Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдер: Көркем әдебиет
Тақырып: «Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қорытындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру; шығармашылық қабілеті мен қиялын дамытуды бекіту. Жеке сөздерді айту дағдыларын қалыптастыру. Балалардың белсенді сөздігін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін қорытындылап бекіту.
Сөздік жұмыс: қойма
Билингвальді компонент: қоян – заяц - hare, қасқыр – волк - wolf, аю – медведь - bear.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері.
Армысың, шұғылалы күнім менің,
Армысың, көгілдір көк аспаным.
Армысың, құшағы кең жерім менің,
Армысың, кішкентай достарым.
Балалар енді келген қонақтарымызбен амандасайық. Іс қимылмен орындады.
- Сәлеметсіздер ме!
- Здраствуйте!
- Hello!
Ұйымдастырушы - іздестіру
Тәрбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Сурет бойынша сұрақтар қояды.)
- Қыс мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
- Балалар, біз осы уақытқа дейін күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметтерінде көп ертегілермен таныстық. Қане, қандай ертегілер естерінде қалды.
- Балалар, келген қонақтарымызға «Бауырсақ» ертегісін рөлге бөліп ойнап берейікші.
Тәрбиеші:
- Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Тәрбиеші:
- Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды. Жата - жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, жолмен орманға қарай зырлай жөнеледі. Қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Тәрбиеші: - Балалар, қоянның тапсырмасын бірге орындап, бауырсаққа көмектесейік.
Қоянның тапсырмасын оқиды.
- Ұн неден алынады?
- Бауырсақтың түсі қандай?
- Пішіні қандай?
- Бауырсақ жолмен зырлап келе жатса, алдынан қасқыр шығыпты.
- Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.
- Бидай, нан, еңбек туралы тақпақ, мақал - мәтел айтып беріңдер.
- Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған аю қарсы шығады.
Аюдың тапсырмасы:
- Ұннан жасалатын тағамдарды атаңдар.
- Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық.
- Бауырсақтың алдынан түлкі кездеседі.
- Балалар, барлығымыз түлкінің тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алайық.
Түлкінің тапсырмасы:
- Бауырсақтың суретін бояп беріңдер.
Балалар қазір жылдың қыс мезгілі екенін айтады.
Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып береді.
Балалар қыс мезгілі туралы тақпақтар айтады.
-«Шұбар тауық», «Үйшік», «Шалқан», «Жеті лақ», «Бауырсақ», т. б.
Шал: - Кемпір - ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір: - Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.
Шал: - Анау қойманың түбін қарап көрсеңші.
Қоян: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: - Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін. (Бауырсақ қоянға өлең айтып береді)
Қоян: - Өлеңің жақсы екен, бірақ та сен менің тапсырмамды орында.
- Бидайдан.
- Сары.
- Шеңбер.
Қоян бауырсақты босатады.
Қасқыр: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеймін!
Бауырсақ: - Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін.
Қасқыр: - Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Балалар қасқырдың тапсырмасын орындайды. Қасқыр бауырсақты босатады.
Аю: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: - Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін.
Аю: - Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
- Бауырсақ, нан, торт, печенье, бәліш, түрлі макарон өнімдері.
Балалар іс - қимылмен орындады.
Түлкі: - Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: - Жоқ, мен саған өлең айтып беремін.
Түлкі: - Жоқ, оңай құтыла алмайсың, менің тапсырмамды орында.
Балалар бауырсақтың суретін бояп, түлкіге береді. Түлкі өз жөніне кетеді
Рефлексивті - түзетуші
Тәрбиеші:
- Балалар, біз қандай ертегіні көрсеттік?
- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Билингвальді компонент: қоян – заяц - hare, қасқыр – волк - wolf, аю – медведь - bear.
- Жарайсыңдар балалар. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер.
Мадақтау.
Қорытындылау.
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
«Бауырсақ» ертегісі
- asima1988
- 1 қараша 2019
- 9403
- 0
- 100
Ілмек сөздер: «Бауырсақ» ертегісі, балабақшаға арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:

Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)
Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту....
Дәмді бауырсақ
Слайдтағы суреттер бойынша ертегілерді еске түсіріп, тұзды қамырдан бауырсақтың қалай жасалатынын түсіндіру. Мүсіндеу әдіс - тәсілдерін пайдалану...
Бауырсақ кетті домалап
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал...
Не деу керек? Буын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әлиева Гүлсім...
"Алтын күз"
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.