Сайтқа кіру Тіркелу

Т. Әлімқұлов / Ақбоз ат

Ұлы Даланың рухани жауһары
Т. Әлімқұлов / Ақбоз ат
Жүйткіп кетіп бара жатқан поезд образы жазушы шығармасында көп айтылады. Бұл поезд бір тұста зымырап өтіп бара жатқан адам өмірін де мегзегендей. Студент, жігіт ағасы, төселген журналист – қаламгер болып тіл қататын Елеусіз өмірі де осы тоқтау бермес поезбен сабақтас, тамырлас танылады. Мұнда үлкен мән бар, бұл жерде өмір философиясы айтылады. Жалғыз Елеусіз емес, барлық кейіпкерлер тағдыры да осы заулап бара жатқан жүрдек поезд – өмір көлігіндегі әрқилы жандардың әр қиядағы өтіп жатқан өмір тағдырынан сыр тартамыз.
Біркімбай образының жоғарыда сөз болған Ақбоз атқа қатысты ашылатын көркемдік қырларынан басқа тағы да бірнеше тұлғалық ерекшеліктері қатар көрінеді. Ол ең алдымен – тамырын тереңге жіберген ауыл ақсақалының бар болмыс - бітімі мен қайшылықты тағдырын алдымызға жайып салады. Сондықтан да Біркімбай тұлғасы – көп қатпарлы, күрделі тұлға.
Артық - кемімен көрінетін Біркімбайдың бейнесі оқырманға әрқилы сезім қалдырады. Ең бастысы оның бір қалыптан шыққан, жаттанды, ұнамды бейнеден ауылы алыс. Өзінің өмірден түйгені мол, қыртысты шал оңайлықпен айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін жан емес.
Осы бейне арқылы, оның өмір жолы, тауқыметті тағдыры арқылы Тәкен ауыл өміріндегі тағы бір мәнді мәселе – мал шаруашылығы мәселесін тереңнен қопарып көрсету арқылы ұлттық болмысымызға терең бойлайды.
Ақбоз ат, оның шыққан тегі, ұрпағы, өткені мен болашағы туралы айтылатын ой - толғамдар түптеп келгенде қазақ қоғамының, қазақ жұртының ұлттық рухқа бойлаған көкейкесті мәселесіне келіп тіреледі. Малсыз қазақтың күні жоқ. Оның ішінде төрт түліктің асылы, ардақтысы жылқы туралы әңігме қазақ рухына, қазақ жүрегіне етене жақын. Осы өзекті мәселені, яғни жылқы тағдырын, оның бүгіні мен ертеңін қаламгер адам тағдыры арқылы астастыра, сабақтастыра танытудың ұлт өміірмен тамырлас екенін жақсы білген.
Тұлпарлар тағдыры ел, жер тағдырымен қабысады, халықтық мәні бар, ұлттық мүддені көтеретін мәселеге ұласады. Тұқымы асыл жылқы үшін жаға жыртысқан, талас - тартысқа түлкен ауыл адамдарының психологиясын Тәкен тартымды оқиғалармен сабақтастыра отырып саралайды.
Дегенмен де, романның жетекші кейіпкерлерінің бірі Шіркімбайдың аузымен айтылатын, осы кейіпкердің ой - толғаныстары арқылы шым - шымдап оқырманға жететін негізгі оқиғалық желі – Гүлнәш - Біркімбай тарихы, осылардың тағдыр соқпағы тарам - тарам әңгіменің өзегін құрайды. Осы әңгіме романның басты тақырыптық - идеялық ауанын анықтайтын жолды да белгілейді. Бұл арнаның басты құндылығы неде? Басты құндылығы осы арнада негізгі, жетекші кейіпкерлердің өмір - тағдырының шынайы көрсетілуі. Негізгі авторлық мақсаттың жүзеге асуы. Жазушы «Шіркімбай екі болыс елді дүрліктірген Ақбоз аттың әңгімесін шертіп келе жатыр. Ұстамды Елеусіз сырмінез болмаған сапарласының көңілген қонған сөздерін ғана қабыл алады», - деп келеді де, ары қарай енді тікелей осы ақбоз ат тағдырының қия - қалтарыстарына назар аударып, оны адам тағдырымен астастыра, сабақтастыра баяндай бастайды. Сонда бір ғана тұлпардың төңірегіндегі оқиғалар тереңдей келе қомақты қоғамдық, әлеуметтік мәселелердің көтерілуіне мұрындық болады.
Біркімбайдың туған інісі Шіркімбайдың аузымен айтылатын сөзде Гүлнәштің Ақбоз атқа қалай айырбасталып кете барғандығы туралы сырдың ұшығы байқалады. Ол: «Біздің де ат жалын ұстап мінгіміз, аз күнгі тіршіліктің қоңырқай қызығын кешкіміз келеді. Ал, ағаның арманы (туған ағасы Біркімбайды меңзеп отыр) одан да әрі болатын. Ол жалғыз қызы Гүлнәшті сіргелінің ең ірі шонжары Шоңбайдың баласына атастырғанда Ақбоз ат арқылы атағын жалпақ елге жаймақ болған», - деп келеді де, ары қарай Шоңбай мен Біркімбайдың құда болу тарихынан қызғылықты, қалтарысы қалың, ең бастысы тұлпарлар тағдырына көбірек соғатын ұзын сонар әңгіменің тиегін ағытады.
Шоңбайдың бірнеше жыл бойы бәйгенің алдын бермейтін екі тұлпары: Торыалаяғы мен Ақбозының төңірегінде жалпақ елге жайылған атақ - даңқын, алып - қашпа сөздің ұзын ырғасы келіп Біркімбайдың Ақбоз атқа құлай құмартуына ұласады. Ақбоз аттың тізгінін уысына түсіруді армандаған Біркімбай ел құлағын елең еткізген іс - әрекетін жүзеге асырады. Туған перзенті, жар дегенде жалғыз қызы Гүлнәшты ақбоз аттың бір құны үшін Шоңбайдың балалы - шағалыұлы Асылбекке әйел үстінекүйеуге шығуға қияды. Осылай тұлпар тағдырына енді Гүлнәш тағдыры сабақтасады. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Алтын адам» туралы миф

«Алтын адам» туралы миф

Баяғы замандарда Тәңірге құрбандыққа адамдарды шалған. Оның өзінде кінәратсыз жас жігіттер мен қыздарды таңдап алған....
Руханият үлгісіне айналған тұлға

Руханият үлгісіне айналған тұлға

Кез - келген рухани дүниесі бай тұлғалар Отанға деген махаббатын көрсете отырып, өз елінің игілігі үшін шығармашылық қызметпен айналысады және онымен...
Аруана

Аруана

Секен Тұрысбек: ...Мысалы, Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман ананың желмаяға мініп, белден бел асып, желіп бара жатқан сапары бар....
Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789 — 1864) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт - азаттық күресті...
Ана тілі және Ата Заң

Ана тілі және Ата Заң

Тіл - ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі. Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ұлтымыздың бүгіні...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×