Гафика
Сабақтың тақырыбы: Қыртысы күрделі драпировканың тоны, жарық пен көлеңкесін салыстырып орындау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға драпировка туралы түсінік беру. Оқушыларды әсем, әдемі бейнелеуге баулу.
Қағаз бетіне дұрыс үйлестіруді үйрету.
Жарық пен көлеңкесін табуды меңгерту.
ә) Тәрбиелік мәні
Оқушыларды таза, ұқыпты, өз бетінше сурет салуға, жақсы нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы
Жай қарындаш арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін көрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекіліктері:
Драпировканың салыну жолдары көрсетілген плакаттар, тақырып жазылған плакат, ребус, қойылым,(драпировка)
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сурет салдырту.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Жаңа сабаққа даярлық
III Жаңа сабақ
IV Ой қозғау
V Оқушылармен өзіндік жұмыс
VI Сабақты қорыту
VII Бағалау.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, оқушыларды сабаққа дайындау.
II. Жаңа сабаққа даярлық
Балалар, біз бүгін «Мата қатпарларының негізгі түрлері» атты жаңа сабағымызды бастайық. Сабақ басталмас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш т. б құралдарыңды дайындап алайық. Енді драпировканың салыну жолдарына, штрихтау тәсілдеріне үңілейік.
III. Жаңа сабақ
Фонға ілінген мата немесе шүберекті драпировка дейміз. Матаны сурет терминінде драпировка деп атаймыз. Драпировканың көптеген түрлері бар. Олар: киім драпировкасы, шторлардың драпировкасы, тюльдердің драпировкасы, мүсін драпировкасы, кескіндеме драпировкасы, қабырға драпировкасы, стол стуль драпировкасы т. б
Драпировканың әр түрлі түстері болады. Олар жылы түс, суық түс болып екіге бөлінеді. Драпировканы суретте әр заттың жақсы ашық көрінуі үшін пайдаланамыз. Мысалы: жылы натюрмортқа жылы түс, салқын түстеріне қарай драпировка қоямыз.
Драпировканың да әр зат сияқты жарық, меншікті көлеңке, түспе көлеңкелері болады. Суық драпировканың көлеңкесі қою көлеңке болады, ал жылы драпировканың көлеңкесі ашықтау болады. Көбінесе әр түрлі заттарға фон арқылы пайдалануға болады. Бірақ затқа бір ғана драпировка қоюға болады. Әр бейнені және кейіпкерді нақты көрсету үшін ғана пайдаланады.
IV. Сөз жұмбақ
Жасырын сөз - Драпировка.
1. Заттардың көркемдік үлгісін жасау. Бейнелеу өнерінің бір түрі.
2. Бір түсті бояу, қарандаш, тушь арқылы орындалатын сурет.
3. Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалынған сызу құралы.
4. Адамның өз келбетін, өзі бейнелеу.
5. Жылт - орысша мағынасы.
6. Әр түрлі көркем шығармалардың мазмұны мен бір - тұтастығын білдіреді.
7. Затты белгілеудегі сыртқы тұтас сызық.
8. Суға жақсы еритін бояу.
9. Белгілі заттың сәуле түспеген қарсы беті
10. Негізгі көрініс бейнеленген, сызықпен салынған сурет.
V. Сарамандық жұмыс.
Сурет салу 4 кезеңге бөлінеді.
1 — кезең. Ең әуелі қағаз бетіне компоновкасын дұрыс ұймыдастыру қажет, қағаз бетінде аса үлкен, өте кішкентай болмауы қажет, қағаз бетінде орташа орналасу қажет. Сурет салу барысында сызықтар арқылы салып орналастыру керек.
2 - кезең. Жалпы нобайын схема түрінде көрсетсек, енді конструкциялық құрлымын салумен айналысамыз. Драпировканын қыртыстарының ара қатынысыныңтексеріп өлшеп, олардың сызықтық қаңқасын саламыз.
3 — кезең. Пішінді сомдау, осы кезеңде штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың ара қатынасын шешіп табиғи формасын бейнелеуге көшеміз. Драпировканың пішінін сомдауға штрихтардың рөлі өте үлкен. Солардың көмегі арқылы жартылай жарық, көлеңке, денеден құлай түскен көлеңкенің айырмашылығын реттейміз.
4 - кезең Суреттің аяталуы немесе түиін. Төртінші кезеңде суретті мұқият тексеріп, көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса соларды басып, жалпы драпировканың рең қоюлығына бағындырамыз. Содан артық сызық, штрихтарды өшіріп суретті аяқтаймыз.
VI. Сабақты қорыту
Жаңа сабақты қорыта келе, біз драпировканың не екендігін, драпировка түрлерімен, драпировканың салыну жолдарымен таныстық. Драпировканың суретін салуды біле отырып, жаңа сабақты бекітеміз.
1. Драпировка дегеніміз не?
Фонға ілінген матаны - драпировка дейміз.
2. Драпировка түрлерін ата?
Мата драпировкасы, киім драпировкасы, шторлардың драпировкасы, тюльдердің драпировкасы, мүсін драпировкасы, кескіндеме драпировкасы, қабырға драпировкасы, стол стуль драпировкасы т. б
3. Драпировканың неше түсі болады?
Суық және жылы түстері болады.
4. Драпировканы не үшін пайдаланамыз?
Әр түрлі заттарға фон ретінде және заттарды және кейіпкерлерді нақты көрсету үшін ғана пайдаланамыз.
VII Бағалау.
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау.
Қыртысы күрделі драпировканың тоны, жарық пен көлеңкесін салыстырып орындау
- ramuk_b
- 4 қараша 2021
- 1340
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қыртысы күрделі драпировканы бейнелеу, жарық пен көлеңкесін көрсету
Ұқсас жаңалықтар:
Жарты жылдық сынақ жұмыс
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жарты жылдық қорытынды жұмыс натюрморт салу. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар. ә) Дамытушылық: Оқу...Сурет салушының көру деңгейінен төмен орналасқан заттардың конструктивті бе ...
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету. ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарына баулу....Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт
Сабақтың тақырыбы: Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,...Рең жағынан қарама-қайшы 2-3 заттан құралған қыртыссыз мата аясындағы натюр ...
Сабақтың тақырыбы: Рең жағынан қарама-қайшы 2-3 заттан құралған қыртыссыз мата аясындағы натюрморт Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тың...Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.