Сайтқа кіру Тіркелу

Көліктер

Білім саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным», «Шығармашылық»
Білім бөлімі: Қоршаған орта, құрастыру, жапсыру.
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.
Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд.
Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.
Билингвальды компонент: машина - машина - car, ұшақ - самолет - plane, пойыз - поезд - train, қайық - лодка - boat, көлік - транспорт.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастырушы - ізденуші
Рефлексивтік - түзетуші

- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?

- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетімізді бастайық.

Жылулық шеңбер
- Сәлем, саған алтын күн!
- Сәлем, саған көк аспан!
- Сәлем, саған жер ана!
- Сәлем, саған достарым!
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

- Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.

- Көлік дегеніміз не?
- Ол адамға неге қажет?
- Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер?
- Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.

Жұмбақтар

1. Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер.

2. Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте

3. Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.

4. Жүргізуші жүргізеді,
Төрт аяқты батырды.

- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы. Көліктердің қандай түрлері болады?

Әңгіме: «Көліктер».

Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады. Көліктердің төрт түрлері бар. Олар:

1. Әуеде ұшатын көліктер:
2. Суда жүзетін көліктер:
3. Жерде жүретін көліктер:
4. Темір жол көліктер:

Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық.

Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап апқан.

- Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме? Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.
- Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер ме?
- Ал қайықпен ше?
- Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.
- Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір сергіп алайық.

Сергіту сәті
Дидактикалық ойын:
«Бағдаршам» ойыны
Көшедегі қимыл - қозғалысты реттеу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
- Бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?
- Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?
- Ал, машина туралы тақпақты кім айтады?

Ойын шарты: Бір бала - «Бағдаршам» болып тұрады. Ол қызыл түсті көтергенде, балалар бір адым артқа, сары түсі көтергенде орындарында тапжылмай тұрады. Жасыл түсі көтергенде, бір адым алға жылжиды.

Көліктердің түрлерін ажырата білу. Слайд арқылы көрсетіледі.
- Балалар, жедел жәрдем көлігі кімдерге қызмет етеді.
- Жол полициясы қандай қызмет атқарады?
- Өрт сөндіретін машина қандай қызмет көрсетеді?
- Автобус, пойыз, ұшақ не үшін керек?
- Дұрыс айтасыңдар, машина жүргізетін адамды кім деп атауға болады?
- Пойызды жүргізетін адамды кім деп айтамыз?
- Ұшақты кім басқарады?

Жарайсыңдар балалар.
Ал енді, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетімізді құрастыру сабағымен жалғастырайық. Топтағы балаларды

4 - топқа бөлемін.
1 – топ «Теңізшілер» тобы.
2 - топ «Теміржолшылар» тобы.
3 - топ «Ұшқыштар» тобы.
4 - топ «Жүргізушілер» тобы

«Көлік құрастыру».
Қиылған дайын көлік суреттерін үлгіге қарап, құрастырады.
Ұжымдық жұмыс.
Геометриялық пішіндерден машина жапсырып, түстерін және пішіндерін сұраймын.
(Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, шеңбер).

Қорытынды:
- Көліктің қандай түрлері болады?
- Адамға көлік не үшін қажет?
- Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?
- Не құрастырдыңдар, балалар?

Жарайсыңдар, балалар!
Осымен бүгінгі іс - әрекетіміз аяқталды. Балаларды мақтау - мадақтау.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×