Тәрбие сағаты «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер»
Тәрбиелік шара түрі: пікірталас
Білімдік мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелік: Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілік: Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер ,тірек сызбалары.
«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.»
Мұхаммед пайғамбар
«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы
«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.»
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
«Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»
«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер»
Тәрбиелік шараның жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі .
2. Пікірталас .
3.Қорытынды.
Мұғалім сөзі: Республикада жүргізіліп жатқан саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арсындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз өсуде, қоғам және жеке адамардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық , адам өлтірушілік, және т.б. етек алуда. Қабылданған заңдар мен қаулы, қарарлар көп жағдайда орындалмайды.Бұған себеп , қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық.
Жүргізуші: Енді бүгін де біздің қоғамда өзекті мәселе болып отырған СПИД , нашақорлық, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық , ұрлық, т.б. қылмыстар етек алып отыр. Бұлардың өсуіне құқықтық тірбие мен санаың , жігердің жетпей тұрғаны.Осы үш қылмыс төңірегінде баспасөз материалдарында жарияланған деректер арқылы пікірімізді білдірейік.
Оқушы: СПИД-ке қарсы күрес күні деп 1 желтоқсан белгіленген. Бұл әлемдік проблема қоғам үшін қауіпті , оған қарсы дәрі- дәрмек бүгінде жоқ, дәрменсіз болуда. Бұл дерт тек 1983-1984 жылдары белгілі болып анықталған. Қазақстан бойынша бұл дертке шалдыққандардың саны 5500-ге жетті, 500 адам көз жұмды. Бұған қарсы жақында барлық мектептерде 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында айлық өткізілді. Дәрігерлермен кездесу өткізілді. СПИД дертінің қатерлігі жайында қабырға газеттері шығарылды. Дүние жүзілік денсаулық қорынан бұған қарсы күресу үшін қаржы бөлініп отырады.
Оқушы: Біздің топтың тұжырымдамасы бойынша бұл дерттің етек алуына әлеуметтік жағдайдың және құқықтық сана мен жігердің төмен болуында дейміз. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында болған СПИД кесірінің салдарынан бірнеше нәрестелер көз жұмды, бұл оқиға кейбір мамандардың селқостығынан болып отырғандары белгілі. Адам баласы көбіне өз кінәсінен тап болады.
Оқушы: Біздің топтың шешімі , бұл кесел жайлы мағлұматты жиі беріп отыру керек.
1. СПИД деген не ?
2. Бұл неліктен қорқынышты?
3. Оның қоздырғышы не?
4. Жұғу жолдары қандай?
5. Қандай жағдайда жұқпайды?
6. Қандай белгілері бар?
7. Қорғану жолдары.
8. Сіздің ауру жұқтырған адамға көз қарасыңыз қандай?
9. Телеарналар арқылы бұған қарсы күрес жарнамаларының жиі берілуі керек пе?
Және тағы басқа сұрақтар қою арқылы құлақтандырып халық санасына жететін деңгейде насихатталып отырса дейміз.
Оқушы: Жауаптарыңызға рахмет. СПИД пен нашақорлық ағайынды кесел деп айта аламыз. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізушілер тобына .Біздің еліміздегі халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігінен немесе құқықтық тәрбиенің , мәдениеттәі жоқтығынан белең алып отырған қылмыс деп ойлайсыздар ма, осы кеселді?
Оқушы: Біздің елімізде нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ҚР әділет министрлігі жанынан нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет құрылған.Нашақорлыққа экономиканың , әлеуметтік жағдайдың әсері жоқ деп айта аламын.
Оқушы: Экономикалық даму деңгейі жоғары , халқының әлеуметтік қорғалу жүйесі ғажап, нағыз демократиялық ел деп жүрген Швецияны есірткі емін еркін жайлап алған соң, 1960 жылдан 1991 жылға дейін мұнда қылмыс 3,5 есе өсті. 1990 жылдар ортасында Швеция қылмыс деңгейінен Еуропа елдері ішінен алдыңғы қатарға шықты. Шашақорлық жайында жариялық сипат алған Нидерланды астанасында жүз мың адамға шаққандағы кісі өлтіру қылмысының өршігені соншалық әлем бойынша алдыңғы орынға шықты.
Экономикасы дамыған елдерде соңғы 30 жылда есірткімен жүргізілген күрес нәтижесі мардымсыз болғанын байқаймыз.Наркоқылмыс тежелудің орнына бұрынғыдан бетер өсіп барады. ТМД елдердің өзінде тарала бастады. Қазақстан Европа мен Азия арасындағы байланыс жолы болып кетпесін деген қауіп бар.
Оқушы: КСРО кезіндегі «темәр перде» саясаты қоғамды идеология жағынан ғана емес, есірткі заттардың елге еніп кетуінен де қорғанғаны рас.Ал, қазір мұндай тосқауыл жоқтың қасы. Осындай ахуалда құқық қорғау органдарының жұмысы айтарлықтай күрделене түсетіні белгілі, дегенмен нашақорлық қылмыс көзден таса қалып жатқан жоқ.
Мемлекетімізде нашақорлық , уытқұмарлық, маскүнемдік дерттеріне қарсы бағыттылған саясат жүргізіліп жатыр.
Оқушы: Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясының басты міндеттерінің бірі әлеуметтік иммунитетті қалыптастыру болып табылады. Елімізде белгілі бір дәрежеде иммунитет бар деп айтуға болады. Мысалы, 30- дан жоғары жастағылардың нашақорлықпен айналысатыны да сирек. Ал есесіне мұндай иммунитет балаларда жоқ. Есірткі тұтынушылардың 77 пайызы 15-19 аралығында алған дәмін татқандар екен. Әсіресе, 13-14 жастағылар осынау жаман әдетке үйір болады. Астаналық бір мектепте 10-14 жасқа дейін оқушыларға зерттеу жүргізгенде , олардың көпшілігінің ішімдікке және басқа есірткі заттарға аңсары ауып тұрады екен, оған арақ және темекінің жарнамасы әсерін тигізген.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет! Қоғам өміріндегі қылмысты жазалау жолымен жою мүмкін бе? Қылмыс жасағанды жазалау мемлекеттік саясаттың бір парасы. Айыптың кінәсән жуып қоғамға қайта қосылуы бұл да мемлекет алдындағы өзекті міндет. Кәмелетке толмағанлдарды қоғамнан оқшаулап түзету мекемелерінде ұстаған дұрыс па? Оған қалай қарайсыздар
Оқушы: Кәмелетке толмағандардың психикасы әлі қалыптаспаған. Сондықтан, колония моралінің ықпалына тез түседі. Екінші жағдайда адамдар жазылмаған мінез-құлық нормалары салт-дәстүрі мен моралі бар түзету колонияларының жағдайына бірте-бірте бейімделіп кетеді. Адамның қоғамнан ұзақ уақытқа оқшалануының оның психикалық ахуалымен әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп, түзелмейтін өзгерістермен адамның азып тозуына, ызалануына әкеліп соғады. Егер түрме сотталушыны қоғамда өмір сүріп үйретпесе, ол түрмеде өмір сүруді үйретеді. Бас бостандығынан айыру жазасын қылмыскерді түзетудің тиімді құралы ретінде кеңінен қолданудың қате екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Мысалы, бідің еліміз халықтың саны жағынан талай елден артта тұрмыз, ал бірақ қылмыскерді жазалап түрмеге жабудан үшінші орында екенбіз. Біздің елден озып тұрған ел АҚШ пен Ресей ғана. Бұл елдердің халқы әлде қайда басым.
Оқушы: Біздің байтақ еліміз патшалы Ресейдің отарына ілікпей тұрғанда түрме дегенді бәлмей-ақ өз араларындағы бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты сақтап отырған. Осығын қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық тәрбие мен жігер басым болған деп айта аламыз.
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Сіздер осы бұзақылық ұрлыұ және т.б. қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін қандай ұсыныстар айтасыз. Өз ұсыныстарыңызды жариялап көрермендер алдындағы қалтаға салуларыңызды сұраймын.
1. қоғамдық, құқықтық сананы кішейту қажет.
2. мемлекеттік, ұлттық идиологияны күшейту қажет.
3. барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, орташа табыс табатындай жағдай туғызу керек.
4. әрбір Қазақстандық азаматтың бойында патриотизм мен отанға деген шынайы берілген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек.
5. қылмыс жасаған адамдарға жаза ретінде көп мөлшерде айып төлету қажет.
6. айып салудан түскен қаржыға құқықтық насихат жүргізу керек.
Қорытынды:
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.
Атырау қаласы
№ 20 А.С.Пушкин атындағы орта мектеп
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Каленова А.Х.
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
- Kalenova
- 10 наурыз 2012
- 48009
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Құқықтық тәрбие, құқықтық жігер
Ұқсас жаңалықтар:
Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі
2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласында...Құқық бұзушылық және жасөспірім
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық...Қазақстандық трансформация моделі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 орта мектебінің 11а сыныбының оқушысы Сапар Еркеназ Жоба жетекшісі: Көкенова Е.Т....Нашақорлықа жол жоқ
Тақырыбы: Есірткі адамның қасы, аурудың басы Мақсаты: Білімділік - дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға,...Мен және менің құқығым
Мақсаты: - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.