8 - наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы(сыныптан тыс шара)
- Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін.
Ал, бүгінгі күн қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін көрсету үшін «Ақ ару» атты сайыс өткізгелі тұрмыз.
Әділқазы болды бүгін,
Ұстаздар ғой біздердің.
Әділдікпен бағалады,
Өнер білім сайысын.
(әділқазыларды таныстыру)
Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру.
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Гүлжан да қатарынан қалмаған.
Атыңнан айналайын Нұрсәуле деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Гүлдананың алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
9 - сынып оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Сұлушаш өнерлі қызымыз.
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе
қыздарымыз өздерін таныстыруға өтсін.
Бағдарлама бойынша келесі кезекте «Бәйге» (мақал - мәтелдерді жалғастыру)
1 - ару.
1. Ананың көңілі балада,
............. Баланың көңілі далада.
2. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,
............ Қарызыңнан құтыла алмайсың.
2 - ару.
1. Ана сүтін ақтамағанды,
............ Ешкім мақтамайды.
2. Атасыз үй батасыз,
............. Анасыз үй панасыз.
3 - ару.
1. Ананың құны,
............. Ананың сүті.
2. Анасын сүйгеннің
.............. Баласын сүй.
4 - ару.
1. Ата - ананың қадірін,
................ Балалы болғанда білерсің.
2. Ағайын алтау,
................. Ана біреу.
ІІІ. « Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан
да кемде емес сияқты.
ІҮ. Жаңарған сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салты бабаның
Алып келді осы күн, - дей келе қыздарымыз салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берсін.
6 – сынып.
1. Күйші ана кім? ( Дина Нұрпейісова )
2. Халқымыздың батыр қыздары? ( Әлия, Мәншүк )
3. « Сұлу» деген сөздің синонимі? ( Ару)
7 – сынып.
1. Әйелдің күші аз, несі көп? ( Айласы )
2. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын қандай салт жырларды білесіңдер? ( Той бастар, «Жар - жар», « Беташар»,
«Сыңсу»).
3. Әйел махаббат құдайының құрметіне қай планета аталды?
(Венера планетасы ).
8 - сынып.
1. Әйелі көркі неде? (Ақылда)
2. Адамға не қымбат? (Бала)
3. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)
9 - сынып
1. Әйелдердің қымбат заттармен әшекейленген мойынға тағатын бұйымы? (Алқа)
2. М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Әйгерімнің шын есімін ата? (Шүкімән)
3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады?(7)
Ү. Ұй тапсырмасы. (мерекелік бүктеме жасау және мерекелік тағам дайындау)
ҮІ. «Шешеге қарап, қыз өсер» демекші қазақ қыздары өте өнерлі болған. Жүннен әртүрлі тоқу тоқыған. Біздің қыздарымыз одан да кемде емес, ендеше, қыздарымыз ен көне дәстүріміздің бірі – жүн иіруді көрсетсін.
ҮІІ. Көркемөнер – жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған бал қаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса, - дей келе қыздарымыздың өнерімен танысайық.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
8-наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы
- Merlan
- 23 қаңтар 2012
- 43230
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қыздар сайысы, сыныптан тыс шара, 8 наурызға арналған сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Қыз сыны 2024 байқауы
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін,...«Жігіт сұлтаны» сайысы
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын...Қыз еркем, кестесімен көркем
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің математика пәні мұғалімі Картбаева Нурсая Айбатовна...Кішкентай арулар
Тақырыбы: Кішкентай арулар...Көктем аруы қыздар арасында байқау
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.