Сайтқа кіру Тіркелу

Сәукеле тігу

Тақырыбы: Сәукеле тігу
Мақсаты: а) Сәукелені матадан пішіп тігу тәсілін үйрету, сәукеленің өзіне тән әдет ғұрпымен таныстыру.
ә) Өнерге қызығушылығын, шеберліктерін дамыту.
б) Әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа, сарамандық сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: сәукеле.
Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, қызыл түсті барқыт мата, ақ түсті тоқыма жіп, мақта, желім, қайшы, ине - жіп, сызғыш, қарындаш, бор.
Сабақтың өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
II. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Сәукеле алтын, күміс, меруерт, маржанмен әшекейленіп, зер, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Ертеде бір сәукеленің бағасы жүз жылқыға барабар болған. Сергіту сәті
IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту.
2. Сұрақ - жауап
3. Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:
1. Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Биіктігін 20 см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып, желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.
2. Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін қызыл түсті мата бетіне орналастырамыз. Жиегінен тігіске 1см - дей қалдырып, бормен сызамыз. Сызық бойынша матаны қиып аламыз.
3. Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.
4. Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3 см мақта желімдейміз.
5. Ақ түсті тоқыма жіптен шашақ жасап, үкісі ретінде сәукеленің төбесіне қадаймыз.
V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Сәукелені кімдер киеді? Тағы қандай ұлттық бас киім түрлерін білесіңдер? Сәукелені қалай өрнектеп, әшекейлейді?
VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

Қажетті құралдар:
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика.
Сабақ барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, қажетті құрал жабдықтарын тексеру. Еңбекке баулу сабағындағы қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Негізгі бөлім.
І. Қазақтың ұлттық бас киімдері қазақ халқының эстетикалық талғамын, мәдени дәстүрін, ұлттық ерекшелігін анық көрсетеді.
Қазақ әдет ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін киім болып саналады. Сондықтан да қазақтың ұлттық бас киіміндегі әшекейлеу ерекшеліктері заман ағымына қарай түрленіп отырады. Қазақ халқының үнемі әдемілікке, әсемдікке ұмтылғанын бас киімдердің әшекейленуіне қарап білуге болады. Бас киім неғұрлым сәнді де әсем болса, тіл-көзден сақтайды деген түсінік бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сәукеле

Сәукеле

Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру, қиюдың түрлі тәсілдерін сәндік қолтаңбалы өнер элементтерін жапсыруда қолдана білуді үйрету,...
Қазақ халқының ұлттық киім түрлері

Қазақ халқының ұлттық киім түрлері

Қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана -...
Технология пәнінен сабақ жоспарлары

Технология пәнінен сабақ жоспарлары

Шет ауданы, Талды жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы...
Қазақ халқының ұлттық киімдері.

Қазақ халқының ұлттық киімдері.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нугманова Алмагуль Нуртазиевна...
«Ұлттық бас киім - Сәукеле» атты ғылыми зерттеу жұмысы

«Ұлттық бас киім - Сәукеле» атты ғылыми зерттеу жұмысы

«Ұлттық баскиім. Сәукеле атты ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазақтың ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктеріне, ерлер мен әйелдердің бас...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×