҚО, "№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна...Арайлы алтын күз
Қызыл, сары, алтын көк Алуан алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жадырап...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.