Сайтқа кіру Тіркелу

Әдептілік - әдемілік

Халқымызда үлкенді сыйлауды сыпайы сөйлеушімен ғана емес, ырымдар мен пайымдар өзара қарым - қатынас, тіпті алдын кеспеу сияқты басқа халықтарда жоқ әдеттер арқылы да білдіреді. Дастарқан басында отырғанда үйдің ең үлкені бата жасап, тамақты бірінші ауыз тиеді. Үлкеннің батасын алса дәулетімізге дәулет қосылады деген ұғым қалыптасқан. Қазақта үлкенді сыйлауға қаншалықты үлкен талап қойылса, кішіге қамқор болу жөнінде сондай талап қойылады. Мысалы,

«Қыз қонақ», «Жиенді ұрма, қолың қалтырайды», «Ер баланы теппе»
Қыз ақылды ескермес,
Ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарқылқап ас бермес,

Әке үлгісін көрмесе, – деп Қорқыт бабамыз айтқан екен Өмір тәжрибелерінде байқап, осылайша даналықпен ой түйіндеген. Қазіргі бала тек ата - анасына емес ортасынан, ұстазынан әдептілікті үйренеді. Мына заманда адамгершілікті аттап өтіп, бәрін ақшаға саудаға салатын болдық. Бұрындар қолдан келген көмегіңді ақшаға сатпай жасайтынбыз. Артық затымыз болса. Сатпай - ақ беретінбіз. Қазір бала қолындағысын бекер емес, айырбастап қана алатын көріп жүрміз.

Қазіргі балалардың киім мен, байлыққа қарап, адамшылықты бағалауынан, эгоизм аңғарылып тұрады. Көбіміз өзімізді шәкірттен жоғары сатыға қоямыз. Мұғалімнің айтқанын орындамаған баланы жер - жебіріне жетіп ұрсысамыз. Болмаса жаман баға қоямыз, тіпті суық көзқарастан қараймыз. Бауыржан атамыз: «Тәрбиелеудегі бірінші мақсат - даналық, бұл - ең басты мәселе. Ал мәжбүр етушілік қосалқы тәртіп ережесі болмақ. Көбінесе бас июшілікке тәрбиелеу, бұл шын мәнінде, адамды имандылық жағынан толық езіп жаншу деген сөз. Көнбістік – асқақ адамның ойнына тұсау»- деген екен.

Балалары ренжісек, басын төмен салып, бір ауыз қатпайды ғой. Бұл балаларды бірте – бірте енжарлыққа апарады. Бастауыш сыныптан келгенде бір - бірінің тәртіп бұзғанын да, ненің ұнамайтынын нені түсінбегенін ашық айта беретін бала 5 - 6 сыныптан – ақ көнбістікке үйреніп – ақ қалады. Сұрақ қоймайды, содан келіп шығарма, әңгіме жазғанда өз ойын жаза алмай, шорқақ сөз, жаттанды сөйлемімен жазып құтылатынын тәжірибемде көріп жүрмін. Даналық сөзде балаңды бес жасқа жеткенше патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай сыйла, он бес жасқа келгенде құрбыңдай сыйлас»- деген бар. Алдымыздағы баламен сырлас болу үшін не істеу керек?

Оқушы жауабын дұрыс тыңдамасаң, ол бірте - бірте мұғалімнің енжарлығына сәйкес, тұра – бара дайындықсыз келуге әдеттенеді. Ал алдындағы шәкірт ойын дұрыс айтпаса, соншама ренжуге бола ма? Жоқ, қайта түсіндір де, ескертпе айт. Күндегі ұрыстан анда - санда айтқан ескертуің ұтымды. Кейде бала өз айтқанының дұрыстығы дәлелдеуге тырысады., қойған бағаңа риза болмайды. Ол кезде сабақтың мақсатына сәйкес баға критерийіне сай талдау жасап көзін жеткізуге тырыс. Педагог психолог болғандықтан, баланың сабақтағы көңіл күйіне көңіл бөледі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×