Сауатты, жақсы ата - ана болуға тырысып жүрген, тәрбиенің үйлесімділік стилін қалаушы ата - аналар үшін тәжірибелік басшылыққа алуға АҚШ мұғалімдері, мектептің және әлеуметтік жұмыстың педагогтары бірлесіп 300 маманнан астам адам шығарған жадынама ұсынылады. Ол «Жемісті тәрбиенің он кілті» деген атау алды. Тәрбиеге бейресми түрде қараңыз.
Баламен өткізген уақыттың санына емес, сапасына көңіл аударыңыз. Қазіргі өмір бәрімізді уақытымызды еріксіз әңгімелесу, балалармен байланысудан үнемдеуге үйретті, сондықтан баланың іле - шала қызықты айтып жатқан әңгімесін тыңдай отыра, біз өзіміздің проблемамызды ойлап, терең ойға шомылып отырамыз. Қарым - қатынас жасай алмайтын ата - аналардың балалары өздерін жаман ұстайтындығы және адасқандай сезімде болатындығы ғылыми түрде дәлелденген. Аз сөйлеп, көп істеңіз.
Статистика бекіткен: бір күнде баламызға 2000 (!) жуық ақыл - кеңес пен ескертулер береді екенбіз! Сондықтан, балаларымыздың «естімейтіндігі» де ғажап емес.
Егер сіздің өтінішіңізге қарамастан балаңыз шұлығын теріс аударған күйі лақтыра салса, бір күні сіз де сол қалпында жуып бере салыңыз. Өзі оны жуып, кептірудің өзі мүмкін емес екендігін сезінсін. Іспен көрсеткен сөзден гөрі дәлірек болады. Балаларға олардың күшті екендігін жариялы түрде сезіндіре біліңіз; әйтпесе олар өздері астыртын тәсілдерін тауып алады;
Ол үшін балалармен үнемі кеңесу керек, оларға таңдау, сатып алу, ақша санау, қиын емес тағамдарды дайындау құқығын беру керек; Екі жастағы балаға пластикалық ыдысты жууға, жемістер мен асханалық қасықтарды сөрелерге жинастыруға әдбен болады. Әрине, сіз мұны тезірек істейсіз. Бірақ, бар мәселеде осында ма? Егер балалардың көмегінсіз істі тындырсаңыз, сіз олардың қажеттілік пен күштілік сезімдерін жоясыз. Сіздің сөздеріңіз бен істеріңіз неге әкеліп соғатынын ұмытпаңыз. Өзіңізден сұрап отырыңыз:– Мен кіріспесем не болар еді? Егер қажет болмаған жағдайда біз кірісіп кетсек, балаларды өзінің әрекетінің салдарын көру мен қателіктері негізінде үйренуден шеттетеміз. Сөйтіп өмірді ұрысып ақыл үйретумен және қорқытумен айырбастаймыз. Егер балаңыз өзімен бірге таңғы асын алуды ұмытып кетсе, оны күнделікті сөмкесіне салып отыруды қойыңыз. Оған оны ұмыттырып, қарны ашқан кезде таңертеңгі асын өзі салып отыруға үйретіңіз. Сіздің барлық ережелеріңіз бен талаптарыңыз қисынды және балаға түсінікті болу керек. Ол үшін, келесі жолы ол киноны фильмотекаға тапсыруды ұмытып кеткен кезде, оған ұрсуға асықпаңыз - ол ренжіп қалады, және сабағыңыз далаға кетеді. Ол бұл мәселені өзі ойлап, қарызға ақшаны қайдан табуға болатындығын шешсін. Салдары - бала үшін өзінің тәртібімен қисынды түрде байланысқан болуы керек. Тек қана өзінің қарызын қайтарған кезде сіздің әрекетіңіздегі қисынды байқайды. Қақтығыстардан аулақ болыңыз.
Егер балаңыз сізді айқайлаумен, ренжумен, ашушаңдықпен тексерсе немесе сізбен дұрыс сөйлеспесе, кетіп қалып, көрші бөлмеде тосатыныңызды айтқаныңыз абзал. Егер сіз ренжіп, ашулансаңыз - жеңілгендігіңіз7 Кінә мен кіналыны бір жерге тоғыстырмаңыз. Бала бір жаман нәрсе істесе, ол жамандығы емес, ол не істесе де оны жақсы көретінін сезіну керек. Өзіңіздің талаптарыңыздың дұрыстығына күмәндансаңыз, Бұдан балаңыз өзіне - өзі сенімдірек бола ма?» деген өзіңізге тура сұрақ қойыңыз. Бір мезгілде мейірімді және қатал да бола біліңіз. Мысалы, сыз қызыңызға бес минутта киіну қажеттілігін айттыңыз, әйтпесе машинаға түнгі көйлегімен отырғызатындығын ескертесіз. Белгіленген уақыт өткен соң оны машинаға ақырын апарып отырғызуға әбден құқыңыз бар. Тіпті сендірейін: келесі жолы таңертең киіндіру проблемасы болмайды. Бірақ бұл кезде сіз әділетті және мейірімді бола білуіңіз керек. Мәңгілік туралы және сөзіңіздің қазір ғана емес, балаларыңыз өз баласын тәрбиелеген кезде қайта айналып келетінін ұмытпаңыз. Осы тұрғыда қиын және ауыр проблемаларға кезек беріп, проблемаларды тез және қарапайым шешуден бас тартамыз. Егер біз баланы ұра алатын болсақ, онда бір минут ішінде проблеманы шешуге тырысып, басқа адамнан бір нәрсені талап ету кезіндегі агрессивті әрекеттерге үйретеміз. Бірізді болыңыз.
Егер дүкеннен кәмпиттер алмаймын десеңіз, еркелігіне, қорқытуына, көз жасына қарамастан, балаға қанша жаныңыз ашып, аяушылық танытсаңыз да, сөзіңізде тұрыңыз. Бала сіздің өз сөзіңізде тұра алатыныңызды көріп, тіпті де сыйлайтын болады. Кез - келген адамның қызметін бағалауда әдетте кейбір идеал бен нормалар негіз болады. Тәрбиелік қызметте, мұндай абсолюттік норма болуы мүмкін емес шығар.
Әрбір адамға осы маңызды істе шеберлік пен кәсіпкерліктің құпияларын қалайша үйрену керектігі жолында жақсы күйеу мен әйел болуды үйренген сияқты жақсы ата - ана болып үйренуі қажет. Ата - аналарға жадынама. Құрметті әкелер мен аналар!
Егер де Сіз тек қана бүгінгі күнмен емес, ертеңге де сеніммен қарайтын адам болсаңыз, бұл естелік балаңызбен жылы қарым - қатынасты сақтауға көмектеседі.
Бұл естелікті өзіңіздің жұмыс үстеліңіздің үстіне іліп қойыңыз және кейде бұл естелікте жазылған ережелер мен талаптарға қалай сәйкес болып отырғаныңызды талдап отырыңыз.
1. Сіздің балаңыз бен отбасыңыз - өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
2. Отбасы сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны «содан кейін» қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз
3. Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кешке дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз
4. Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін Сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
5. Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз. Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл - күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
6. Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз
7. Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым - қатынас мейлінше жиі болуын қамтамасыз етіңіз
8. Жұмыстағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым - қатынасқа аудармаңыз
9. Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз
10. Күнделікте бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл - күйі жайлы да сұрастырыңыз
11. Егер де қолыңыз босаса, оның достарымен танысып, араласуға жұмсаңыз
12. Кешіңізді теледидар көру, мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз
13. Балаңызды жан - жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, кешігіп қалмаңыз!
14. Үйге кешігіп келгеніңіз немесе орындамаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады
15. Балаңызды үйде жақын адамдарды тоса білу дәстүріне үйретіңіз. Мүмкін, бұл - әдемі, жүрекке жылы салт ретінде көрінер: үстелдегі әдемі салфеткалар, хош иісті тамақ, жақсы музыка және үйге кіріп келе жатқан Әке мен Шеше. Уақыт өте келе осындай дәстүрді қалыптастырған ата - аналар өздерінің есейген балаларын әңгімелесу үшін осылай күтіп отыратын болады.
16. Балаңызды жарты сөзден тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз
17. Ол Сізді құшақтауға ишарат білдіргенде одан безбеңіз, қол сілтемеңіз. Бұл оған күні бойына жаңа кездесулер, өзіне сенімділік, эмоционалдық қуат береді. Баланы бұл мүмкіндіктен айырмаңыз!
18. Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың Сізбен қарым - қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым - қатынасын үзесіз деген сөз!
Есте сақтаңыз: бумеранг қайта айналып келеді!
Сіздің ата - аналық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын!
Жемісті тәрбиенің он кілті
- Каникей
- 24 ақпан 2014
- 4512
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ата-аналармен, бала тәрбиесі, қарым-қатынас
Ұқсас жаңалықтар:
Баланың балабақшаға бейімделуі
Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен, балалармен...Балалардың балабақшаға бейімделуі
Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен...Коучинг, бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету
Мақсаты: Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата - аналарды бала тәрбиесіне...Сіз қандай әкесіз? (тест)
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебі, Шағын орталық тәрбиешісі Манькева Майнур...Сіз қандай ата-анасыз?
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.