Сайтқа кіру Тіркелу

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара.
АҚ күні және әскери - спорттық мереке.

Шара 3 бөлімнен тұрады.
І бөлім.
а) Кластан тыс іс - шаралар: лекция, әңгімелесу; Жауапты класс жетекшілер
б) Жалпы кластарда жүргізілетін шаралар. (жеке басты сақтандыру құралдарын тазалау, сүрту, түгендеу және тұмылдырықтар жасау т. б.) Жауапты АӘД пәнінің ұйымдастырушысы,
медбике, класс жетекшілер.
в) Дабыл бойынша оқушылардың іс - әрекеттерін бақылау.
Үшінші сабақ аяқталар кезде мектеп радиорубкасынан «Бәріңе!, Бәріңе!», «ТЫҢДАҢЫЗДАР!, ТЫҢДАҢЫЗДАР!», «ӘУЕ ШАБУЫЛЫ!, «ӘУЕ ШАБУЫЛЫ!, ӘУЕ ШАБУЫЛЫ!» деген мектептің АҚ басшысының пәрменімен «ДАБЫЛ» беріліп, нені тез орындау және қай заттарды алу керектігі ескертіледі.
Мектеп оқушылары, мұғалімдер, қызметкерлер шұғыл мектеп спортзалына көшіріледі. Әр оқушыда жеке басты сақтандыру құралдары болуы шарт. (мақталы - дәкелі тұмылдырық, газқағар, респиратор). Тез көшірілу кезіндегі жеңімпаз класты сақтандыру құралдарының түгелділігі және шұғыл жинақылығымен бағаланады.
ІІ бөлім.
Әскери - спорттық конкурстар
(спортзал)
ІІІ бөлім.
Әскери - спорттық эстафеталар
(спорт алаңы)
Мақсаты:
• оқушыларды отан қорғауға, Қ. Р. Қ. күштерінде қызмет етуге қызығушылықтарын оятуға, құрмет көрсетуге баулу;
• Моральдық, физикалық тұрғыдағы табандылыққа және әскери іс жөніндегі білімдері мен тәжірибелерін шыңдау;
• Қауіп - қатер төнгенде жеке басын сақтандырумен қатар, жолдастарына дер кезінде көмек бере білуге, достыққа тәрбиелеу.
Әділ қазылар:
- Мектеп директоры.
- Оқу - ісінің меңгерушісі.
- Тәрбие - ісі жөніндегі орынбасар.
- АӘД пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы.
- Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.
- Еңбек пәнінің мұғалімі.
- Мектеп медбикесі.
Шараға қатысушылар: 9, 10, 11 класс оқушылары.
Қажетті құрал - жабдықтар: секундомер, ысқырық, әртүрлі жалаушалар, көшіру жолдарын көрсететін планкалар, гранаталар, автомат макеті, велосипедтер, газқағарлар, оқжатар т. б.
Өтетін орны: спортзал, спорт алаңы.
Киім үлгісі: спорттық, әскери.
Мадақтаулар: мектеп тарапынан.
Эстафеталық таяқша: автомат макеті.
ІІ бөлім (спортзал).
1. Мергендер сайысы (пневматикалық мылтықтан 5 оқтан нысанаға ату, әр кластан
3 ер, 3 қыз баладан).
2. Автоматты толық емес бөлшектеу және қайта жинау. 2 ер, 2 қыз бала.
3. Оқжатарға оқ жинау. 1 ер, 1 қыз бала.
4. Газқағар кию (уақытқа) командалар.
5. Есте сақтау (үстел үстіндегі заттарды ауыстырып қойғаннан кейін, қайта орнына қою).
ІІІ бөлім (спорт алаңы)
1. Айналмалы жүгіру.
2. Дәлдікке граната лақтыру.
3. Ядролық жарылыс кезіндегі қорғану.
4. Велосипедтермен әртүрлі кедергілерден өту.
5. Санитарлар сайысы (жараланған сарбазға алғашқы мед. көмек көрсету, тасымалдау).
6. 60 м - ге газқағар киіп жүгіру.
7. Әскери - спорттық кедергілерден өту.
Ескертулер:
1. Жеңімпаз команданы анықтау барлық бөлімдер бойынша көп ұпай жинағандығымен анықталады.
2. Барлық бөлімдердің ұпайлары 5 - тік баллмен есептеліп, жіберген қателіктеріне байланысты 4, 3, 2, 1 болып шегеріліп отырады
3. Санитарлар сайысында: санитарлар газқағарда немесе тұмылдырықта болуы шарт. Жараланған сарбазға газқағар кигізілген болуы керек.
4. Веложарыс алдында шабандоздарға жолда жүру ережелері бойынша сұрақтарға жауап беруге тура келеді.
5. І, ІІ, ІІІ орын алған командалар мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттауларға мектеп ұжымы жауапты.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×