«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Слайд тақтадан: «Рахмет саған анашым»
Алихан:
Қымбатты әжелер, аналар, аяулы ұстаздар! Баршаңызды 8наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын
Абылай:
Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитател! От все души поздравляем вас с весенним праздником 8марта. Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!
Диас:
Dear Mummy, Dear Granny!
I want you to be happy!
On the eights of March
I love Mummy, I love Granny!
I wish them health
I wish them wealth!
Диас: Ендеше тобымыздың Ару қыздарын ортаға шақырайық
Би: Жүрекше
Жүргізуші:
Қымбатты аналар, ардақты ұстаздар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»деп аталған аналарға арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!- деп құттықтау сөз кезегін берейік.
Құттықтау сөз: «Ақбота» балабақшасының директоры Сарбиназ Талапқалиқызына беріледі.
Ата - ана:
Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
Хор: Анашым ана жаным
Тақпақтар:
1.
Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің.
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.
2.
Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің анашым.
3.Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!
4.
Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?
5
Алысқа кетсемде,
Сағынамын мен сені!
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым!
Жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген - дей отырып келесі кезекті қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Би: Гүлдер
Жүргізуші:
Бүгін наурыздің 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
6.
Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым
7.
Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.
8.
Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейірімділік ананың
Болмас еш бір адамда.
9.
Анамыздың мерекесі
Келіп қалды жақындап
Көңілін қалай тапсам деп
Ойлап жүрім күн - түні.
10.
Ананы мен жақсы көремін,
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.
Жүргізуші:
Қуанамыз сыйлаймыз.
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу шашамыз - деп Сабинаның орындауында «Ата ананы тыңдаймыз» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның аналары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, қыздарымызбен ұлдарымызды ортаға шақырамыз.
Би: Қыз бен жігіттер
Жүргізуші:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ дей келе барлық аналардың құрметіне балалардың құттықтауларын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
11.
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
12.
Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл - қыздар!!!
13.
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
14
. Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
15.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Жүргізуші:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын - деп ортамызға тобымыздың жігітімен аруларымызды ортаға шақырамыз.
Би: Байланыстағы қыз
Жүргізуші:
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері - деп келесі құттықтаулар әжелерімізге арналады.
Тақпақтар:
16.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
17.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
18.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
19.
Анам, анам, ақ аннам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.
20.
Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
Би: Жігіттер биі
Жүргізуші:
Анасыз, бір жоқ күнің,
Әжесіз, бір жоқ күнің.
Ұсынамыз бүгін біз,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Таңдай қағар тамсана,
Тіршіліктің басы - Ана.
Қыздырайық тойды біз,
Тақпақ айтып бәріміз - деп балаларың тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақтар:
21.
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
22.
Бізге қарап елжіреп,...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
23.
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
24
. Еркелеткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс
25.
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген анашым
Құттықтаймын бүгін сізді
Мерекеңмен анашым
Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп.
Құшақ ашса келші деп,
Жүрегіміз күлімдеп.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда тобымыздың ару қыздарын ортаға шақырамыз.
Би: Шығыс биі
Жүргізуші:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Ендеше Аналарымыздың қолынан ұстап «Аяулы анашым» әнін орындайықшы.
Жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті аналар, әжелер «Қарлығаш» тобының «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау - саламатта болыңыздар!
«Ақбота» балабақшасы
Тәрбиешілер: Ш. Жанабаева А. Тогаева
Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы "Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Тогаева Акелик Утелгеновна
"Жүректің жылуын сыйлайыншы анама"
- А.Тогаева
- 18 сәуір 2018
- 5583
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жүректің жылуын сыйлайыншы анама, 8 наурызға арналған сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Менің анам - Алтын!
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер, бейнефильмдер арқылы аналарды, сыныптас қыздарды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке,...Аналар асыл қазынам
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...Аяулы -анашым
Тақырыбы: «Аяулы аналар»...Анасы бар адамдар ешқашан картаймайды
Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар..."Сыйынар ем Ана деген тәңірге" (8 наурыз сценариі)
Сыйынар ем Ана деген тәңірге (8 наурыз!) Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.