Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: Өнер күні
Тақырыбы: "Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, скульптура)".
Мақсаттары:
1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау және ойлау қабілеттерімен шеберліктерін дамыту.
3. Оқыту: Бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік бере отырып, білімін тереңдету, толықтыру.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, ойын технологиясы, сұрақ - жауап, көрсету, үйрету.
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, слайд, суретшілер шығармалары, құралдар.
Билингвалдық компонент: жаз - лето
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І. Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сабақта біз бейнелеу көрмесін ұйымдастырамыз. Көрмені ұйымдастырмас бұрын. Алдымен біз «бейнелеу өнері» дегенде нені түсінеміз?
ІІ. Негізі бөлімі
1. Әңгімелесу
Сабақ тақырыбын баяндау.
Түсінік беру.
- Бейнелеу өнері дегеніміз не?
- Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Олар:
- Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
- Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет.
- Мүсін - Әр түрлі материалдармен.(сазбалшық, ағаш, металл, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір, т. б.)
дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалатын көркем шығарма.
- Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.
- Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданатын түрлі - түрлі көп өнер. Әрбір халықтың өзіндік тарихымен байланысты өнер.
Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қөл өнері жатады.
Осы өнер түрлері ішінде айналамыздағы қоршаған дүниені шынайы, жанды етіп түрлі - түсті бояулармен суреттейтін өнер – живопись (кескіндеме) өнері. Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.
Түрлі жанырда жазылған, суретші шығармалары қоршаған ортаны, табиғатты, дүниені танып - білуге, сұлулық пен әсемдікті көре, сезіне білуге ұмтылдырады. Бейнелеу өнері бізді сұлулық әлеміне жетелейді.
Бугінгі сабақта біз живопись жанырларына толығырақ тоқталып кетеміз.
Натюрморт - жансыз заттар бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.
Портрет - адамның, тұлғаның келбеті бейнеленген көркем туынды.
Пейзаж - табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
Тарихи жанр - бегілі бір оқиғаларды бейнелеген көркем туынды.
Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.
Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Анималистік жанр – жан - жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.
2. Үлгі көрсету
- Балаларға жаз көрінісін көрсету. Салуға жолдарына қарап суретті салады.
- Балалар суретке қарап жаз көрінісін салуға кіріседі.
3. Сергіту сәті:
Мынау сары қарындаш
Онымен күнді бояймын
Мынау қызыл қарындаш
Онымен гүлді бояймын
Мынау жасыл қарындаш
Онымен жерді бояймын
Қолға қаламды аламын
Мен суретші баламын
Түрлі - түрлі бейнені
Әдемілеп саламын
4. Жұмыс барысы
Балалардың жұмысын бақылап, жеке нұсқау беру. Жаз көрінісін салу жолдарын жұмыс барысында қайталап айтып отыру.
5 - Талдау.
Әр жанырлардағы картиналарды, сурттерді зейндерін түріп қарау.
Не көріп тұрсын? Не бейнеленгенін айтып бер? Қандай жанырға жатады деп ойлайсың?
(балалардың жауаптарын тыңдау)
6. Ойын - жаттығу:«Композиция»
Шарты: суреттер А4 - натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.
Әр суретті біртіндеп көтеру, балалар қимыл - қозғалыспен көрсетеді.
Портрет - бір орында тұрып қалу.
Пейзаж - екі қолды жоғары көтеріп, ағаштың бұтақтары желге қалғуын көрсету
Натюрморт - жемістерді бұтақтардан теру.
Анималистика - жануарлардың қимылдарын көрсету, дыбыстау.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Біз бүгінгі сабақта бейнелеу өнерінің түрлері және жанрларымен таныстық. Түрлі жанрда жазылған суретші шығармалары қоршаған ортаны, табиғатты, дүниені танып - білуге, сұлулық пен әсемдікті көре, сезіне білуге ұмтылдырады. Бейнелеу өнері бізді сұлулық әлеміне жетелейді.
- Жарайсыңдар! Енді осы суреттерден көрме ұйымдастырамыз.
- Балалар суреттерін көрмеге орналастырады.
"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, скульптура)".
- almagul_esengazina
- 28 тамыз 2019
- 5880
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі, Көркем бейнелеу көрмесі
Ұқсас жаңалықтар:
Натюрморт жанры
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: балаларға натюрморт жанры туралы түсінік беру, сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету. Дамытушылық: живопись өнері...Оқушының бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілетке б ...
Өнер жолындағы оқушылардың талпыныс ізденісіне жол көрсетіп, үйреншікті нәрседен әсемдікті тауып, бейнелеуге, көргенді есте сақтауға және қиялдау...XXI ғасыр көшбасшылары!
Бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгертуге баулу. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру,...Көркем безендіру
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу, технология мұғалімі Азамат Капанович Жусупов...Натюрморт жанры
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.