Мектепалды даярлық топтарының жылдық қорытынды есебі.
Елбасымыз тәуелсіздікті алғаннан, дамыған елдермен қарым – қатынас жасап, жаңашылдықты үйрену, әсіресе, білім беру жүйесін қалыптастыруды өзекті мәселе етіп қойды. Себебі: заман талабына сай Қазақстан балалары сауатты, білімді болуды міндеттеді. Осы айтылған міндеттемелерге бізде толық қолдай отырып, білім берудегі есебімізді ұсынамыз.
2018 оқу жылында мектепалды алды даярлық тобының жалпы бала саны 60 оқушыны құрады.
Соның ішінде 44 бала қазақ сыныбында отырды.
0 «А» тобында барлығы 12 оқушы оның 7 - қыз, 5 - ұл жетекшісі: Бектұрғанова Г. Х.
0 «Ә»тобында жалпыбарлығы12 оқушы отырды жетекшісі Оразбақова Р. С.
0 «В» тобын барлығы11 оқушы құрады жетекшісі Азнаева Ж. М.
0 «Г» тобында барлығы 9 оқушы отырды жетекшісі Жұмаканова А.
Мектепалды даярлық топтары, мектептегі барлық іс - шараларға жыл бойы белсене қатысып отырды, айта кететін болсақ Алтын Күз мерекесі, Жаңа жыл мерекелері атап өтілді. Сонымен қатар ашық тәрбие сағаттары жоспарға сай өтіліп отырылды. Көктемнің алғашқы мейрамы 8 - Наурыз мейрамын мектепалды тобының бүкіл қыз баларымен солардың аналарының қатысуымен өткізілді және де спорттық жарыс түрлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушыларымыз Республикалық байқауларға барып мәнерлеп оқудан орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды.
Бастауыштың онкүндігінде мектепалды даярлық тобының оқушылары сурет салып қабырға газеттерін шығарды. Жас мамандар онкүндігінде даярлық тобында ашық сабақтар өткізілді.
Мектепалды даярлық тобы 5 сала бойынша жұмыс жасайды;
Денсаулық
Коммуникация
Шығармашылық
Әлеуметтік орта
Таным
Жыл басында балалар денсаулық саласы бойынша; жүруді(тез, жылдам, аяқтың ұшымен, тізерлеп, жүгіру) біледі, бірақ баяу, сенімсіздік басым болатын. 1 - тоқсанның ортасында балалардың спортқа деген ынталары көтерілді; себебі - оларға сапқа тұру, сап түзеу, саппен жүру, таңертеңгілік гимнастикаларды жасап, спорт залда ойнаған олар үшін таңсық жағдай болды. Уақыт өте келе балалар спорттың адам өміріне пайдасы зор екенін түсіне білді.
Қатынас білім беру саласы бойынша айтатын болсақ; жыл басында балалардың көпшілігі әріпті танымайтын, ойын ашық жеткізе алмайтын, ұяң болатын. Тілдері дұрыс дамымаған. Балалар екінші тоқсаннан бастап қана бір біріне үйреніп, мұғалімге үйренісіп ашыла бастады. Мәтіндер бойынша әңгімелеуді, ойларын толық жеткізуді үйренді. Тілдері жаттығып дыбыстарды дұрыс айтуға бейімделді.
3 - тоқсанның аяғына дейін балалардың басым бөлігі әріптерді танып, олардың дауысты дауыссыздарын ажыратып, дыбыстық талдау жасап, буынға бөлетін болды. Жалпы айтатын болсақ, даярлық тобының ішінде 3 - 4 баланың есте сақтау қабілеттері төменірек, әріптерді ұмытып қалады, шатастырады, буынға бөліп, әріптерді қосып оқуға қиналады.
Шығармашылық білім беру саласы бойынша; Балалардың құзыреттілік көрсеткіштері өте жақсы, балалар әуенді мұғаліммен қосылып айта алады, мәтінді жылдам жаттайды, әуенімен орындай алады, әуенді жақсы қабылдайды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық аспаптарын таниды, суреттерін сала алады, аттарын жатқа біледі.
Әлеуметтік білім беру саласында; барлық балалар өз беттерінше әрекет ете алады, достарымен сыныптастарымен жақсы қарым қатынаста. Олар бірімен жақсы араласады, әңгіме айтады, қалжыңдасады. Барлығының тәрбиелері жақсы және мәдениетті сөйлеуге үйренген. Үлкендермен амандасуды, сыйлауды біледі.
Таным білім беру саласы бойынша көрсеткіштер; балалар 1 - 20 де» інгі сандарды таниды, 1 - 20 дейін сандарды қосып алады сонымен қатар пішіндерді таниды, ажырата алады. Мысалдар мен есептер құрастыра алады және оларды шеше алады.
Балалардың даму үлгерімі мен оқу үлгерімдері бойынша мынандай деңгейді көрсетеді:
- Сыныпта тыңдалым жақсы
- әр бала өзінің не істеп жатқанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие
- әр бала өзінің білетінін жасай алады
Осы білім салары бойынша мектепалды даярлық тобы жақсы көрсеткіштерді көрсетеді.
Алматы облысы, Талғар аудандық әкімдігінің «Талғар ауданының Білім бөлімі» мемлекетттік мекемесінің«№11 жалпы білім беретін шағын орталығы орта мектебі» мемлекетттік коммуналдық мекемесінің Бастауыш сынып мұғалімдерінің ІІ - жарты жылдық есебі. 2018 - 2019 оқу жылы.
Есептің толық нұсқасын жүктеу
Мектепалды даярлық топтарының жылдық қорытынды есебі
- ramuk_b
- 31 қазан 2019
- 41594
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Мектепалды даярлық топтары, жылдық қорытынды есебі
Ұқсас жаңалықтар:
Әдістемелік нұсқау хат 2019 - 2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы...Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:...Оқушыларға мінездеме
Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау...Нұсқаулық хат 2017-2018 оқу жылы
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік...Бала тілін дамытудағы ертегілердің маңызы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, №2 Кеген орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Әлия Керуенова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.