Бабадан қалған асыл сөз
ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА
Сүйінбай Аронұлы (1822 - 1895 ж. ж.)
Жасынан жыраулығымен елге танылған айтыскер де жауынгер ақын қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракестек ауылында дүниеге келген. Тарихи деректерге жүгінсек, Қоқан хандығы тұсындағы шапқыншылық әсерінен жан - жаққа бытырай көшкен қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай ақынның рөлі зор болған. Аумалы - төкпелі заманда ол тіпті халықты тәуелсіздік үшін күреске де шақырып, елдің қоғамдық - әлеуметтік жағдайымен де айналысқан. Өлеңдерінде Қоқан хандығының билері мен жергілікті сұлтан, төрелердің, би - болыстардың кемшін тұстарын бетке басқан шыншыл ақын болған. «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» (М. Әуезов) атанған Сүйінбай Аронұлы қазақ әдебиеті тарихындағы бірегей де алып тұлғалардың бірі.
Жақсының сөзін әркім де пайдаланар
Миуалы алма - өріктің ағашындай.
* * *
Ақымақ жігіт белгісі – аз күнгі баққа алқынар.
* * *
Біз – қайық, бұл дүние – түпсіз терең.
* * *
Ер жігіт – ел - жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың панасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрі де оны баласындай.
* * *
Кетпеңдер өне бойы дүние қуып...
* * *
Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
Жаманнан жақсы туар жарқылдаған.
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Пайдасы өз басынан артылмаған.
* * *
Жаманның көкірегі – көр, көзі – соқыр...
* * *
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге серкесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Наубайдың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен - кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман» деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын - ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
* * *
Қолдағыға қанағат - шүкір қылмасаң,
Болады бар да – арманда, жоқ та – арманда.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Сүйінбай Аронұлы (1822 - 1895 ж. ж.)
- ramuk_b
- 20 қараша 2024
- 229
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сүйінбай Аронұлы, Сүйінбай Аронұлы өлеңдері, тарихи тұлға
Ұқсас жаңалықтар:
Шал Құлекеұлы (1748 - 1819 ж. ж.)
Өткен дәуір әдебиетінің белді өкілінің бірі – Шал ақын (шын аты Тілеуке) Көкшетау жерінде дүниеге келген....Сырым Датұлы (1723 - 1802 ж. ж.)
1783 - 1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс патшалығы отаршыларына қарсы ұлт - азаттық көтерілісінің жетекшісі....Жаман туралы ұлағатты сөздер
Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап. Жамбыл Жабаев Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы...Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай....Үздік әдебиетші
Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы №194 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аяпова Динара...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.