Сайтқа кіру Тіркелу

Қыз еркем, кестесімен көркем

Кластан тыс жұмыстың тақырыбы: Қыз еркем, кестесімен көркем
Мақсаты:
Қыздарымыз арулар күлімдеген
Қыр гүлі қызғалдаққа теңелген.
Білімділігі:Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік,инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Дамытушылығы: қыз балаларды әдемілікке, сұлулық,ақылдылық, іскерлікке баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.
Тәрбиелілігі: қыз балаларды өзін-өзі күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сайыс өтілу барысында ұйымдастыру бөлімі.
Керекті құралдар:нақыл сөздер, плакат, көрнекіліктер.
Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі 6 б сыныбында өткелі отырған « қыз еркем, кестесімен көркем» атты бұрымды қыздар сйысына хош келдіңіздер!
«Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» демекші,
Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,
Бұрымын кейін серпіп тастауымен.
Жарасқан шашбауымен теңгелерім
Теңгенің кім біліпті дөңгелегін.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың шашаын өсіріп ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған, қыз балаға керек қасиет – талғам, жарасым, ақыл, білім, іскерлік өмір тіршілігінен нәр алып тамырға жайылады.
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап аламыз:
1.
2.
3.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. «Жұмбақ қыздар»
2. «Ақылды қыздар»
3. «Арманшыл қыздар»
4. «Өнерлі қыздар»
5. «Аспазшы қыздар»
Қыпша бел, алма мойын, бота көздер,
Аймен, күнмен таласқан көрік жүздер.
«Үкілі кәмшат» - әні баяу ойналады.
Ал енді Қазақстан ұлттық арнасындағы екі жұлдыз жобасына сәйкес жұптасқан қыздар топтарын ортаға шақырамыз.
1.
2.
3.
4.
5.
І сайыс бөлім – «Жұмбақ қыздар»
Кеше, бүгін ертең де,
№226 гимназия үйінде
6 б сыныбына Мирамкүл атты
Өнегелі ұстаз жетекшілік етіпті,
Он қызы қолқанаты,
Байлығы мен қуанышы сол болыпты.
Батыл көркем, ақылды өздері,
Көпке үлгі, көркем сұлу боп өсіпті.
Істері де, өздері де, сөздері орнықты.
Олар міне «бұрымды қыздар»
Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,
Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.
Арулардан бейхабар болмас үшін,
Өздерін таныстырады осы жерде. - демекші қыздар өздерін таныстырады. әр бөлімде әділқазылар бағалау есебін көрсетіп отырады.

Қазақтың түрлі –түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар
Арулар біле ме екен дәстүрлерді?
Сол себепті қоятын сұрақтар бар.
Білімге құштар санаға
Ақылы мен дария
Біліктілік азықпен
Дайын олар қашанда.

ІІ бөлім «Ақылды қыздар» сайысы
Шарты: үй шаруашылық мәдениетіне, іс танымдылық, тігін бұйымдарын, модельдерге байланысты тестілік сұрақтарға жауаптар беріледі.
Жауап белгі бойынша қабылданады.

1-жұп сұрақтары: 1.Торта дегеніміз не?
Қаймақ, сарымай тұнбасы.
2. Жүн мен жібек маталарды қандай талшықтардан дайындайды.
Жасанда, табиғи, химиялық
3. Жіп катушкасынан келген жіпті ұстап тұрады.
Бұрандалық, тартқыш тығырық

2- жұп сұрақтары: 1.Тамақ әзірлегенде киімге дақ түспес үшін қандай киім киіледі?
Алжапқыш. Халат. Арнаулы орамал.
2. Матаның ауа өткізгіштігі, жылу сақтағыштығы, ылғал мен шаң өткізгіштігі қандай қасиеті?
Гигиеналық, физикалық-механикалық, технологиялық
3. Реттеуіштің бөлшектерін ұстату үшін қажет?
Ұстатқыш шеге, тарту серіппесі

3-жұп сұрақтары: 1.Шалап дегеніміз не?
Ашытқан қымызға су қосу арқылы дайындалады, айранға су қосу арқылы дайындалады. Сүтке су қосу арқылы дайындалады.
2. Негізгі жіп екі арқау жіпті басып, бір жіпті өткізе отырып тоқылатын қандай айқаспа?
Кездеме, саржалық, сәтендік
3. Тартқыш тығырықтарды бір-біріне қысып тұрады?
Қалпақ, тарту серіппесі

4-жұп сұрақтары: 1. Қор дегеніміз не?
Ашыған айран. Ашыған қамыр
2. Матаның отыру, тез сетінегіштігі, тігістерде жіптің ыдырауы қандай қасиеті?
Технологиялық, гигиеналық, физикалық- механикалық
3. Ине мен шөлмекке өткізілетін артық жіпті тартып тұрады.
Жіп тартқыш серіппе, ұстатқыш шеге

5- жұп сұрақтары: 6. Емдік қасиеті бар қандай сүт?
Қымыз, шұбат, айран
2. Өте жіңішке нәзік жіп, оны тұт жібек құртының қуыршағынан алады?
Табиғи жүн, табиғи жібек, табиғи мақта
3. Гайканы бұрағанда тартқыш тығырықтың қимылдауына жол бермейді.
Бұрандалық, қалпақ
Әділқазылар әділ бағасын берсеңіздер.
Арманы көп әркімнің аңсайтұғын
Жарасымды тәрбиелік ата-салтым.
Лайықты арманшыл қыз, аты шын,

ІІІ бөлім «Арманшыл қыздар» сайысы.
Адамның қара басында үш асыл қасиет бар,
Асылдығы бір –бірінен өтеді,
Бірі- көз, бірі –ақыл, бірі –көңіл үйлесім
Келесі бөлімнің шарты: «Әр елдің өз сұлуы өзінше – Қазақстанымның арулары несімен көрікті» Ең маңызды құнды пікірмен жеткізу. ( шешендік қабілетпен ойын жеткізуі тиіс)
Әділқазылар жағынан көрсеткіш есебін сұраймыз.
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын
Шақырған сайыстарға бірін –бірін.
Тыңдайық тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді арулар өз өнерін.
Әншілерді танимыз өлеңінен,
Бишілерді әсем ырғақ мәнерінен
Он саусағы алтындай шебер қызды
Танимыз қазір оны қолөнерінен. - демекші

ІV бөлім «Өнерлі қыздар» деп аталады. Өз өнерін ортаға салады; қолөнері, іскерлік, шаш өру өнерімен жарысады.
1. Тоқу өнерін көрсету, тоқылған заттар, өз қолдарынан шыққан бұйымдар (көрме көрсету)
2. Шаш өру өнері.( өрілген шашты түсіндіру)
3. Өз бойындағы өнер ( ән айту, би билеу, күй тарту, өлең оқу т.б)
Әділқазылар алқасынан есебін сұраймыз.
Шешендікті құрметтеген барлық елде,
Сөз тапқанға дауа жоқ әрбір жерде
Сөз жүрегі мақал деп босқа айтпаған,
Қалып па екен арулардың сол есіңде? – демекші Еңбекке, білімге, тұрмысқа, өнерге байланысты мақал-мәтелдің жалғасын табу.
1. Еңбек қылмай тапқан мал .... ....... (дәулет болмас)
2. Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл ...... .... (артық білуге)
3. Еңбек түбі мереке, көптің түбі ...... (береке)
4. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ..... .... (ер көгерер)
5. Ақылды қыз білімге жүгірер
Ақылсыз қыз ...... ........... (сөзге ілігер)

V бөлім «Аспазшы қыздар»
Шаңырақтың жайылады дастарқаны,
Дастарқанның бір сәні бар – он тағамы.
Тәтті тағам әр адамды сүйсіндірер,
Аспаздыққа берейік бір бағаны. Дей келе арулар өз ас дәмдерін ұсынады.
Әрбір жұп өздерінің жасаған салат түрлерін түсіндіріп, жасалу жолдарын айтып береді.
Енді әділ қазылар алқасы арулар ішінен ақылына көркі сай, инабатты да ізетті аруларды таңдау үшін сөз береміз.

Қорытындылау.
Осымен бүгінгі «Қыз еркем , кестесімен көркем» атты арулар сайысы аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Кері қайту
Ілмек сөздер: технология, ашық, сабақ
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×