Сайтқа кіру Тіркелу

Балғын жол инспекторлары үгіт-насихат бағдарламасы

Балғын жол инспекторлары үгіт - насихат бағдарламасы
Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін жетік біліп, өзінің және өзгенің өмір қауіпсіздігін сақтауға насихаттау.
Көрнекілігі: жол белгілері, бағдаршам, поезд үлгісі, ән әуендер.

Аян: Құрметті жолаушылар, Тассуат ауылынан шыққан “Жол ережесін сақтау” үгіт - насихат поезді Кен орта мектебіне келіп тоқтайды, жолда абай болыңыздар.

Ән (“Птица счастья” әуенімен) – жасақпен
Армысыздар, асыл достарым
Бүгінгі күн, есте сақталсын
Кен мектебіне келіп отырмыз,
Жарқайыңнан жалынды салем!

Әділ:
Армысыздар, бармысыздар, Кен ауылының тұрғындары! Біз жол апатының алдын алу үшін үгіт - насихат жүргізіп жүрген балғын жол инспекторлармыз. Біздің мақсатымыз жол апатының алдын алып, ел болашағының өмірін сақтап, елімізді көркейтуге үлес қосуына бағыт - бағдар беру.
Аян:
Осы мақсатымызды жүзеге асыру үшін сіздерге алдымен үн парақ таратамыз.
Ханшайым:
- жолда абай болу үшін мына басты төрт белгіні есте сақтаңыздар!
Дина:
- Ескерту белгісі (Суретін көрсетеді)
Асылхан:
Қып - қызыл үш бұрыш ескерту белгісі
“Қауіптен сақ бол” деп сәт сапар жолдаған
Аман сау жүреді жаяу да көлік те
Ескерту белгіні сақтаған, қолдаған
Толқын:
- Тыйым салу белгісі (Суретін көрсетеді)
Дастан:
Қызылмен боялған шеңбері аумақты
Тыйымшыл, қатал ол салмақты
Бұл тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла көз салып жан - жақты
Ұлпан:
- Анықтама белгісі (Суретін көрсетеді)
Санжар:
Белгі ол көрсетер жылдамдық бағытты
Міндетті бұрылыс әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрады жолыңда
Абай бол шартымды міндетті орында
Райхан:
- Нұсқау белгісі (Суретін көрсетеді)
Әділ:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрады.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Аян:
Төрт топтан құралған белгілер туыстай
Жол сілтеп тұрады у - шусыз ұрыспай
Кіршіксіз зор міндет атқарып тұр олар
Сақтап жүр есіңде, балалар ұмытпай.
Дастан:
Құрметті жаяу жолаушылар мен жас жүргізушілер мына төрт белгіні естеріңізде сақтасаңыздар, еш қашан да апатқа ұшырамайсыздар!
Аян:
Құрметті көрермендер негізгі төрт белгіні білдіңіздер, енді сіздер мен біздер “Бағдаршам” сұрақ - жауап ойынын ойнайық.
1. Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
2. Бағдаршам неше түрлі болады?
3. Бағдаршам жарықтарының қызметін анықтап бере аласыңдар ма?
- өте тамаша, жол ережесін жақсы біледі екенсіңдер.

Ән: Бағдаршам (“Бозжорға” әуенімен)
Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Оның аты - Бағдаршам.
Жол сілтейді әрқашан
Көшедегі халыққа
Бағдаршам, бағдаршам

Ашса кезек үш көзі
Айтты деп ұқ үш сөзі
Бағдаршам, Бағдаршам
“Тоқта, сақтан, жол ашық”
Жүрме жолға таласып,
Бағдаршам, бағдаршам
Аян:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай сана өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі – Заңды тәртіп,
Ол – ортақ, үлкен - кіші баршаңызға!

Бәрі:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтанғанда қатерден
Сау - саламат жүреміз

Ән: (“Атамекен” әуенімен)

Көшеде біз сақ болайық, жас достар
Қаймықпасын ата - анамыз біз үшін
Жол ережесін сақтап жүріп әрдайым
Жас ұландар атына сай болайық

Жолда жүру әліппесін
Білген жөн ғой бес саусақтай
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді сау сақтап

Бүгінгідей мерекеде достар - ау
Болғанменен көп айтар ән әліде
Ережені кел екеуміз бірігіп
Жаттайықшы қайта - қайта қайталап.

Аян:
Құрметті жолаушылар “Жол ережесін сақтай” үгіт - насихат поезді қозғалғалы тұр жолда абай болыңыздар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×