Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын Орда хандығы - қазақтың тарихы

Алтын Орда хандығы - қазақтың тарихы

Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деп жазып кеткеніндей, ұлт ретінде одан әрі дамуымыздың басты кепілі ұлы дала тарихын дәріптеу, ұлт тарихының өзекті мәселелерін кеңінен насихаттау және кез келген тұлға өз ұлтының шежіресін зерделеуі маңызды болып табылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихымыздың қаншалықты тереңде жатқанын айтып, «Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз. Бұл – ғұндардың да, көк түріктердің де, Алтын Орданың да орталығы болған жер» - деп жазған.
ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуын атап өту аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туристік орталық ретінде насихаттай отырып, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтты. Ал, оның алдында 2019 жылы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын туристердің назарын біздің тарихымызға, мәдениетімізге және табиғатымызға аудару тұрғысынан атап өту керектігін сөз еткен болатын.
Алтын Орда – өте үлкен ортағасырлық империя, оның құрамына аса кең аумақ және онда тұратын көптеген халықтар кіретін. Осы аумақта орналасқан барлық елдер Алтын Орда мемлекеттілігінің ықпалына тап болды. Ең алдымен бұл Қазақстан, Ресей және оның халықтары, содан кейін Украина, Закавказье мен Шығыс Еуропа елдері - Венгрия, Болгария және басқалар.
Алтын Орда тарихының өзекті мәселелері және оның басында тұрған тарих тұлғалар туралы тарихшылар әрдайым жазған, зерттеген және зерттеуді жалғастыра береді. Біз үшін Алтын Орданың және Қазақ хандығының тарихы бастапқы болып табылады. Өз ісінің кез келген кәсіпқойы, егер әңгіме Алтын Орда тарихын зерттеуші туралы болса - бұл «дана тауар». Мұндай маманды мектеп қабырғасынан, әсіресе, жоғары оқу орындарында дайындау керек, ол шығыс және еуропа тілдерін білуі керек, күрделі тарихи әдіснаманы меңгеруі керек, бүкіл тарихнаманы өзінің жаны мен тәнімен қабылдап, сіңіріп, барлық дереккөздерді зерттеуі қажет. Алтын Орданың тарихын объективті түрде ғылыммен қызығатын оқырмандардың кең ауқымына жеткізу керек.
Қазақ мемлекеті Алтын Орданың аумағында құрылып, оның негізін қалаушылар да Жошыдан тарады. 600 жылдай Қазақ хандығын Жошы ханның ұрпақтары биледі. Жошы ұлысының құрамында болып, сол аумақта өмір сүрген халықтардың Қазақ хандығының этникалық құрамына еніп, елдіктің тіреуі болған керей, арғын, қыпшақ және т. б. ру - тайпалар қазіргі қазақ арасында әлі күнге бар. Алтын Орданың жартысынан көбі, территория жағынан, Қазақ хандығын құрайды. Қазақ хандығы – Алтын Орданың тікелей мұрагері. Талас құрылтайынан бастау алған Алтын Орданың құрылуы - Қазақ елі үшін маңызы зор.
Алтын Орданың 750 жылдығына арналған әртүрлі іс - шаралар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны, еліміздің білімі мен ғылымының алдыңғы шебінде орналасқан әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де аталып өтіп жатыр. Міне, жақында ғана Тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Алтын Орда тарихына арналған республикалық ғылыми - практикалық конференция өткізілді. Онда Алтын Орданың, осы мемлекетті басқарған әйгілі тұлғалардың Отан тарихындағы алатын орны мен рөлі мәселелері айтылды.
Мәдени және рухани даму, ұлттық сана - сезімді дамыту, шығармашылық қабілетті арттыру, ғылыми іздену жолында тарихымызды насихаттап, өз тарихымызды мақтанышпен дәріптеу біздің борышымыз деп білеміз.

Өзенбек Еркебұлан
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тарих, археология жəне этнология факультетінің
ғылыми тарих мамандығының 3 - курс студенті

Ғылыми жетекші: С. Смағұлов
әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің аға оқытушысы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×