Сайтқа кіру Тіркелу

«Ашық есік күні» – жетістіктер көрінісі

«Ашық есік күні» – жетістіктер көрінісі

Әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, дүниежүзінің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған заманауи білім ордасы, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта – шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы дәстүрге айналған «Ашық есік күнін» ерекше сән - салтанатпен атап өтті.
Бұл шараның мақсаты – шетелдік болашақ талапкерлерді факультетке шақыра отырып, университетпен, факультетпен, кафедрамен әрі факультеттің оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарымен таныстырып, еліміздің төл тарихына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы олардың болашақта біздің факультетті таңдауына бағыт - бағдар беру, біздің факультетте білім алғысы келетін шетелдіктердің қатарын арттыру. Болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, сонымен қатар жаңалыққа толы, инновациялық дамудың әдіс - тәсілдерін меңгеріп жатқан ұстаздар еңбегін елге таныту, кафедрада білім алып жатқан шетелдік студенттердің жетістіктерін көрсету.
Іс - шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін Алматы қаласындағы шетелдік азаматтар және білім беру және мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, шетелдік талапкерлер шақырылды.
Факультет қабырғасында аталмыш іс - шараны жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған. «Ашық есік» күнінің ашылу салтанаты университет және факультет тарихы жайында фильм көрсетіліп, факультеттің бүгінгі тыныс - тіршілігімен таныстырудан басталды.
Бұл іс - шараға кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Франция, Түркия, Вьетнам, Филиппин, Иран елдерінен келген шетелдік студенттер қатысты.
Шетелдік студенттер мен ұстаздар қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы және жоғары оқу орнымызда білім алу келешегі туралы және факультет тарихынан бастап күні бүгінге дейінгі жетістіктері, кафедраның қазіргі таңдағы орны мен маңыздылығы, жалпы тыныс - тіршілігі жайында бейне жазба ұсынды.
Слайдтарда шетелдерде жоғарғы мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарып жүрген осы факультеттің кафедрасында білім алған үздік түлектері көрсетілді. Қатысушылар факультеттің жұмысынан хабардар болып қана қоймай, еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.
Факультетпен, жалпы университетпен таныстыру шарасы акт залында мерекелік әдеби - музыкалық кешпен жалғасын тауып, кафедрада білім алып жатқан шетелдік өнерлі студенттердің концерттік бағдарламасына ұласты. Бұл концерттік іс - шарада келген қонақтар, ұстаздар, шетелдік талапкерлер құрметіне кафедрамызда білім алып жүрген шетелдік студенттер әуелете ән салып, күмбірлете күй шертіп, биден шашу шашып, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, көрініс көрсетіп, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.
Дәстүр бойынша іс - шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.
Бұл шетелдік студенттердің рухани - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы әрі маңызды іс - шара болды.

А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Алматы қаласының тарихы және көрнекті жерлері

Іс - шараға дүние жүзінің Қытай, Корея, Жапония, Ауғанстан, АҚШ, Италия, Дания, Испания және басқа да елдерінен келіп, білім алып жүрген шетелдік...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Ашық есік  ...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Ашық есік ...

Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім – қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның», - деп жазып кеткеніндей,...
«Қазақстанға қош келдіңіз!» атты іс - шарасы өтті

«Қазақстанға қош келдіңіз!» атты іс - шарасы өтті

Ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Бұл – жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Шетелдіктерге арнайы өткен «Ашық есік күні»

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×