Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ сөздерін жаттатуға арналған ойындар

Тыңдалым дағдысына арналған ойындар:

1. (Көрсет!) Өтілетін сөздердің суреттерін тақтаға ілеміз. Балаларды кезекпен ортаға шақырып, суреттердің бірін атаймыз. Ортаға шыққан бала аталған сөзді көрсетіп, дереу орнына отырады. Ойын барлық бала шығып болғанша жалғасады.

2. (Доппен көзде!) Суреттер тақтаға ілінеді. Балаларды ортаға кезекпен шақырып, қолдарына жұмсақ доп береміз де, суреттердің бірін атаймыз. Балалар аталған суреттерді доппен дәлдейді. Ойын барлық бала шыққанға дейін жалғасады.

3. Боулинг. Өтілген сөздердің суреттері кегльдерге жапсырылған. Балалар кезекпен ортаға шығып, доппен кегльдерді құлатады. Әр құлатқан кегль үшін бір балл, ал құлаған кегльге жапсырылған суретті қазақша атаса, екі балл беріледі.

4. (Бұрыштарға жүгіру) Суреттерді бөлме ішіне қойып тастаймыз. Тақтадан көңілді музыка қоямыз. Балалар сол музыка ырғағында шеңбер жасап, айналып жүреді. Арасында музыканы тоқтатып, суреттерің бірін атаймыз. Балалар аталған суретке қарай жүгірулері тиіс. Балаларды тексеру мақсатында, мұғалім бір суретті атап, өзі басқа суретке қарай жүгіруі мүмкін.

5. Сымсыз телефон. Балалар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім шетте отырған баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды. Ол бала жанындағы балаға, ол келесі балаға айтып, соңғы балаға жеткен уақытта, ол бала тақтадағы суреттердің ішінен өзі естіген суретін алып келеді.

6. Лексикалық орындық. Орындықтарды шеңбер бойымен қоямыз. Орындық саны ортаға шақырылған қатысушылар санынан бірге аз болуы тиіс. Қатысушыларға тақырып таныстырылады. Мысалы, «Жейтін тағамдар», мұғалім аталған тақырып бойынша сөздерді (нан, ет, май т. б) атай бастайды. Ал балалар болса бұл уақытта орындықты айналып жүгіріп жүреді. Ал аталған тақырыптан тыс сөз айтылған уақытта балалар орындықтарға отырады. Әр отырған сайын бір бала ойыннан шығып отырып, соңында жеңімпаз анықталады.

7. Өзендерден өту. Еден үстіне көк мата төсеп, балаларға оны өзен деп айтамыз. Ал ол өзеннен тек тастарды басып қана арғы бетке өтуге болады. Өзеннің үстіне тастарды (яғни, жаттатып жатқан сөздердің суреттерін) тастаймыз да, ортаға бір баладан шақырамыз. Сонан соң оларға едендегі суреттерді айтып отырамыз. Бала айтылған суреттерді басып арғы бетке өтеді.

Айтылым дағдысына арналған ойындар:

1. Арғы жағы көрініп тұратын сұрақ белгісі. Картонның бір бөлігін домалақ етіп кесіп, оны ламинаттаймыз. Сонан соң өтіліп жатқан сөздердің суреттерін сол картонның артқы жағында ұстап, әлгі домалақтан суреттің бір бөлігін көрсетеміз. Балалар көрінген бөлігіне қарап, ненің суреті екендігін айтады. Егер бала өз ойын шала болса да қазақ тілінде жеткізе алатындай деңгейге жетсе, тек қана бұл ненің суреті деп сұрау жеткіліксіз. Сонымен қатар, суреттің қай бөлігі екендігін айтуды талап етуіміз керек. Мәселен, домалақтан мысықтың құлағы көрінсе, «бұл мысық» - деп қана қоймай, «Бұл мысықтың құлағы» деп жауап беруін талап етуіміз қажет.

2. Суреттерді екі тізбекке бөліп, еденге қоямыз. Ортаға екі баланы шығарып, әр тізбектің басына бір баладан тұрғызамыз. Балалардан кезекпен суреттердің атауларын сұраймыз. Атауын дұрыс атаған бала бір қадам жылжиды. Барлық суретті дұрыс атап, ортаға бірінші жеткен бала жеңіске жетеді.

3. Кім жылдам? Балалар екі топқа бөлінеді. Ортаға әр топтан бір - бір баладан шақырып, қарама - қарсы тұрғызамыз. Екеуіне тақырыпқа байланысты суреттер беріледі. Балалар суреттерді арттарына тығып ұстап, мұғалім үшке дейін санағанда бір - біріне суреттердің бірін көрсетеді. Қарсыласының суретін бірінші боп атаған балаға бір ұпай беріледі

4. Жауап бер! Мұғалім қолына доп алып, балаларға кезекпен сұрақ қойып лақтырады. Мәселен, «Не үлкен?», «Не жасыл?», «Не тәтті?»т. с. с

5. Дұрыс - бұрыс. Мұғалім қазақ тілінде бір сөз тіркесін атап, балаларға доп лақтырады. Егер мұғалімнің атағаны дұрыс болса, балалар «дұрыс» деп мұғалімнің айтқанын қайталайды, ал дұрыс болмаса «дұрыс емес» деп айтып, өзі дұрысын атап, допты қайта мұғалімге лақтырады. (Алма тәтті – Дұрыс, алма тәтті. Картоп жеміс – дұрыс емес, картоп – көкөніс)

НЗМ ДББҰ филиалы
Астана қаласындағы Халықаралық мектеп балабақшасының
қазақ тілі пәні мұғалімі Үйсінбаев Мирас Қанатұлы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×