ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ежелгі Қытай.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
1. Жібек қай ғасырдан бастап жасалды, қалай өндірілді?
2. «Ұлы жібек жолы» деп неге аталған?
3. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қашан құрылды?
4. Цин Ши Хуанди деген кім? Ол қандай өзгерістер жасады?
5. Ұлы Қытай қорғаны туралы не білесіз?
6. Қытайда ауыл шаруашылығы қалай дамыды?
7. Қытай жазушылары батысқа қарай басқыншылық жорықтарын не үшін жүргізді? Қай жерлерді басып алды?
8. Қытайдағы еңбекші халықтың жағдайы неге нашарлады?
9. Ван Ман деген кім? Ол қандай өзгерістер жасауға тырысты?
10. «Қызыл қастылар» мен «сары орамалдылар» көтерілісі туралы не білесің?
11. Қытайдағы ең ірі өзенді картадан көрсетіңіз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ежелгі Қытай мәдениеті.
І. Ой қозғау. «Білемін, Білгім келеді, Үйрендім.».
ІІ. Мағынаны тану.
1. Жазуы мен әдебиеті.
2. Кун - Фуцзы (Конфуций) - ежелгі Қытай данышпаны.
3. Сыма Цянь – Қытай тарихының атасы.
4. Ғылыми білімі мен өнер табыстары.
Жаңа сабақты пысықтау үшін «Көкпар» ойыны ойналады.
20/1 – Қытай жазуының ерекшелігі неде? Ол қалай жазылады?
20/2 – Кун Фуцзыдың өмірі туралы не білесіз?
20/3 – Кун Фуцзы мен оның үш шәкірті туралы әңгімеде қандай оқиға баяндалады?
30/1 - Сыма Сянжу деген кім?
30/2 – Сыма Цянь туралы не білесің? Ол қандай еңбек жазды?
30/3 – Бейне сурет.
40/1 – Қытайдағы жұлдызнамашылық пен географиялық білімдер туралы не білесіз?
40/2 – бейне сурет.
40/3 – Қытайлықтардың өнертабыстары туралы не білесің?
50/1 – бейне сурет.
50/2 – Қағаз қалай дайындалады?
50/3 – Путонхуа деген не?
Қосымша мәліметтер. Слайдпен таныстыру.
ҚХР Азия құрлығының шығысы мен Тынық мұхиттың батыс жағалауына орналасқан тарихы ұзақ, халқы көп үлкен ел. Құрлықтағы территориясының көлемі 9 млн 600 мың шаршы шақырым, жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші үлкен елге жатады. Теңіздегі аралдарының саны 7600 ден асады, Тайван аралы Қытайдың ең үлкен аралы, оның көлемі 35798 шаршы шақырым. Қытай құрлықта 14 елмен, теңізде 8 елмен көрші. Қытайдың 23 провинциясы, 5 ұлттық автономиялы өңірі, орталыққа тіке қарасты 4 үлкен қаласы және 2 ерекше әкімшілік ауданы бар. Мемлекетінің бүкіл халқы 56 ұлттан құралған, халқының жалпы саны 1 миллиард 300 миллион, оның ішінде этникалық қытайлардың саны бүкіл халық санының 92 пайызын құрайды. Астанасы - Бейжің. Путонхуа – Қытайдағы халықтардың ортақ тілдік диалектісі.
ІҮ. Бекіту. Ассоциация – Ежелгі Қытайдың мәдениеті туралы қандай мағұлматтар алдыңыздар?
Ү. Тапсырма: Ежелгі Қытай мәдениеті. Қосымша материалдармен жұмыс жасау.
ҮІ. Бағалау: Оқушылар білімін бағалау.
Қытай
- Прекеева
- 3 сәуір 2013
- 9288
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Қытай, тарих
Ұқсас жаңалықтар:
Атлах-талас шайқасы
Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш қағандығы еді....Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Ежелгі Ассирияның табиғаты мен шаруашылығы жайында, Ассирия патшалығының қалыптасуы жайында анықтап біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Б. з. б ХV...Ұлы Жібек жолы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен...Ежелгі Бактрия
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Әбуова Гүлназ...Қытай
ШҚО, Үржар ауданы, Қызылбұлақ орта мектебі Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.