Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Абишева А. М.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Пән: Сауат ашу негіздері
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Ғ дыбысы және әрпі»
Мақсаттары:
1. Тәрбиелік: тапқырлыққа, ойынның ұшқыр болуына тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
3. Оқыту: «ғ» дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: жұмыс дәптері, әріп қималары.
Көптілділік: сызғыш - линейка, дауысты дыбыс - гласный звук.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші балалардың назарын тақтада ілініп тұрған әліпбиге аударады да, жұмбақ жасырады.
Жұмбақ:
Көп әріп ішінде -
Шалғы пішінде.
Тап мұны, түсін де.
- Дұрыс таптыңдар, балалар, бұл «ғ» дыбысы. «Ғ» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дауыс шымылдығының дірілінен «ғ» дыбысы естіледі.
- Балалар, «ғ» дыбысын айтып көрейік
- «Ғ» дыбысы - дауыссыз дыбыс, әндетіп, созып айтуға келмейді.
- Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейтін едік?
- Дұрыс айтасыңдар.
- «Ғ» дыбысы бар сөздерді кім тез тауып айтады?
- Кәне, кім аға сөзін қима әріптер арқылы тақтаға жазып береді?
- Енді «ғ» дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.
Жаңылтпаш:
Ағабай ағасын
Ағатай ағасың!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.
Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
- Сызғыш сөзін буынға бөліндер.
- Дұрыс айтасындар.
Көптілділік: сызғыш - линейка, дауысты дыбыс - гласный звук.
Ғарыш - аспан әлемі.
- Балалар, буындардың жазылуын сызба түрінде былай көрсетеді (тақтада көрсетеді): сыз - ғыш.
- Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- Сызғыш, сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- 6 дыбыс, 6 әріп бар.
С - дауыссыз дыбыс.
Ы - дауысты дыбыс.
З - дауыссыз дыбыс.
Ғ - дауыссыз дыбыс.
Ы - дауысты дыбыс.
Ш - дауыссыз дыбыс.
2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.
- Екінші буын қай дыбыстан басталады? (Екінші буын «ғ» дыбысынан басталады.)
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді «ғ» дыбысының таңбасымен танысайық.
Тәрбиеші «ғ» дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Тәрбиеші тақтаға қысқа буындар жазып, балаларға оқытады: ҒА, ҒҰ, ҒЫ, ҒО, ҒӘ.
Сөздерді оқыту: АҒА, ҒАРЫШ.
(Балалар буындар мен сөздерді тәрбиешінің көмегімен оқиды.)
Дид./ойын:«Сөйлемдерді толықтыру»
Ойын шарты: балалар тәрбиешінің бастаған сөйлемін жалғастырады.
- Өзімнен үлкен бауырым - аға.
- Қыз құлағындағы әшекей - сырға.
- Ат тұяғындағы темір - таға.
- Қап - қара құс - қарға.
- Шегені қағатын - балға.
- Жарыста айғайлайтын сөз - алға.
- Шыр - шыр еткен - торғай.
- Мысықтың баласы - марғау.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі № 9 тапсырма орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
3. Қорытынды:
- Қандай дыбыспен таныстық?
- «Ғ» дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай сөздерде «ғ» дыбысы бар екен?
"Ғ" дыбысы мен әрпі
- abishevaaliya1992
- 9 ақпан 2019
- 3373
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп...С дыбысы және әрпімен таныстыру
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы...Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.