Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: Ойнайық та ойлайық
Мақсаты:
1. Заттарды реттік және есептік санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру. «Нешінші?»деген сұрақтарға дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.
2. Кеңістікте бағдарлау қабілетін дамыту. Геометриялық пішінін анықтап, түсіне, пішіні мен көлеміне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру.
3. Заттардың ұзындығын бір - бірімен салыстырып және шартты өлшемнің көмегімен өлшеуді қайталау. Ұсақ қол маторикасын дамыту
Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.
Бір - біріне көмек қолын созуға тәрбиелеу.
Әдістер: – Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері: Кубизм, Венн диаграммасы, ертегі терапиясы
Сөздік жұмыс: қосу, алу, сандар
Қажетті құралдар: сандар, түрлі түсті шеңбер, кестелер дәптер.
Ал енді шеңберге тұрып, көңіл күйімізді көтерейік.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым,
Амансың ба, қонақтар,
Сабағымызды бастаймыз,
Жамандықты тастаймыз.
Балалар көтеріңкі күйде қимыл - қозғалыс жасап, бір - біріне сәлем береді.
- 1.«Сиқырлы кубик»- логикалық ойыны
-
- 2.«Көршісін тап»- тақта алдында ілініп тұрған. шеңберлерде әр - түрлі жануарлар мен - аңдардың суреттеріне қысқышпен бірінші суреттен бастап цифрларды іледі, тура - кері санайды, «көршісін атайды
3.«Ғажайып сақиналар» үстелде - жұппен «Венн диаграммасы»арқылы геометриялық пішіндерді түсіне, көлеміне қарай ажыратып, салыстырады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.
4. Сергіту сәті - «Іздермен жүреміз»- кеңістікте бағдарлау
Бұл әдіс балалардың оң - солын танып, кеңістікте бағдарлай алу қабілеттерін жетілдіреді.
5. «Тығылмақ» ойыны Қағаз бетінде бағдарлау -
Тапсырма - Жануарлардың бейнесі салынған суретті қағаз бетіне орналастыру
1. Оң жақтағы жоғары бұрышқа - қоян
2. Сол жақтағы төменгі бұрышқа - аю
3. Сол жақтағы жоғары бұрышқа
4. Оң жақтағы төменгі бұрышқа
Осы тапсырма арқылы балалардың, ойлау қабілеттері шыңдалады, ұсақ қол моторикасы дамиды.
6. Есеп шығару
(Балалар карточкалардағы есептерді шығару)
Баланың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады
«Көмек көрсету» тапсырмасы
Балалар бір - біріне көмек көрсету қажеттігін түсінеді, ұжымдық жұмыс түріне жаттығады.
«Жүректен жүрекке» тренинг жүргізу
Ойнайық та ойлайық
- FARIDA.TOKTAROVNA
- 14 ақпан 2018
- 3528
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ойнайық та ойлайық, балабақшаға арналған сабақ жоспары, геометриялық пішін
Ұқсас жаңалықтар:
Ойнайық та, ойлайық
Балаларды 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды кеңістікті бағдарлауды, тәулік бөліктері туралы білімдерін бекіту, геометриялық пішіндер туралы...Ғажайыпстанға саяхат
Тақырыбы: «Ғажайыпстанға саяхат» Мақсаты: Заттардың әр түрлі топтарын санау оның санын анықтап тура, кері санауға үйрету. Балалардың қарапайым...Кім зейінді? ойын сабағы
Мақсаты: білімділік: Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,. Дамытушылық: Балалардың...Геометриялық пішіндер әлемінде
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету....Күзгі жапырақ
Тақырыбы: «Күзгі жапырақ» Мақсаты: Білімділік: Түрлі түсті сазермекті түсіне, көлеміне қарай іріктеп алу, пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.