Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік шыңы

Аралтөбе орта мектебінің директордың
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Сүйеубай Бибігүл Өмірзаққызы

Тәуелсіздік шыңы
ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сценарий

2016 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына еніп, көркейіп келеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік шыңы» атты кітап әзірлеп жатырмыз. Кітап 3 тараудан тұрады, бірінші «Білім ордасы», екінші «Бірлік», үшінші «Тәуелсіздік». Кітаптың әр тарауына сіздерде өз ой пікірлеріңізді қоса аласыздар.
Бірінші тарау «Білім ордасы»
Бәрімізге белгілі, білім ордасы - ол мектеп. Мектепте оқушылар білім алады. Оқушылардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие алу. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, оқушылардың жалпы назары тек мектепте болу керек. «Мектеп - кеме, білім – теңіз»- демекші оқушылардың толық білім алып шығуында мектептің ролі маңызды.
Мектептің тарихына тоқталсақ.
Мектеп екі қабатты.
180 - оқушыға арналған
Мектепте 81 оқушы оқиды.
Мектеп аптасына алты күн 2 ауысымда жұмыс істейді.
Оқу процесінің ұйымдастыру формасы: (сынып - сабақ формасы) баяндама, семинарлар, практикум, (баяндама - сынақ формасы) кеңестер, олимпиадалар, таңдау пәндері конкурстар, пән апталықтары, ашық сабақтар. Мектепте 25 мұғалім жұмыс істейді.
Мектептің материалдық базасы: толық бар.
Кітапхана қорында әдеби оқулықтар мен электрондық оқулықтар бар.
Біздің мектептің көркейіп өркендеуі үшін балалар өте жақсы оқу керек.
- Балалар, білім алып жатқан мектебің туралы ой - пікірлеріңді, ізгі - ниеттеріңді білдірсеңіздер.

«Болашақ» мектебі тақырыбына постер жасалынады.

Екінші тарау «Бірлік»
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Біздің ауылымызда әр ұлт өкілдері тұрады. Ауылымыздың бірлігі туралы сіздердің ойларыңызды тыңдасақ.
Өз ой пікірлерін балалар қағазға түсіріп, тақтаға ілуге болады.
Үшінші тарау «Тәуелсіздік»
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Викториналық сұрақтарға жауап берейік.
1. ҚР - ның бірінші ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров 02. 10. 1991 ж.)
2. ҚР - ның астанасы Ақмола қаласына қашан көшірілді? (1998 жылдың мамыр айынан)
3. ҚР - да бірінші Ата Заң қашан қабылданды? (28. 01. 1993 ж.)
4. ҚР - да екінші Ата Заң қашан қабылданды? (30. 08. 1995)
5. Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? (1990 жылы 25 қазанда қабылданған).
6. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлық шығарған күні. (1991 жылдың 28 тамызы)
7. 1991 жылы 16 желтоқсанда қандай оқиға болды? (Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады)
8. Еліміздің астанасы?
Қазақстан 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Қандай өзгерістер болды?
Қорытынды: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыр шешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, балалар. Сіздердің пікірлерің міндетті түрде ескеріледі. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...
Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...
Елім менің – еңселі!

Елім менің – еңселі!

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет - ғұрпын...
Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым

Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым

Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!...
Қазақстан - менің Отаным

Қазақстан - менің Отаным

Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×