Ойын - бала өмірінің нәрі
Ойын балалар өмірінің, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, саналы білікті болуы міндетті.
Балаларға ақыл - ой адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Қай бала болсын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», Ойында озған, өмірде де озады. Деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғаса береді. Ойындардың негізгі мақсаты - балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтауы мен қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс - әрекетін бағалап, құрметтеп, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтайды, қалыптастырады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп.
Өйткені әрбір балаға ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр - қайрат жұмсауды керек етеді. Баланың қуанышын мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды - мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. М. Әуезов: «Қазақ халқының тарихында көптеген қызықты ойындар бар, олар балалар үшін тек көңіл көтеру ісі емес, сонымен қатар ләззат алу құралы»,- деген екен. Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын – оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту болса, тәрбиешінің міндеті - сол ойынның түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігімен тіл байлығын арттыра түсіруге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Ойын түрлерін пайдалану, біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген белсенділігін арттырып, сапасын көтеру болып табылады. Жалпы ойынның қандай түрі болсын, атадан - балаға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырады. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің өмір нәрі болып табылады. Ал мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің басты құралы - ойын. Балаларға ойындарды үйретіп, оған ерекше нәр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата - аналар педагогтар бір сәт те естен шығармағандары абзал. Бүлдіршіндер де ойнай да, күле де ойлай да білсін!
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы,
МКҚК«Балдәруен»бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі
Исина Айсұлу Ойратқызы
Ойын-бала өмірінің нәрі
- Aisulu_Oiratovna
- 20 қаңтар 2019
- 2190
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ойын арқылы дамыту, Ойын бала өмірінің нәрі, балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден - ақ білген. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай....Бала тілін ойын арқылы дамыту
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық...Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...
№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14 ОЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еслямгалиев Әділғазы Еркінғалиұлы...Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы
№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.