Сайтқа кіру Тіркелу

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні (Тәрбие сағаты)

1 - желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні (Тәрбие сағаты)
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Қазақстандықтар бұл мерекені биыл алғаш рет атап өтеді. Былтыр ел Парламенті Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған болатын.

Мақсаты:
Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып — өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ — жауап
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын деп...», т. б.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып сағатының өту барысы:

ІІ. Сынып сағатын Әнұранмен ашу
«Мәні мен мағынасын түсіндір» сынып сағатының атын шығару

Елін сүйген Елбасы (суреті)

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, — деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі «Елін сүйген Елбасы!» атты сынып сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Н. Ә. Назарбаевқа арналады.
Сынып сағатымызда президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш Президент күні туралы әңгімелейміз.

І. Өмір жолы
Тұрмыс құрғанына 3 жыл өтсе де Назарбаевтар шаңырағында іңгәлаған нәресте үні естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан артық қасірет бар ма? Әбіш пен Әлжан ата — баба аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп, моланы 7 рет айналып шығады. Екеуі де Алладан бір ғана ұл тілейді. Құдай шын тілегенге береді деген рас екен. Сол түні Әлжан ана тамаша түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей жөнеледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін беліне, мойнынан асады.

Бір кезде басы көрінбей кетеді «Тұншықтым - ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады. Аяғы теңіз түбіне бір тиіп, бір тимейді. Өстіп келе жатып, теңіз түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. «Жақсы болды ғой, Әбішке апарып беріп, қуантайын» дейді де, мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылтық иіліп, екі басы да жерге тиеді. Әлжан мылтықты тастамай, аршындай басып теңіздің екінші жағынан бір - ақ шыққан екен. Бұл түсін еті жақын туыстары «алла жар болсын, түсің жақсы екен, Құдай ұл береді сендерге» деп жориды. Қате айтпапты. Құдай жарылқап Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті.
Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында Н. Ә. Назарбаев дүниеге келген.

Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау — бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1991 ж. желтоқсанның 1 - інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық.

Бұл - бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман — тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі.
Сондықтан Біздің Елбасымыз — өзінің білім — білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы.

Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1 - желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні — Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.
Елбасы күні — елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Елбасына арналған өлеңдер:
Тұңғыш Президентімізге арналған өлеңдер

Елбасына арнау

Елбасына арнау өлеңі

Елбасына арнау тақпақ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Біздің сүйікті - Елбасы

Біздің сүйікті - Елбасы

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына...
Елімен бірге Елбасы

Елімен бірге Елбасы

Мақсаты: Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат...
Тәрбие сағаттар жиынтығы

Тәрбие сағаттар жиынтығы

Алматы – менің сүйікті қалам. Ұлы тұлға - Әуезов. Менің құқықтарым. Дені саудың - жаны сау. Бақытым да, байлығым да - денсаулық. Біздің елбасы....
Президент күні

Президент күні

Презентация Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам....
1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

Мақсаты: оқушыларға
тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×