МҮСІН
Өткізілетін уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты
Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және техникалармен танысу.
Тапсырма: Көрнекі материалмен жұмыс. Формасы жағынан алуан түрлі қапталған мата қатпарларының натурадан жасалған нобайлары.
Мақсаты: Оқу материалын игеруге жататын мазмұнды зерттеу.
Міндеттері: Нобайлар мен суреттемелерде салбыраған матаның қатпарларының бейнесі машықтарын анықтау және кеңейту.
Материал: Формат А3, қарындаш.
Саны: 3 - 5 нобайлар.
Ескерту: Әдістемелік құралдарды пайдалану. Аталған тапсырма қатпарлардың рельефін жасау үшін дайындаушы болып табылады. Сабақтың жартысын плинтты 30×30 см. дайындауға жұмсауға болады.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
4. Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Алдын - ала нобайсыз ілініп тұрған қапталған матаның күрделі қатпарлары натурасынан жасалған рельеф мүсін болып табылады.
Мүсінді орындау технологиясы.
Мүсіндерді орындауда әр түрлі ережелер бар. Қалай болса солай сомдамайды. Жануар болсын, адамды болсын сомдағанда оның өлшемдері, пропорциясы сақталуы керек, әрі перспективада ескерілуі керек. Ол заттардың жеке - жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.
Осыны жетілдіре түсті атақты мүсінші Поликлет өзінің бірінші рет «Пропорциялық заңдылық» еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның ішкі пластикалық қимыл – қозғалысын (психологиясын) мінез - құлқын көрсеткен. «Дорифор» мүсінін өмірге келтірді.
Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін. Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.
Бедерлі мүсіннің екі түрі болады, олар: барельеф және горельеф. Егер де мүсіндегі тұлғалар кеңістіктен өз қалыңдығынан жарым - жартылай шығып тұрса, ондай мүсінді барельеф деп атайды.
Ал мүсін өз қалыңдығынан жарым - жартылайдан гөрі көбірек шығып тұрса горельеф дейді.
Бүгінгі жұмысымызда осы барельеф тәсілімен натюрмортты бастаймыз.
Кез келген жұмыс қағаз бетіндегі эскиз жасаудан бастау алады.
Бірінші кезеңде оның негізі, яғни жазықтық дайындалады. Жазықтық тақтайшалар алынып, оның бетіне сазбалшық жұқалай жағылып шығады да, оның бетіне тік төртбұрышты стектердің көмегімен қырналып тегістеледі. Тегістелген тақтайшалар – плинт деп аталады. Осы плинттің үстіне эскизге қарап отырып сурет салынады. Сазбалшықтан ширатпалар есіп дайындаймыз. Ширатпаларды натюрморт бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, оның ішін сазбалшықпен толтырамыз.
Екінші кезеңде осы суреттің үстіне сазбалшық жапсырып отырып, оның көлемін ұлғайта береді.
Сазбалшықты жаға отырып оның кеңістіктен біршама шығуын қамтамасыз ету қажет.
Сазбалшықты бір - біріне жапсыра отырып натюрмортты сомдай отырып, оның пропорциясын дұрыс сақтауға тырысу керек.
Үшінші кезеңде заттардың, фигуралардың көлемін, қалыңдығын дұрыс шығарып сомдау қажет.
Жұмысты алдыңғы және артқы планды естен шығармай жұмысымызды аяқтайтын боламыз.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға барельеф тәсілімен мүсін жасауды, оның ішінде натюрмортты, мата қыртыстарын сомдаудың қыр - сырын үйретемін.
6. Мүсіннің бедерлі түрімен сомдау қаншалықты қызықты бола болғанымен, біршама қиындықтар туғызады. Мүмкін заттарды, фигураларды зерттеп барып сомдау, міне бұл әдіс өз әсерін, жемісін беретіні сөзсіз.
Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың. Мүсін нешеге бөлінеді?
Жұмыр мүсін дегеніміз не? Бедерлі мүсін ше?
7. Үй тапсырмасына барельеф, горельеф тәсілімен үй тұрмысында қолданылатын заттардың қарапайым түрлерін жасап келуін тапсырамын.
Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты (мүсін сабағы)
- ramuk_b
- 22 қыркүйек 2016
- 6186
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Натурадан жасалған рельефте сомдау, мүсін сабағынан сабақ жоспар
Ұқсас жаңалықтар:
Мүсін өнерінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мүсін жайлы жалпы түсінік беру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық...Адам басының бюсты (мүсін сабағы)
Мақсаты: Адам басының бюстін сомдау. Олардың пропорцияларын, формасының модельдерін жеткізу машықтарын иелену. Міндеттері: Бет - әлпет мүшелерінің...Папье - маше (мүсін сабағы)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Папье - маше тәсілі туралы түсіндіру. Осы тәсілмен маска жасауды үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындаудағы...Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу ...
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу. Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және...Мүсін өнері
Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі бейнелеу өнері мұғалім: Солтанбаева Г.Т....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.