«Кәсібің - өмірлік серігің» пікірлесу - сабақ
Мақаты: Оқушылардың мамандық жөнінде түсініктерін кеңейте отырып, таңдаған мамандықтары жөнінде толық ақпарат беру. Таңдау жасай білуге бағыт беру.
Күтілетін нәтиже: Мамандық таңдағанда дұрыс таңдау жасай алатын оқушы.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз
2. «Мен және менің таңдауым» жаттығуы
3. «Шынымды айтқанда» жаттығуы
4. «Джунглидағы жаңбыр» сергіту сәті.
5. «Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы
6. Рефлексия.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
2. «Мен және менің таңдауым» жаттығуы. Тренингтік есім таңдау және болашақ таңдаған мамандығын мимикамен көрсету.
3. «Шынымды айтқанда» жаттығуы.
Материал: Аяқталмаған сөйлемдер карточкасы.
Ережесі: Сіздердің алдарыңызда карточкалар тұр. Қазір біртіндеп шығып бір карточкадан аласыздар. Карточкадағы аяқталмаған сөйлемді бірден ойланбастан аяқтау керек. Барынша шын көңіліңізбен ашық айтуға тырысыңыз.
Мысалы:
Шынымды айтқанда, алда келе жаткан ҰБТ - ны ойласам...
Шынымды айтқанда, ҰБТ - ға дайындалған кезімде...
Шынымды айтқанда, үйге келгенімде...
Шынымды айтқанда, ата – анамның маған қатысты емтиханға қобалжығанын ойласам...
Шынымды айтқанда, менің бос уақытым болғанда...
Шынымды айтқанда, мен толқығанымда...
Шынымды айтқанда, мен ойымды жинақтай алмаймын...
Шынымды айтқанда, емтихан жайлы естісем...
Шынымды айтқанда, мен консультацияға келгенімде...
Шынымды айтқанда, тренингке қатысқанымда...
Талдау:
Сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
Осы сәттегі сіздің өмірлік ең маңызды мақсаттарыңыз қандай?
4. «Джунглидегі жаңбыр» сергіту сәті.
Күн ашылды жарқырап (екі қолды екі жаққа қатты ашу),
Бұлт аспанды торлады (екі қолды жоғары қарай сермеу).
Жаңбыр жауды тасырлап (екі қолды жан - жағына сермейді),
Мен жүгірдім паналап (орнында тұрып, ақырын жүгіреді).
Жердің бәрі балшық боп (аяқты ауырсынып, орнында тұрып қозғалады),
Аяғым батты балшыққа (аяғын жерге нық - нық басады),
Үсті - басым су болып (екі қолын сермеп, денесін қозғалтады),
Аяқтарымды тазарттым балшықтан (екі аяғын екі жаққа сілкілейді).
5. «Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығу.
Нұсқау: Ыңғайласып үлкен шеңбер құрып отырайық, менің қолымдағы керемет ойыншыққа (гүл т. б.) қараңыздаршы. Қазiр ол сiздердiң қолдарыңыздың бойымен көңiлдi домалайды. Бауырсақ кімнің қолына түссе, сол адам топқа тілегін айтады. Қалғандары сөзді бөлмей аяғына дейін мұқият тыңдау керек.
Талдау:
Бүгінгі күн сізге нені әкелді?
Бүгінгі тренигтен алған әсеріңіз қандай?
5. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.
«Кәсібің - өмірлік серігің» пікірлесу-сабақ
- Гүлназ
- 15 қараша 2013
- 11917
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кәсібің өмірлік серігің, пікірлесу сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау
Мақсаты: 1. 11 - сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын анықтау; 2. Оқушылардың өздігінен атқаратын білімдерін терең меңгеруге,...Бәрімізде мақсат бір!
Бәрімізде мақсат бір Мақсаты: ҰБТ - ға психологиялық қолдау, ата - ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген...Дауыссыз дыбыстар
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы...«Өмір сен маған қымбатсың» тренинг
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.