КОМПОЗИЦИЯ
Өткізілетін уақыты:________
Сабақтың тақырыбы: Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация
Сабақтың мақсаты:
a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
ә) дамытушылығы: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту. іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту. Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.
б) тәрбиелігі: Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру. Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін молайту, белсенділіктерін шыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы
4. Сабақтың барысы:
Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі:
Ғажайып түс көрдім.
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін,
Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,
Бұлттары билейді...
1. Мұғалім: Бұл өлеңде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация» деп аталады.
Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
Бар екен де, жоқ екен,
Ерте ерте ертеде
Ешкілері бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрықтары ұзын екен...
Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру.
«Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу.
Интерактивті тақтаның көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.
2. Ертегілер еліне саяхат
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер - тұнып тұрған қиял - ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын - перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Ертегі үш топқа бөлінеді олар: тұрмыс - салт, қиял - ғажайып, шыншыл.
Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып.
Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл - ойын, шығармашылығын арттырады.
Оқушыларға Қаңбақ шал, Таусоғар, Алтын сақа, Алдар көсе, Алтын балық ертегілерінен үзінділер айтылады.
Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял – ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс – әрекеттері баяндалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты.
Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әңгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
5. Алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне қиылған ертегі кейіпкерлерін перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету.
6. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?
Ертегі дегеніміз не? Олардың жазылу мақсаттары? Қандай түрлері бар?
7. Үйге тапсырма беру: «Шебер құрастырушылар» еліндегі тапсырманы бояу арқылы аяқтап келу
Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация
- ramuk_b
- 19 қазан 2021
- 984
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оқушыларды ертегілер мазмұны бойынша сурет салдыру, Ертегіге иллюстрация жасау
Ұқсас жаңалықтар:
Ертегілер еліндегі шалқан
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,...Ертегілер және оның түрлері
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілеулесова Мөлдір...Мақта қыз бен мысық
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...Ертегілер 6 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер мазмұнына иллюстрация Сабақтың мақсаты: a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.