Сайтқа кіру Тіркелу

Көркем сөздің құдіреті: Шұбақ

Көркем сөздің құдіреті: Шұбақ
Тізбек, қатар.
Мысалдар:
1. Жүзден астам алдында салт аттылар,
Арт жағы шұбақ түйе көрінеді.
(С. Мұқанов, Сұлушаш)
2. Ұзын шұбақ көш әлгілердің соңында жосылып қалған ат тұяғының ізімен жүріп келе жатқан - ды. Екі ауылдың ер - азаматы алысқа ұзамаған.
(Ә. Нұрпейісов, Қан мен тер: 2 кітап)
3. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ.
Қызыл кітап —
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
(Қ. Мырзалиев, Қызыл кітап)
4. Олардың соңынан елшілер әкелген сыйлықтарды көтеріп келе жатқан сарай қызметшілерінің ұзын - шұбақ тізбегі көрінді.
(Ә. Кекілбайұлы, Аңыздың ақыры)
5. Бұдан соң Дәурен ұзыннан шұбақ бір әңгіме Дәурен еге кетеді. Бүгінде өз бригадасында істеп жүрген Байғуатов деген біреуді Дәурен бала күнінен біледі екен.
(З. Қабдолов, Ұшқын)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×