Мен сабағымда үшөлшемді әдістемелік жүйені қолданамын. Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологияның әдіснамалық негізі болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында осы технологияны қолданудың тиімді жақтары көп. Атап айтсам, оқушының ынталандыру деңгейі, тұрақты қызығушылығы, шығармашылық білімі, функционалды сауаттылығы арта түседі.
5 - сыныпқа сабақ беретіндіктен тіл білімінің негізгі саласының бірі - фонетика саласы міндетті түрде оқытылады. Мысалы «Еріндік және езулік дауысты дыбыстар» тақырыбындағы жаңа инновациялық сабағымның ерекшілігіне тоқталғым келеді. «Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгертуге негіз болатын қайталау тапсырмалары алдымен беріледі. Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады. 1 - қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? не? кімнің? ненің? кімге? кімді? кімде? кімнен? кіммен? қандай? қай? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек. Мысалы: Бос орынға қажетті сөздерді қой.
1. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
2. Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
3. Еріндік дауыстылар: о, ө, у, ұ, ү
Езулік дауыстылар: а, ә, е, э, ы, і, и.
2 - қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары дәлелде, түсіндір сөздерімен бірге оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)
Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен еріндік дауысты дыбыстар дейміз?
о, ө, у, ұ, ү
Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленіп алға қарай созылады.
Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен езулік дауысты дыбыстар дейміз?
а, ә, е, э, ы, і, и.
Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда езу кейін қарай тартылады.
3 - қадам: теорияны «Талдау» үшін
1. Салыстыр.
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Мысалдар келтір.
4 - қадам: теорияны «Жинақтау» үшін қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр, тағы с. с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
Еріндік және езулік дауыстылар туралы оқушылар білгендерін жинақтайды.
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.
5 - қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі.)
Оқулықпен жұмыс. 247 - жаттығу, 108 - бет. Төмендегі жұмбақ өлеңдерінің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.
Құмайда бар, Биікте бар,
Суда жоқ. Ойда жоқ.
Тұманда бар, Киікте бар,
Буда жоқ. Қойда жоқ.
(ұ) (и)
6 - қадам: практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер 5 - қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі.)
Оқулықпен жұмыс. 247 - жаттығу, 108 - бет. Төмендегі жұмбақ өлеңдерінің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.
Құмайда бар, Биікте бар,
Суда жоқ. Ойда жоқ.
Тұманда бар, Киікте бар,
Буда жоқ. Қойда жоқ.
(ұ) (и)
6 - қадам: практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.) Сен қалай ойлайсың еріндік дауысты дыбысты езулік дауысты дыбыстан қалай ажыратуға болады?
Ж: Еріндік дауысты дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп алға қарай созылады.
ІІІ кезең (кері байланыс - бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, яғни құзіреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар), оларды біртіндеп орындату арқылы ұпай жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды +3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорытынды ұпай саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі. [1]
І, ІІ, ІІІ деңгейдің тапсырмалары оқушы дәптерінде болады. Әр оқушы оқушы дәптерімен жұмыс жүргізу барысында деңгейлік тапсырмаларды орындайды. І деңгейді аяқтаса, ІІ деңгейге көшеді, одан кейін тапсырманы дұрыс орындаса, ІІІ деңгейге көшеді. Оқушының білімі осы жүйе бойынша бағаланады. Деңгейлік тапсырмалар төмендегідей:
І деңгей (5 ұпай)
1 - қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан Кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелуі керек. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Еріндік және езулік дауысты дыбыстардың ерекшелігі қандай?
Ж: еріндік және езулік дауысты дыбыстардың ерекшелігі төмендегідей:
1. Еріндік дауыстыларды айтқанда ерін дөңгеленіп алға қарай созылады.
Езулік дауыстыларды айтқанда езу кейін қарай тартылады.
2 - қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс) ІІ кезеңнің 5 - қадамындағы қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады. Еріндік және езулік дауысты дыбыстардан басталатын сөздер жазу.
1 - аралық нәтиже:
Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі):- «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады. (Ю. К. Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес ұпай= «сынақтан өтті»= «қанағаттанарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады. (егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса) ІІ деңгей (5 ұпай + 4 ұпай =9 ұпай )
3а - қадам: теорияны «Түсіну» үшін Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары дәлелді, түсіндір сөздерімен бірге оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін) Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөздерді қой.
Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен еріндік дауысты дыбыстар дейміз?
О, ө, у, ұ, ү
Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленіп алға қарай созылады.
Төменде берілген дауысты дыбыстарды неліктен езулік дауысты дыбыстар дейміз?
А, ә, е, э, ы, і, и.
Ж: себебі бұл дыбыстарды айтқанда езу кейін қарай тартылады.
3б - қадам: теорияны «Талдау» үшін.
1. Салыстыр.
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз.
Берілген сөздердің құрамындағы езулік дауысты дыбыстардың астын сызып, ерекшелігін аш.
Өрік, жаңа, кітап, білім, жолдау, сызба.
4 - қадам: практика жүзінде «Қолдану». ІІ кезеңдегі қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады.
Оқулықпен жұмыс.
248 - жаттығу. Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, еріндік пен езулік дауыстылар аралас келген сөздерді өзінше бір бөлек топтап жазыңдар.
Бота отырып шіреніп, Ләңгі тепті бір барыс,
Борсық айдап кемені. Лашын киді сулықты.
Бытпылдықтап бір елік, Лепіргенде жолбарыс,
Бура мініп келеді. Лаң ашуға булықты.
2 - аралық нәтиже
Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі):- оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңделік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі - алғашқы жинаған бес ұпайға+4 ұпай=9 ұпай= «4», яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады. (егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмаса)
ІІІ деңгей (9 ұпай + 3 ұпай =12 ұпай)
5 - қадам: теорияны «Жинақтау» үшін қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр, тағы с. с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.
Еріндік пен езулік дауыстылар туралы білгеніңді жинақта.
249 - жаттығу, 109 - бет. Мәтіндегі дауысты дыбыстарды теріп алып, оларды мына үлгі кесте бойынша толтыр. (мәтін беріледі)
Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік
6 - қадам: практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.) Сұрақтарға жауап бер. Бос орындарға қажетті сөздерді қой.
Сөйлеуде еріндік және езулік дауысты дыбыстарды қолданудағы қажеттілік неде деп ойлайсыңдар?
Ж: Адам өміріндегі құбылыстарды тану мен оларды тіл арқылы білдіру.
6а – қадам
Тест тапсырмасы беріледі.
3 - нәтиже
Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 ұпайға+ 3 ұпай =12 ұпай= «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділікке» «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю. К. Бабанский). [1]
ІҮ деңгей (стандарттан тыс жоғары деңгей) Шығармашылық, яғни олимпиадалық, ғылыми жоба дәрежесіндегі тапсырмалар. Шығармашылық, яғни олимпиадалық, ғылыми жоба дәрежесіндегі тапсырмалар.
Жаңа инновациялық технологияны тиімді қолданған сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмір дәлелдеп отырған жоқ па?!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Ж. У. Кобдикова «Үшөлшемді әдістемелік жүйе - білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы» «Арман - ПВ» баспасы, 2013
2. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
3. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік.-//Қазақстан мектебі,№4, 2006
Үшөлшемді әдістемелік жүйе білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы
- dinarabolatbek
- 2 сәуір 2014
- 8786
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілінен әдістемелік көмек, үшөлшемді жүйе
Ұқсас жаңалықтар:
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Қазақ тілі, 2-сынып Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері...Еріндік және езулік дауыстылар
Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалса, езулік дауыстылар езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалады....Нәтиже сабақ (Еріндік және езулік дауыстылар)
Грамматикалық тақырып еріндік дауыстылар бойынша оқушының білімін жүйелеу; жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу; дауысты дыбыс түрлерін...Табиғат - менің өз үйім
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап...Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.