Путин Лукашенконы жек көреді: ол - ақылды және айлакер адам
Белгілі тәуелсіз украин журналисті Дмитрий Гордон Александр Лукашенко мен Владимир Путиннің қарым - қатынасы туралы айтты.
Владимир Путин Александр Лукашенконы жек көреді, өйткені «батька – белорусьше бацька» екі ел - Ресей мен Беларуссияның одағын құрудан бас тартты. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының президенті ұзақ уақыт бойы құқық бұзушылық жасырған.
Мұндай мәлімдемені журналист Дмитрий Гордон «Савик Шустердің сөз бостандығы» саяси ток - шоуының эфирінде жасады. Гордон екі президенттің қарым - қатынасы Путиннің Ресей мен Беларусь одағын басқарғысы келгендіктен нашарлап кетті деп сендіреді.
«Қарым - қатынастар ұзақ уақыттан бері қалпына келтірілмей бүлініп келеді, сонымен қатар жеке реніш емес, Путиннің Лукашенкеге деген жеккөрушілігі бар. Себебі Путин қайтадан президент болмақ. Ресей Федерациясының Конституциясы бұған жол бермейді, сондықтан оған тек Ресей - Беларусь одағының басшысы болу үшін қажет болды. Бірақ Лукашенко түсінеді - ол ақылды және айлакер, шаруалық/крестьяндық қулығы мен ұстамы бар адам - қаладағы екіншіден гөрі, ауылдағы бірінші жігіт болған жақсы», - деді Дмитрий Гордон.
Журналист сонымен бірге Лукашенконың Путиннен және оның жаңадан құрылған Одақтас мемлекеттің Мемлекеттік Думасының спикері қызметіне орналасу туралы ұсыныстарынан бірнеше рет бас тартқанын қосты.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Путин Лукашенконы жек көреді: ол - ақылды және айлакер адам
- ramuk_b
- 30 қыркүйек 2020
- 730
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Путин Лукашенконы жек көреді, ақылды және айлакер адам
Ұқсас жаңалықтар:
Путин Беларусьті 1,5 миллиард долларға сатып алады
Путин іс жүзінде диктатор Александр Лукашенконы қаржылық және саяси қолдау арқылы Беларусьті 1,5 миллиард долларға сатып алады....Путин КСРО ыдырағаннан кейін Ресей әлі қалыптаспағанын айтты
Ресей президенті Владимир Путин Ресей осал және ішкі тұрақтылық пен нығайту үшін уақыт қажет деп санайды....Дмитрий Быков – Шовинист Путин үшін Лукашенко - елеусіз қайраткер
Ресейлік публицист және ақын Дмитрий Быков Беларусь пен Ресей президенттерінің қарым - қатынасын туралы өз пікірімен бөлісті....Лукашенко – Беларусьтің нағыз патриоты
Соңғы кездері Ресей мен Беларусь арасындағы қатынастар одақтас және бауырлас емес....Путин - Ресей «жеке өркениет»
«Ресей өркениетін» сақтау үшін жоғары технологияны дамыту керек, деді Ресей президенті Владимир Путин. Ресей жай ел емес, «бөлек өркениет». Бұл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.