Тобы: Орта топ
Білім беру саласы: “Коммуникация”
Бөлімі: «Ағылшын тілі»
Тақырыбы: Саяхатшы - Бауырсақ - The bun - explorer
(«Танысу - Greeting», «1 - 12 аралығындағы сандар - Numbers from 1 to 12», «Түстер - Colours», «Пішіндер - Shapes» тақырыптарын қайталау)
Мақсаттары:
1) Білімділік: Тақырыптарға байланысты өлең мен тақпақтарды түсініп айта білуге баулу. Жаңа технология арқылы тапсырма орындауды және берілген тақырыптарды қайталата отырып, жаңа фразаларды меңгерту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту;
2) Дамытушылық: Балалардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөйлеу қабілетін жетілдіру, психикалық үрдістерін (есте сақтау, ойлау, көңіл аудару) дамыту;
3) Тәрбиелік: Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және өз - өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерді, этикалық дағдыларды қалыптастыру. Тапсырмаларды жұптаса орындату арқылы еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдері: Көрнекіліктер бойынша сұрақ - жауап, ойнату, өлең - тақпақ айтқызу, ертегі сахналау, мадақтау, қорытындылау
Сөздік жұмыс: Red, yellow, green, blue, orange, numbers, - Hello, - What’s your name?, - My name is…, square, circle, triangle, clock, - What time is it? - It’ s … o ’clock, a wolf, a rabbit, a fox, a bear
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ноутбук, сағат, түстер бейнеленген сурет, әр - түрлі пішіндер және сандары бар плакат, аңдардың киімдері, шырша
Тосынсый сәті: Бауырсақ
Әрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеттері Балалардың әрекеттері
Танымды оятушылық
Амандасу
- Hello, children!
- How are you?
- Балалар, біздің бүгінгі оқу іс - әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Сендердің ағылшын тілін қалай меңгеріп жүргендеріңді көру үшін, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Қанекей, қонақтарымызбен амандасып жіберейік!
Шаттық шеңбер:
Қуан - шаттан алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Құрметті біздің қонақтар!
Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга!
Пожелайте добра!
Good morning, good morning! Good morning to you!
Good morning to sun,
Good morning for you!
- Sit down, please!
Ұйымдастыру -
іздестіру
Құрметті қонақтар, сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Балалар, тынышталыңдаршы! Есікті біреу қағып тұрған сияқты!
- Бұл кім?
Дұрыс айтасыңдар. Ол - Бауырсақ (музыка әуенімен кіреді).
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қай тілде сөйлеп тұрсыңдар?
- Жақсы болды ғой, менде ағылшын тілін үйренетін болдым.
- Бауырсақ сен бізге қалайша келіп қалдың?
Бауырсақ: Сендер білетін «Бауырсақ» атты ертегіден келдім.
- Сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?
- Балалар, біз бауырсақты таниды екенбіз, енді, өзімізді таныстырып жіберейік. Let’s sing a song “What’s your name?”
- Бауырсақ, балалармен танысып алдың. Сен қайда бара жатырсың?
Бауырсақ: Мен орманға саяхат жасауға бара жатырмын.
- Сендердің де барғыларың келе ме?
Бауырсақ: Жүріңдер, ендеше кеттік!
Балалар бауырсақпен бірге қолдарын домалата отырып, саяхаттайды. Бір кезде алдарынан қоян шығады.
Қоян: Мен сендерді жеймін
- Балалар, сиқырлы экранға қарайықшы! Не көріп тұрсыңдар?
Қоян: Балалар, менің уақытым тығыз. Сағат неше болды айтып жібересіңдер ме?
- What is it, children?
- Қоянға сағат неше болғанын ағылшын тілінде айтып беріңдерші?!
- What time is it?
Кез - келген бір бала сағатты алып, сағат тілін жылжытады
Балалар: It’ s one o’ clock
It’ s two o’ clock
It’ s three o’ clock
It’ s four o’ clock
It’ s five o’ clock
It’ s six o’ clock
It’ s seven o’ clock
It’ s eight o’ clock
It’ s nine o’ clock
It’ s ten o’ clock
It’ s eleven o’ clock
It’ s twelve o’ clock
Қоян: Өте жақсы! Сендердің жауаптарыңа көңілім толды.
Олай болса, саяхаттарыңды жалғастыра беріңдер!
Бауырсақ пен балалар қолдарын домалатып келе жатқанда алдарынан аю шыға келіпті.
Аю: Мен сендерді жеймін - Аюлар қыс мезгілінде не істейді?
- Дұрыс айтасыңдар, мен қыста ұйықтаймын деп, жаңа жыл мерекесінен құр қалдым. Содан көңіл күйім жоқ. Менің тапсырмам жаңа жыл мерекесінен қысқаша көрініс көрсетсеңдер екен.
- Балалар, біз жаңа жыл мерекесінде не істеп едік? Есімізге түсірейікші!
- Let’s sing a song «Jingle bells»
Аю: Керемет! Сендер менің көңіл - күйімді көтеріп жібердіңдер. Сендердің арқаларыңда бауырсақ менен құтылып кетті.
Балалар бауырсақпен бірге домалап кете барады. Алдарынан қасқыр шыға келеді.
Қасқыр: Мен сендерді жеймін.
- Балалар, экранға қарайықшы!
- Бұлар нелер?
Сендерге пішіндерді таратып беремін, бір - бірден орындарыңнан тұрып жауап бересіңдер. Түсінікті ме?
- Қасқыр аға, біздің бүлдіршіндер пішіндер туралы тақпақта айта алады. Тыңдап көресіз бе?
Қасқыр: Жарайды тыңдап көрелік.
Тақпақ: « Shapes»
Shapes are here, shapes are there Shapes are, shapes are everywhere
This is a circle, this is a triangle,
This is a square
Shapes are, shapes are everywhere
Қасқыр: - Жарайсыңдар, балалар! Бауырсақ, осы жолы ақылды, білімді балалардың арқасында құтылып кеттің.
Рефлексивті түзету
Бауырсақ: Балалар, мен аздап шаршап қалған сияқтымын.
- Олай болса, бауырсақ пен бірге сергіту жаттығуын жасап жіберіп, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Clap your hands, clap your hands, Listen to the music clap your hands,
Stamp your feet, stamp your feet,
Listen to the music stamp your feet,
Turn around, turn around,
Listen to the music turn around,
Jump up high, jump up high,
Listen to the music jump up high,
Бауырсақ пен балалар біраз демалып алып, жолға шығады. Келе жатқан кезде алдарынан түлкі шыға келеді.
Түлкі: Бауырсақ, мен сені жеймін.
- Балалар, сиқырлы экранға назар аударыңдаршы! Мыналар нелер?
- Бәрекелді! Біз ағылшын тілінде қандай түстерді білеміз?
- Red, yellow, green, blue, orange
Түлкі: - Олай болса, мен келесі тапсырмамда өз қулығымды асырып көрейін.
Дидактикалық ойын: «What color is missing?»
Түлкі: - Тақтадағы түстердің біреуін жасырып қоямын. Сендер тауып, ағылшын тілінде жауап беріңдер.
- Қанеки, балалар, сиқырлы экранға назар аударайықшы!
- Түлкі, сен өзіңнің қандай қу, айлакер екеніңді көрсете алмадың. Біздің ақылды, білімді балаларымызды алдау мүмкін емес. Келісесің бе?
Түлкі: - Келісемін. Жарайсыңдар, балалар! Саяхаттарыңды жалғастыра беріңдер!
- Міне, балалар, бауырсақпен саяхатымыз аяқталды. Өз тобымызға да жеттік. Жұптаса жүріп, топтаса жүріп талай - талай қиындықтарды жеңдік. Бүгін бәріміз бауырсақты кімдерден қорғап қалдық?
- Бізге кезігіп қалған аңдардың атауын ағылшын тілінде айтып көрейікші!
- Бауырсақ, бізбен жүріп ағылшын тілін меңгеріп алған шығарсың?
Бауырсақ: - Рахмет, сендерге балалар! Сендердің маған көп көмектерің тиді, сонымен қатар ағылшын тілінде сәлемдесуді, танысуды, түстерді, пішіндерді, сандарды үйрендім. Мен одан ары саяхатымды жалғастыра берейін.
- Сау бол! - дегенді ағылшын тілінде қалай айтады?
- Good - bye!
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне сендер жақсы қатыстыңдар. Мен сендердің әрқайсыларыңа жұлдыздарды таратып беремін. Жұлдыз қандай бағаны білдіреді?
- Демек барлығың «5» деген бағаға лайықтысыңдар.
Thank you, very much!
Our lesson is over!
- Good - bye, everybody!
Good - bye, good - bye see you again! Good - bye, good - bye see you my friends!
Good - bye, good - bye see you again!
Good - bye, good - bye see you my guests!
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Өлең мен тақпақтарды жатқа айтып, ағылшын тілінде тапсырмаларды топтасып орындай алады
Болу керек: Зейінді, ұқыпты, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған болу керек
Істей білу керек: Ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын бұлжытпай орындай білуі керек
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
ШҚО, Аягөз қаласы,
№6 бөбекжай - балабақшасы
Мұғалімі: Әлімжан Айдана Ергазыевна
The Bun explorer - Саяхатшы - Бауырсақ
- aydana87
- 3 наурыз 2017
- 4670
- 0
- 0
Ілмек сөздер: The Bun explorer, саяхатшы бауырсақ, ағылшын тілі балабақшада
Ұқсас жаңалықтар:
«Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қорытындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту;...Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Оқушылардың білімдерін тексеру, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегі кейіпкерлерінің образына еніп, сахнада өзін еркін ұстай білуге...Animals
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Бейбтканова Назгуль...Бауырсақ кетті домалап
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал...Дене мүшелері (Parts of the body)
Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері (Parts of the body)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.