Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ халқының ұлттық киім түрлері

Қазақ халқының ұлттық киім түрлері
Технология 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана - сезімін ояту. Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өз халқының салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері:
Оқушылар қазақ халқының ұлттық киім түрлерін оқып меңгереді, бас киім түрлерін жасап үйренеді.
Кіріспе:
І Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері» Оқушылармен амандасу, қал - жағдайын сұрау, көңіл - күйін көтеру.

Оқушыларды қазақ халқының ұлттық киім түрлерінің суреттері арқылы топқа бөлу.
Таңдалған суреттерінің артқы жағына үй тапсырмасының сұрақтары жазылған.

ІІ. Таныстырылым:
«Қазақ халқының ұлттық киімдері» жайлы видео қойылады.
Топтық тапсырма. Оқушылар топ ережесін еске түсіреді.
1 - топ: Ер адамның ұлттық киімдері (постер қорғау)
2 - топ: Әйел адамның ұлттық киімдері (постер қорғау)

ІІІ. Негізгі бөлім:
Қазақы киім – көненің көзі. Қазақ халқының ұлттық киімдерін тіккенде климаттық жағдайларды ескеріп, ежелгі дәстүрлер бойынша сәндеп тіккен. Қазақтарда ішкі, сыртқы, бір киер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Салтанатты киімді барқыттан, жібектен тігіп, құндыз, кәмшат терілерін қолданған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапан, кеудеше, тон жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген.
Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Ерлер киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған. Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×