Сайтқа кіру Тіркелу

Қызметтік мінездеме мұғалімге

Бастауыш сынып мұғалімі Мұратова Санияға

Қызметтік мінездеме
Мұратова Сания Құрақбайқызы Тараз педагогикалық институтының түлегі, бастауыш сынып мұғалімі. Ол еңбек еткен 14 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Аудандық «Үздік әдіскер - 2019» байқауына қатысып «Жаңашыл әдіскер» номинациясына, «Үздік сынып жетекшісі - 2020» байқауында да «Жаңашыл тәрбиеші» номинациясына ие болды.
Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.

Сабақ беретін 2 «А» сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс - жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Санияның еңбегі ерекше.
2019 жылы «Бастауыш сынып» журналының №8 санында «Шаршы салу және оның периметрін табу» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Аудандық тамыз кеңесінде «Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындарды тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесін мұғалімдермен бөлісті. 2019 - 2020 оқу жылында әдебиеттік оқу пәнінен «Ақша қар» тақырыбында ашық сабағы, «Ойнайық та, ойлайық!» атты интеллектуалды ойын мен «Ардақты ұстазым» сыныптан тыс шарасы «өте жақсы» деп бағаланды.

«Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар Сания бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі. Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар.
Мұратова Сания заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Мектеп директоры: Ж. Маратов

Директордың оқу ісі
жөніндегі меңгерушісі: А. Маханбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Үйден оқытылатын оқушылармен жұмыс түрлері

Үйден оқытылатын оқушылармен жұмыс түрлері

Жұмыс папкасының реттілігі: 1. Түйіндеме 2. Анықтама 3. ППМК қорытындысы 4. Ата - анасы туралы мәлімет...
Ұстаздық-ұлы белес

Ұстаздық-ұлы белес

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар...
Қазанбай Ғалия Тілектесқызы

Қазанбай Ғалия Тілектесқызы

Қызылорда обл, Қазалы ауд., Бекарыстан би ауылы Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Қазанбай Ғалия Тілектесқызы...
Бітіруші түлектердің куәлік тапсыру рәсімі

Бітіруші түлектердің куәлік тапсыру рәсімі

2021 - 2022 оқу жылындағы 9 класс оқушыларына негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру. Оқу жылын «Ерекше куәлікпен» аяқтап отырған...
«Балабақшам – терең мақтанышым»

«Балабақшам – терең мақтанышым»

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы «Балабақшам – терең...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×