Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Өсімдіктердің қысқы өзгерісі

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
№32 жалпы орта білім беретін мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Илекеева Гульнур Мырзахмедовна
Дүниетану 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің қысқы өзгерісі»
Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілі жайында түсінік беру. Қыс маусымында ағаш пен бұта өсімдіктерінде болатын өзгерістерді аңғарту. Ағаштың суыққа төзімділігіне көз жеткізу. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Табиғатты аялауға шақыру.
Базалық білім: қысқы ағаш тіршілігі, өзгерісі. Бұталардың өзгерісі, себебі жапырақтың бүршіктен шығатыны, қыста бүршіктің сақталуы.
Тірек білім:
Өсімдіктердің маусымдық өзгерісі, шөп өсімдіктерінің маусым бойынша тіршілігі.
Сабақтың көрнекілігі:
Оқулық, қарындаш, шырша, бұтақ, жұмбақтар жинағы, сюжетті сурет(қыс), ребус, тыйым карточкалары,
ойын(құмырсқаға дән жинасу), мақал «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», қызықты әңгіме «Тоқылдақ - орман дәрігері»
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
Оқушыларды сабаққа дайындау.
2. Бақылау күнделігімен жұмыс.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
4. Тірек білім, дағдының өзектілігі.
- Балалар, менің суреттеуім бойынша, қай мезгіл екенін табасыңдар;
1) Ыстық, балалар өзенге шомылып жүр.(жаз)
2) Құстар ұшып келді, жылғалардан сылдырап су ақты.(көктем)
3) Күн суытты, жапырақтар сарғайып, жерге түсті.(күз)
4) Далада аяз, қар жауады, балалар шанамен ойнады.(қыс)
Сұрақтар:
- бір жылда неше мезгіл бар
(Саусақтармен, жұдырықпен көрсету(4 - саусақ төрт жыл мезгілі, әр саусақта үш буыннан бар, ол әр мезгілде үш айдан бар екені, ең ұзын саусақ - көктем, өйткені көктемде күн ұзақ болады. Ең қысқасы - қыс, қыста күн қысқарады. т б)
Жұмбақ шешу: Ақ әже біздерді жебеп отыр,
Аспанда ақ ұнын елеп отыр.(қар)
- қар қай кезде жауады?- қыста.
- Ендеше, біз бүгін қыс мезгілімен жақынырақ танысамыз.
(Сюжетті суретпен жұмыс. Суретке қарап әңгіме құрастыру)

- Қыс мезгілі кімге ұнайды, несімен ұнайды?
- Қыс туралы кім тақпақ айтады?
1. Қырларды жапты күміс қар, 2. Асыр салып ойнамақ
Далада жаңа тыныс бар. Ақ мамықтай дала қар.
Бұталар жалт - жұлт етеді, Бір - бір шаңғы байлап - ап
Кәдімгі бейне хрусталь. Жолға шықты балалар.
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тақырыпты хабарлау, мақсатын түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы сурет, ағаш пен бұтаға назар аудару;
Өлең: Қайыршы шал, кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш - қурай.(өлеңнің мәнін ашу)
- Қыста ағаш, бұталар өліп, қурап қалмайды. Қар жауып, аяз болса да тұра береді.
- балалар, ағашты сындыруға болама?- жоқ.
Ал, мына бұтақты басқа балалар сындырып кеткен екен, мен сендерге көрсетуге алып келдім. Қараңдаршы, мынау ағаштың бұтағы. Ағаштың бұтағында бүршіктер бар, бұл бүршіктер қай кезде жапырақ атады?- көктемде. Күн жылынып, қар ерігенде.
- Неге қыста гүлдеп, жапырақ атпайды? Өйткені қыста күн суық, аяз.
- Балалар, күзде жапырақтар сарғайып, түсіп қалады, ал көктемде қайта жапырақ атып, гүлдейді. Неге олар үнемі гүлдеп тұра бермейді?
Балалар сендер бір киіммен жүре бересіңдер ме?- жоқ. Жаңа киім алып бер дейсіңдер, жаңа киімді кигенді ұнатасыңдар. Ағаштар да сендер сияқты, күзде ескі киімін шешіп, көктемде жаңа киім киеді екен.
Балалар ағаштар қыста неге өліп қалмайды? Өйткені ағаштар суыққа өте төзімді, қабығы қалың, тамыры жер астында жатады.
Енді мына бұтақ бүршігіне қандай ат қоюға болады? (ұйқыдағы жапырақ),(ұйқыдағы гүл), (ұйқыдағы жеміс). Бүршік болашақ жапырақ, гүл, жеміс.
Жұмбақты шеш: Тікен - тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте.
Жасыл ине киемін.
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төрінедемін үйіңнің. (шырша)
Ойын: Сөзді тап - РЫШАШ ( шырша) шыршаны көрсету.
3 2 1 5 4
Таулы жерде қаптап өседі. Мынау шырша. Ол қысы - жазы көгеріп тұрады. Оның жапырағы ине тәріздес. Ол отқа жақсы жанады. Шырша сөзіне сөйлем құрайық. Әсем жаңа - жылда шырша алып береді.
Тыйым карточкаларын көрсету: 1) Ағашқа жазуға болмайды!
2) Өсімдікті тамырымен жұлма!
3) Гүлдерді таптауға болмайды!
4) Гүлдерді жұлуға болмайды!
5) Ағашты шабуға болмайды!
Есіңде болсын: Ағаштар, өсімдіктер өте пайдалы, олар ауаны тазартады. Олар шаң - тозаңды жұтып алып таза ауа бөліп шығарады.
- Мынау тоқылдақ. (орман дәрігері) Ағаштар діңінің ішіндегі құрт - құмырсқаларды теріп жейді.
- Балалар, күзде адамдар отын дайындайды, астық жинайды, көкөністерін сатады т/б, еңбекпен айналысады.
- Ал қыста не істейді?
Қыста жер бетін қар жабады. Адамдар егін егетін жерлерге трактор мен қар үйіп, қар тоқтатады. Шаруашылық көліктерін жөндейді, малдарына жем - шөп тасиды, қар күрейді.
Мақал: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей. (мәнін ашу)
Ойын: (құмырсқаға дән жинасу)
Тапсырма: 1) Қазір қай мезгіл?
2) Өсімдік мүшелерін ата.
3) Ағаш мүшелерін ата
4) Тірі табиғатқа нелер жатады
5) Өлі табиғатқа не жатады
6) Қысы - жазы жасыл болып тұратын ағаш
7) «шана»сөзін қатыстырып сөйлем құра.
Дәптермен жұмыс; Қарағай - ағаш
Арша - бұта
Шыршаның суретін сал

Қызықты әңгіме; «Сүт ағашы»
Латын Америкасының Коста Рика, Эквадор және басқа елдерінде сүт ағашы өседі. Жергілікті тұрғындар оны – емізік деп атайды. Себебі; Қабығын тіліп жіберсеңіз, одан соң ыдысыңызды қоя қойсаңыз, сүт шырыны бөлінеді, 1сағатта дәмі сиыр сүтінен айнымай қалады.
Қорытынды:
1) Біз жылыдың қай мезгілімен таныстық?
2) Қар қай кезде жауады?
3) Жылдың неше мезгілі бар?
4) Өсімдіктер қыста қалай тіршілік етеді?
5) Адамдар қандай еңбекпен шұғылданады?

Сабақ аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету