Сайтқа кіру Тіркелу

Рухани дүниесі бай жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау

Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.
Еліміз іргелі 50 елдің қатарына ену мақсатында қарыштап даму үстінде. Бұған дәлел еліміздің экономикалық, әлеуметтік ахуалының күннен - күнге жақсарып, жаңа технологиямен қарулануында. Осыған орай алдымызда отырған оқушыларымызды техника тәрбиелеп жатыр десем артық айтқандық болмас. Қазіргі кездегі компьютер, интернет жүйесі, т. б. толып жатырған ақпарат құралдары баланың ой - өрісін дамытқанымен рухани дүниесін қалыптастыруда гуманитарлық бағыттағы пәндер әсіресе әдебиет пәнінің ролі ерекше екенін сеземін.
Мақсатым: Рухани ойлау дәрежесі биік, елімізге, мәдениетімізге, тілімізге сыйластық сезімі мол, өз ойларын жинақы, әдемі тілмен жеткізе білетін шәкірт тәрбиелеу.

Алға қойылған міндеттер: Жан - жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой - талғамы бар адагершілік жоғары қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Маңыздылығы: Оқушының шығармашылықпен еркін іздеуіне жағдай туғызу.
2. 1. Негізі бөлім: Оқушыны дамытуға бағытталған рухани күш - мұғалім. Жеке тұлға ұғымының мазмұны – бұл адамның психикалық рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесі. Жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған рухани күш - мұғалім. Қазіргі таңда мұғалім тек оқытушы, әлеуметтендіруші ғана емес сонымен бірге психолог та болуы керек. Сондықтан үнемі назарда ұстанатын жағдаяттар;
1. Оқу – тәрбие жұмысындағы алуан түрлі қиындықтардың себебін анықтау;
2. Оқушының интелектуалдық жеке дамуындағы ауытқулардан сақтау және болдырмау;
3. Күрделі мәселелерді шешуде және конфликт жағдайларда көмектесу.
Мұғалімнің негізгі психологиялық міндетіне мыналар жатады:
– Психологиялық ағарту жұмысы
– Психологиялық практика
– Психологиялық кеңес
– Психодиагностика
– Психокоррекция жатады.
Жаңа технологиямен оқыту оқушы психикасын жетік меңгеруді қажет етеді. Сондықтан оқу бағдарламасын міндетті деңгейде игеру үшін өзім сабақ беретін 6 - 7 класс оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін үнемі басты назарда ұстап отырмын.
Л. С. Выготский «орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор шығармашылықпен тұрақты белсенді айналасуға икемді жас деуге болады»... дегенді айтады. Сондықтан сабақ барысында баланың процесстерін жеке тұлға қасиеттерін және қарым - қатынас формаларын басты назарда ұстап психикалық дамуына мүмкіндік туындырып отырмын.
Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогика мұраларда үлкен үлес қосады. Қ. Жарықбаев, Н. Елікбаев, Қ. Жүкештің еңбектерінде қарастырылған.
2. 2. Әдебиет пәні арқылы сөз өнерінің ерекшелігін танытып, икем дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа буын оқулығы оқушыны жеке тұлға етіп дамыта оқыту принципіне негізделген. Оқыту формасында өзімнің басты ұстанымым:
1. Оқу жүктемесі есте сақтау қабілетіне емес, ойлау қабілетіне бағытталуы керек.
2. Оқу жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгерілуі тиіс.
3. Оқу материалдарын оқушы дайын күйінде емес, өз бетінше игеруі керек.
4. Проблемалық оқытуда проблеманы мұғалім емес, оқушы қойғаны дұрыс.
5. Оқушы қызметін бағалауда бақылау, талдау, анализдеу т. б. да негізгі ролді мұғалімнен гөрі оқушылар атқарған дұрыс.
6. Оқушыны іс - әрекетке зорлықпен емес өз еркімен араласуға жағдай туғызу қажет.
7. Осы қағидаларды орындауда оқушыға толық шығармашылық еркіндік беріліп, оқу материалын еркін меңгеруге мүмкіндік алдым.

Сонымен бірге әрбір кластың ауызбіршілігін зерттеп отырамын. Ұжымшылдық төмен болған жағдайда қажетті мәлімет меңгерілмейді. Ол үшін әрбір сабақты топқа бөліп жұмыс жүргізуге бағыттаймын. Топтың құрамын үнемі алмастырып отырамын. Сол арқылы жеке тұлғаның бағытын яғни қабілетін зерттеймін.
Интеллектуалдық деңгейі, психикалық процестері әртүрлі болып келеді. Өзім сабақ беретін 7 «б» класс оқушыларының интеллектуалдық деңгейі әр түрлі. Аманов Данияр, Көмекбай Айдана, Әбдіраман Гүлнәздың аз уақытта еркін есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Жақсыбай Айбек, Төрекеш Әсет, Кеңес Тимур, Әскебек Серік, Нағашыбай Рүстемнің таным процестерінің ішінде зейіннің тұрақтылығы, ойлаудың шапшаңдығы байқалады,
Дара ерекшеліктерін, темпераменттерінің, мінез ерекшеліктеріни ескеру. (сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта).
Функционалдық жағдай, көңіл - күй эмоциалдық жағдайын ескеріп отырмын. Ерікті процестерін зерттеу, есепке алу оқушының дамуын жетілдіру түрлері.

3. Мұғалім еңбегінің нәтижесі – оқушылардың шығармашылық жұмысы.

6 - 7 класс оқушылары жас ерекшелігі жағынан қиялға, образды ойлауға бейім. Өзім дәріс беретін бұл кластарда шығармашылық қиялын дамытудың орны ерекше. Оқушылардың эстетикалық кабылдау мүмкіндігін дамыта отырып өлең жазу әліппесіне мүмкіндік алдым. Бұлардың бойында шығармашылықпен айналасуға мынадай ерекшеліктер бар:
Оқушылардың өзіндік ойлау ерекшеліктері басым. Түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұщқыр өзін тануға құштар келеді.
Жас өспірімдердің барлығы шығармашылықпен айналасуға ұмтылып тұрады. Шығармашылық күшін сынауға тырысады.
Оқушылардың қиялдары жүйрік бейнелер сомдауға шебер. Жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді.
Болмыстары поэзиядан құралады.
Бұл жастағылар ақыл - қабілетілігін тек өзін қызықтырған іске бағыттайды.
Оқушылар мазмұндама, мінездеме жазудан гөрі, әңгіме, өлең жазуға бейім.
Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар, біреулер жаза «алмаймын» деп өздерін үрейге, қорқынышқа билесе, екінші бала өз жазғанына қанағаттанбайды.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік баланы психологиялық дайындықтан өткізіу. Шығармашылық шеберлігі үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ:
– Сенің қолыңнан бәрі келеді;
– Сен қабілеттісің;
– Жаз, үйрен – деп баланы еркін билеп сенім білдіріу.
Оқушыны кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу.
Оқушылардың басылымды өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу.
Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау.
Ақын жазушылардың өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызықты оқиғаларды әңгіме ету.
Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу.
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.
Әдебиет сабағында ауыз әдебиет тарауынан төрт түлікке өлеңдер арнап жаздырдым.
Қозы: Біздің қозы қап - қара
Айдасам ол бара ма?
Анасы бар «Қой» деген
Қасынан ол қала ма?
Жақсыбай Айбек
Ал үйінде төрт түліктің ешқайсысы жоқ, күшігін жақсы көретін бір оқушым күшігіне жазғанын, оның себебін түсіндірді.
Күшігім
Менің күшігім бар
Бірақ үйшігі тар,
Кіре алмай жүр айналып,
Қысылып, қайғыланып.
Көріп қалдым мен оны,
Жасап бердім кең қылып.
Енді күшігім ойнайды,
Еркелеп жерге аунайды
Нағашыбай Рүстем
Сөзді сүю оның мән - мағынасын түсіну, әдемі, жүйелі сөйлей білуге үйрету қажеттілігі мектепте тіл тәрбиесін жүргізудің сан алуан формасын меңгеруді керек етеді. Соның бірі - өнер сайысы. Мен осы сайыстың бір түрі ретінде мынадай әдеби ойынды қолдандым. Екі топ белгілі бір берілген сөзге ұйқас сөз табудан жарысады.
Табылған ұйқастарды пайдалана отырып кез - келген тақырыпта өлең шығарады.
Берілген сөз «күмбірлеген». Оқушылар осы сөзге ұйқас болатын күркіреген, күмбірлеткен, бөленген сияқты тағы басқа ұйқас сөздер тапты. Осы ұйқасты пайдалана отырып оқушылар бірнеше өлең жазды.
Домбыра
Домбырасы күмбірлеген,
Аспаны күркіреген,
Ән мен жырға бөленген,
Қазақтың ол салтанаты
А, Көмекбай
Екінші сөз «аспабы» оған ұйқастар: асқағы, киелі, жүреді т. б.
Домбыра
Домбыра менің аспабым,
Шығады әннің асқағы.
Домбыра - ол киелі,
Ізімнен қалмай жүреді.
Г. Әбдіраман
Мұндай ойындарды сабақ үстіндегі демалыс минуттарда жүргізу оқушыларды сергітеді, өлеңге құштарлығын арттырады. Оқушылар бойындағы табиғат сыйлаған талантты тани біліп, оны ұштауға бұл ойындардың септігі мол.
Осындай сан алуан формалы дамытушылық құралдарын пайдалану арқылы қол жеткізген нәтижелерім төмендегіше болады.
Ақындық қабілеті байқалған оқушылар – 15. Солардың ішінде: 1 – Аудан көлемінде өз өлеңдерін оқып жүрген жас ақындар, 2 - Өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланып жүрген, 3 – Қалалық деңгейде іс - шараларға қатысып жүрген жас ақындар, 4 – Мектепшілік іс шараларда орын алып жүрген жас ақындар, 5 – Кластағы талапкер ақындар.
Баспасөз бетіне жарияланып жүрген кейбір оқушылардың шығармалары.
Ақ тілек
Ақ тілек күліп атқан ақ таңыңдай,
Ақ тілек даланың ақ қарындай.
Айтамыз құрбы - досқа ақ тілекті,
Жарып шыққан, қашанда пәк жүректі

Жүрсін тек көңілдерің жаздай болып,
Ән мен жыр жүректерге саздай қонып.
Талмасын қанаттарың қыран құстай,
Жүріңдер қатар ұшқан қаздай болып.

Қыс
Жапалақтап қар жауып,
Орман оған оранды.
Тоны жылы - ол анық,
Елемейді боранды.

Балалар қар атысып,
Сырғанайды жарысып.
Тарта - тарта шанасын,
Қалған қолы қарысып.

Менің арманым
Менің қиялымдағы ең биік арманым дәрігер болу. Мен дәрігер болсам өлім алдындағы бүлдіршіндерді аман алып қалар едім. Өзімнің дәрігерлік антымды ақтап, елдің сүйіп емделетін атақты дәрігері болсам деймін. Сонда менің арманым орындалады.

Анашым
Әлпештеген әлдилеген,
Бар қатемді кешірген.
Күні - түні қорғайды,
Кесапаттан, кесірден.
Анам менің, ақ анам,
Бес алғанда мақтаған.
«Бес алдың ба?» деп қуанып,
Күнделігімді ақтарған.
Еркелесем күлімдейтін,
Реніші білінбейтін.
Маңдайымнан сипап менің,
«Айым менің, күнім» дейтін

Үміт Шенберген
№17 мектептің 6 – сынып оқушысы
Қазалы ауданы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері

Қазіргі тез өзгеріп отырған әлемде білім беру саласындағы мектептің мақсат пен міндеттері заманға сай өзгеріп, түзетулерге жие ұшырауда....
Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.

Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.

Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты - ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім...
Тіл сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушы шығармашылығын арттыру

Тіл сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушы шығармашылығын арттыру

Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу әр бір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан оқушының жеке...
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...

Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...

Сапарова Жазира Төлемісқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×