Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қазақ тілі 6 сынып. Дефис арқылы жазылатын шылаулар

Сабақтың тақырыбы: Дефис арқылы жазылатын шылаулар.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және шылаулардың емлесі, дефис арқылы жазылатын шылаулардың емлесі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Кезекші мәлімдемесі.
З. Журнал бойынша түгелдеу.
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
Дәптерлерін алмастыру.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Дефис арқылы жазылатын шылаулар» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Тілімізде - ақ, - ай, - ау, - мыс (- міс), - ды (- ді) демеуліктері өзі шылауында жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы: Өзің - ай бар! Күннің суығын - ай! Орнын жаңа тауыпты - ау! Келісе келді - ау деймін. "Үйлесер едік" деп айтады - мыс. (Б. М.) Осындай көп хабарға сеніп келген - ді. (М. Ә)

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 342 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Демеуліктерді тауып, қалай жазылғанын талдап түсіндіріңдер

Келесі тапсырма: 343 - жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Шылауларды тауып, түрлеріне ажыратыңдар, емлесіне назар аударыңдар.

Сабақтың қорытындысы:
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: көркем әдебиеттерден 10 сөйлемнен тұратын мәтін
жазып, дефис арқылы жазылатын шылаулардың астын сызыңдар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі 6 сынып. Ырықсыз етіс

Қазақ тілі 6 сынып. Ырықсыз етіс

а) білімділік: оқушыларға етістер, олардың түрлері, ырықсыз етіс болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру....
Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға есімше туралы түсінік, олардың жасалуы мен түрлері жайлы толық мәлімет беру. ә) дамытушылық: ой - өрісін,...
Зат есімнің жасалу жолы. Деректі және дерексіз зат есімдер

Зат есімнің жасалу жолы. Деректі және дерексіз зат есімдер

Зат есімдер негізгі, туынды және күрделі зат есім болып үшке бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой+шы, күй+ші,...
Шылаулар мен шылау тұлғалы қосымшалар

Шылаулар мен шылау тұлғалы қосымшалар

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Каратаева Майя Исимкуловна...
Сабақты етістік пен салт етістік

Сабақты етістік пен салт етістік

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету