Түсінік хат
«Заманына қарай адамы» демей ме халқымыздың данагөйлері. Қазіргі заман талабы - техниканы терең меңгеріп қатарынан қалмау. Компьютер алдындағы баланың сөздік қоры мен тілдік шешендігі мүлде дамымай кенже қалып тұрған тұс. Осы ретте біздің, қазақ тілі мамандарының, алдында үлкен жүк пайда болды. Қара сөздің майын тамызған, қара сөзден алдына жан салмаған ата - бабамыздың бай мұрасын көлеңке басып, қалтарыста қалып қойғандығы қынжылтады.
«Заманың түлкі болса, тазы болып шал» дейтін де біздің аталарымыз емес пе? Ендеше бұл түйіннің шешуін табу да біздің борышымыз. Мен осы орайда «Фразеология» атты бағдарлама жасап, сол арқылы қазақтың бай сөздік қорының бір қырын танытып, балаларға тұрақты сөз тіркестерінің мән – мағынасын ашу арқылы сөздік қорларын молайтуды мақсат еттім.
Мақсатыма жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:
- І. К. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық танысу;
- Сөздіктерге тұрақты сөз тіркестерін мағынасына, құрамындағы сөздеріне қарай топтастыру;
- Сыныптан тыс сабақтар өткізіп көру арқылы балалардың қызығушылығын байқау;
- Жекелеген оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу;
8 - сыныпта жеке пән ретінде оқытылатын болса, төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймын:
- Оқушылардың сөздік қоры молаяды;
- Фразеология туралы білімдерін кеңейтеді;
- Көркем әдебиет оқуға қызығушылықтары артады;
Осындай мақсатты жүзеге асыру үшін 8 - сыныпта қосымша жүктеме есебінен мынандай бағдарлама құрып, тұрақты сөз тіркестерінің сырын ашып оқытуға болады.
Толық нұсқасын жүктеу
«Фразеология» бағдарлама
- ramuk_b
- 25 желтоқсан 2017
- 2456
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Фразеологиядан бағдарлама, қазақ тілінің фразеологиялық танысу
Ұқсас жаңалықтар:
Төрт түлік малдың пайдасы
7. Т3. Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну; 7. А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер,...Тіл дамыту бағдарлама
Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту. Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру...«Тіл дамыту» курсы
Шет ауданы, Ақжал кенті, Ш. Батталова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кусайнова Мугилсим Сатбековна...Жарасып тұр дәстүрім! Фразеологизм
ШҚО, Семей қаласы «№10 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токымтаева Ақбота Ғалымқызы...Тұрақты сөз тіркесі
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 11 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Кадиркешова Зауре Кадархалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.